Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 41-бабына сәйкес, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 9 қазандағы № 21 өкімінің 3-тармағын, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 7.6.2 және 7.6.3-тармақтарын іске асыру мақсатында,
бірлескен іс-шараларды іске асырудың, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) тауарларын ақпараттық қолдаудың және үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетудің маңыздылығын назарға ала отырып,
мүше мемлекеттерге осы Ұсыным Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күннен бастап:
1. Жыл сайын, 10 желтоқсанға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға осындай іс-шаралар тізбесін қалыптастыру және оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастыру үшін келесі жылға жоспарланған көрме-жәрмеңкелік, маркетингтік, конгрестік іс-шаралар мен іскерлік миссиялар туралы мәліметтер жіберуді.
2. Мүше мемлекеттердің тауарларын үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету мақсатында олардың экспорттаушыларын қолдау жөніндегі іс-шараларды дайындау кезінде осы Ұсынымның 1-тармағында көрсетілген тізбені назарға алуды.
3. Мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдары мен экспорттаушыларынан осы Ұсынымның 1-тармағында көрсетілген іс-шараларға қатысу туралы өтініштер келіп түскен кезде оларға жан-жақты жәрдем көрсетуді ұсынады.
4. Мыналарды:
мүше мемлекеттердің сауда-өнеркәсіп палаталарының ынтымақтастығын, сондай-ақ мүше мемлекеттердің тауарларын үшінші елдердің нарықтарына ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіру мақсатында олардың Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимылын дамыту;
мүше мемлекеттердің экспорттаушыларына электрондық сауда алаңдарына шығу, оның ішінде халықаралық пошта сервистерін пайдалану мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруды.
5. Еуразиялық экономикалық одақпен сауда келісімдерін жасасқан үшінші елдердің нарықтарында немесе осындай келісімдер бойынша әлеуетті серіктестердің нарықтарында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқан елдердің нарықтарында мүше мемлекеттердің экспорттық әлеуетін ашу жөніндегі іс-шараларға басымдықпен қатысудың орындылығын негізге алуды ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |