2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 12-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 41-тармағының үшінші абзацына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысы регламентінің 55-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұсынымы негізінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Руслан Бақытжанұлы Бекетаевты тағайындау кезінде айқындалған өкілеттігінің қалған мерзіміне Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшесі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев тағайындалсын.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының дербес құрамы және мүшелері арасында міндеттерді бөлу туралы" 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының жеке құрамына Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі (Министрі) Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев енгізілсін, Руслан Бақытжанұлы Бекетаев жеке құрамнан шығарылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |