2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 12-бабы 2-тармағының 20-тармақшасына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 76 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың рәмізі туралы ережеге қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 9 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың рәмізі туралы
ережеге енгізілетін өзгерістер
1. 1-тармақтың үшінші абзацындағы "мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 6-тармақтың екінші абзацы "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің" деген сөздерден кейін ", Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымдық бөлімшелері басшыларының, Одақ Соты Төрағасының, Одақ Соты судьяларының" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 7-тармақтағы ", Одақ Соты судьяларының" деген сөздер алып тасталсын.
4. 10-тармақ мынадай абзацтармен толықтырылсын:
"10. Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттердің тулары мүше мемлекеттер туларының оң жағына (оларға қарап тұрғанда) орыс әліпбиі тәртібімен орналастырылады. Өзге де шақырылған мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың тулары Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттер туларының оң жағына орыс әліпбиі тәртібімен орналастырылады.
Одақ органының отырысын өткізу кезінде аумағында отырыс өткізілетін Одақ жанындағы мүше мемлекеттің не байқаушы мемлекеттің туы Одақ туының оң жағына (оларға қарап тұрғанда) орналастырылады.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысатын делегациялар басшыларын суретке түсіру рәсімін өткізу кезінде туларды орналастыру тәртібін аумағында отырыс өткізілетін мемлекет айқындайды.
Одақ органының отырысы бейне-конференц-байланыс форматында өткізілген жағдайда, осы отырысқа қатысып отырған делегация басшысының оң жағына – Одақтың туы (көрсетілген делегацияның басшысына қарап тұрғанда), ал сол жағына тиісті мүше мемлекеттің (Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттің, өзге де шақырылған мемлекеттің, халықаралық ұйымның) туы орналастырылады.".
5. 11-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:
"11. Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттердің елтаңбалары мүше мемлекеттер елтаңбаларының оң жағына (оларға қарап тұрғанда) орыс әліпбиі тәртібімен орналасады. Өзге де шақырылған мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың елтаңбалары Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттер елтаңбаларының оң жағына орыс әліпбиі тәртібімен орналастырылады.".