1. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер әзірлеген және келіскен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдарын, ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, зығыр талшығы, былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн бойынша 2021-2022 жылдарға арналған сұранысы мен ұсынысының теңгерімдерін оларды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара сауда көлемін ұлғайту мақсатында пайдалануы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияласын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |