Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 11 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды құруға және жүргізуге байланысты жұмыстарды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы туралы ереженің 8-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 қаңтардағы "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды құруға және жүргізуге байланысты жұмыстарды үйлестіру жөніндегі жұмыс тобы туралы" № 11 шешімінің 3-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) жұмыс тобының жетекшісі болып тағайындалсын.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |