Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген, 2021 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия 2023 жылдың I жартыжылдығында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген, Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген,
2022 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы үшін ұсынсын.
2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан |
Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |