2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 16-бабына сәйкес және Қырғыз Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 197 Жарлығының және Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 488 өкімінің негізінде:
1. Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі - Қырғыз Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Артем Эдуардович Новиковтың кандидатурасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске таныстыруға ұсынылсын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |