2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 29 наурыздағы "Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістер енгізу туралы" № 32 шешімін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 9 шілдедегі ""Кеден одағының "Парфюмериялық-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) өзгерістерді күшіне енгізу тәртібі туралы" № 112 шешімінің 1-тармағы мынадай мазмұндағы "б1" тармақшасымен толықтырылсын:
"б1") Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 80 шешімімен бекітілген Өнімді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ресімдеу қағидаларының 251-тармағында көзделген жағдайларда, осы тармақтың "б" тармақшасында көрсетілген құжаттарды ауыстыру кезінде мұндай құжаттар қоса алғанда 2023 жылғы 5 мамырға дейін жарамды болады;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2020 жылғы 6 мамырдан бастап туындатын құқықтық қатынастарда қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |