2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске таныстырылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |