Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құруды қоса, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара және сыртқы саудасын сақтандырып қолдау шаралары туралы баяндаманы басшылыққа алып әрі осындай қолдаудың бірлескен шараларын қабылдау қажеттігін тани отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия:
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру мәселелерін қарау жөніндегі жұмыс тобын (бұдан әрі – жұмыс тобы) қалыптастырсын;
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысында осы Өкімнің 3-тармағында көрсетілген халықаралық шарт жобасын әзірлеу барысы туралы баяндасын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен және Еуразиялық даму банкінен жұмыс тобының құрамына кіргізу үшін кандидатуралар (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экспорттық-кредиттік агенттіктері мен даму банктерінің өкілдерін қоса) бойынша ұсыныстарды осы Өкім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияның мекенжайына жіберу сұралсын.
3. Жұмыс тобы құрылған күнінен бастап 6 ай ішінде Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру және қызметі туралы оны құруды, мәртебесін, міндеттерін, функцияларын, сондай-ақ қаржылық қамтамасыз ету мәселелерін регламенттейтін халықаралық шарт жобасын әзірлесін.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |