1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) мүше мемлекеттермен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен саласында Одаққа мүше мемлекеттерде іске асырылатын және іске асыру жоспарланған ірі инвестициялық және инновациялық жобалар туралы, агроөнеркәсіптік кешенді және импорт алмастыруды ресурстық қамтамасыз ету мақсатында жобаларды іске асыру орынды болатын бағыттар туралы, Одақ нарығында импорттың үлкен үлесі байқалатын ауыл шаруашылығы тауарлары мен ресурстары туралы ақпаратты өзіне кірістіретін Одақтың агроиндустриясын дамыту картасын әзірлеуді қамтамасыз етсін.
2. Одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтері қажет болуына қарай уәкілетті органдардың Еуразиялық экономикалық комиссияға Одақтың агроиндустриясын дамыту картасын өзектілендіру бойынша ұсыныстар беруін қамтамасыз етсін.
3. Осы Өкім Одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан |
Ресей |