2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа № 3 қосымшаның 40-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан | |||
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | А. Новиков | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 114 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің күші жойылды деп танылған шешімдерінің ТІЗБЕСІ
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 21 шешімінің 3-тармағы және оған № 4 қосымша.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне бастапқы қалыптардағы акрил полимерлерінің жекелеген түрлеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 17 наурыздағы № 19 шешімінің
2-тармағы және оған № 4 қосымша.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ұзындығының еніне арақатынасы 3-ке тең немесе одан жоғары толық құлаған ұзын дәнді күрішке қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 16 мамырдағы № 39 шешімінің 2-тармағы.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне электр қозғалтқышы бар моторлы көлік құралдарының жекелеген түрлеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 11 шілдедегі № 53 шешіміне № 4 қосымшаның 1-тармағы.
5. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан өзгеше кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын Тауарлар мен ставкалар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы № 152 шешімі.
6. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне бастапқы нысандардағы поливинилхлорид пен акрилдік полимерлердің жекелеген түрлеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 22 тамыздағы № 47 шешіміне № 4-қосымшаның 1-тармағы.
7. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Жаялықшалар өндірісіне арналған суперабсорбенттерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын белгілеу туралы және Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінен ерекшеленетін кедендік әкелу бажының ставкаларын қолданатын Тауарлар мен ставкалар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 14 маусымдағы № 51 шешімінің 3-тармағы.
8. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Органикалық химиялық қосылыстардың кейбір түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 22 қазандағы № 69 шешіміне № 4 қосымшаның 2-тармағы.
9. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Түсқағаздар өндіруге арналған пластифицирленген поливинилхлоридке қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажы ставкаларын белгілеу туралы және Армения Республикасының өтпелі кезең ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің ставкаларынан айрықша кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын Тауарлар мен ставкалардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 97 шешімінің 3-тармағы.
10. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "ДСҰ шеңберіндегі Ресей Федерациясының міндеттемелеріне сәйкес тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 28 мамырдағы № 59 шешіміне 4-қосымшаның 1-тармағы.
11. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Маталардың кейбір түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 87 шешіміне 4-қосымшаның 2-тармағы.
12. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Армения Республикасы өтпелі кезең ішінде бедерлеуге арналған фольгаға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің мөлшерлемелерінен ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар мен мөлшерлемелердің тізбесіне өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 21 ақпандағы № 15 шешімі.