Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Алқасы Бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 19 қосымша) (бұдан әрі тиісінше – Хаттама, Шарт) 10-тармағының 4-тармақшасына, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 99 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау тәртібінің (бұдан әрі – Істерді қарау тәртібі) 44 және 45-тармақтарына сәйкес трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың ықтимал белгілерінің болуына байланысты Комиссияның бастамасы бойынша төмендегі құрамдағы тұлғалар тобына қатысты жүргізілген трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша 2020 жылғы 15 желтоқсанда қозғалған трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы іс бойынша (бұдан әрі тиісінше – іс, жауапкерлер) трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы мәселені қарады:
"Alcon Pharmaceuticals Ltd" (Швейцария, СН-1701, Фрибур қ., Люи д'Аффри көшесі, 6-үй, тіркеу нөмірі CHE-113.996.020) компаниясы (бұдан әрі – "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясы) және "Алкон Фармацевтика" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Ленинград пр., 72-үй, 3-корп., НМТН 1027739129857) (бұдан әрі – "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ);
"Оптикс-Юг" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Дондағы Ростов қаласы, Доломановский қысқа көшесі, 12А үй, НМТН 1116195003242) (бұдан әрі – "Оптикс-Юг" ЖШҚ) және "Оптикс-Альянс" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Дондағы Ростов қаласы, Доломановский қысқа көшесі, 12А үй, НМТН 1136195011270) (бұдан әрі – "Оптикс-Альянс" ЖШҚ);
"Регал" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Нижегород облысы, Нижний Новгород қаласы, Родионов көшесі, 198Б үй, НМТН 1115260020952) (бұдан әрі – "Регал" ЖШҚ) және "ИОЛ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Нижегород облысы, Нижний Новгород қаласы, Родионов көшесі, 198Б үй, НМТН 1155260003909) (бұдан әрі – "ИОЛ" ЖШҚ);
"Офтамедика" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Ленинград обл., Всеволожский ауданы, Всеволожск қаласы, Всеволожский даңғылы 17-үй, 220-бөлме НМТН 1114703005416) (бұдан әрі – "Офтамедика" ЖШҚ) және "ГЕНИКО" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Ленинград обл., Всеволожский ауданы, Всеволожск қаласы, Всеволожский даңғылы 17-үй, 220-бөлме НМТН 1104703000511) (бұдан әрі – "ГЕНИКО" ЖШҚ);
"ОМГ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Бережковская жағалауы, 16А үй, 3-құр, 1-қабат, 3-үй-жай, 12-бөлме, НМТН 1047796915726) (бұдан әрі – "ОМГ" ЖШҚ), "Витал Эстетик Рус" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Бережковская наб., 16А үй, 3-құр, 1-қабат, 4-үй-жай НМТН 1107746645390) (бұдан әрі – "Витал Эстетик Рус" ЖШҚ) және "Біріккен Медициналық Топ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Бережковская наб., 16А үй, 3-құр, 1-қабат, 3-үй-жай, НМТН 1047796306975) (бұдан әрі – "Біріккен Медициналық Топ" ЖШҚ);
"Линкс" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы, Қазан қаласы, Айвазовский көшесі, 3А үй, 2-үй-жай, НМТН 1121690073570) (бұдан әрі – "Линкс" ЖШҚ);
"ИнтелМед" акционерлік қоғамы (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы, Новгородская көшесі, 23-үй, А литері, 320-офис, НМТН 1027806869298) (бұдан әрі – "ИнтелМед" АҚ);
"Ортус-Медициналық Жүйелер" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Екатеринбург қаласы, Большаков көшесі, 70-үй, 403-офис, НМТН 1036603512901) (бұдан әрі – "Ортус-Медициналық Жүйелер" ЖШҚ);
"АМ-Медикал" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы, Комсомол көшесі, 41-үй, А литері, 6-Н үй-жайы, 311-офис, НМТН 1117847190120) (бұдан әрі – "АМ-Медикал" ЖШҚ);
"Куфран-РМ" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Новосібір обл., Новосібір қаласы, Николаев көшесі, 11/5 үй, 5-қабат, 15-офис, НМТН 1065473072796) (бұдан әрі – "Куфран-РМ" ЖШҚ);
"ПрофиМед" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы, Багратион даңғылы, 12А үй, 1-қабат, 07-үй-жай, НМТН 5177746382325) (бұдан әрі – "ПрофиМед" ЖШҚ);
"Астана Медикал Продукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 5/1-үй, ВП 107, БСН 110740017775) (бұдан әрі – "Астана Медикал Продукт" ЖШС);
"MD Tech" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Ж.Омаров көшесі, 10-үй, ВП-4, БСН 110640022272) (бұдан әрі – "MD Tech" ЖШС);
"ZALMA Ltd. (Цалма Ltd.)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 305А үй, БСН 040240000429) (бұдан әрі – "ZALMA Ltd" ЖШС);
"ЮниХелп" жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы, Жібек жолы даңғылы, 94-үй, ИНН 02409199710197) (бұдан әрі – "ЮниХелп" ЖШҚ);
"АСВ Трейд Сервис" бірлескен жауапкершілігі шектеулі қоғамы (Беларусь Республикасы, Минск қаласы, Железнодорожная көшесі, 33а үй, 1-корп., 5-үй-жай, тіркеу нөмірі 690658079) (бұдан әрі – "АСВ Трейд Сервис" БЖШҚ);
"Дина Интернешнл" белорусь-герман-үнді бірлескен кәсіпорны (Беларусь Республикасы, Минск қаласы, Немига көшесі, 40-үй, 25-үй-жай, 1-бөлме, тіркеу нөмірі 100953193) (бұдан әрі – "Дина Интернешнл");
"Алкон Фармацевтика" ЖШҚ бас директоры Михно Е.В. (ИНН 771990944305);
"Алкон Фармацевтика" ЖШҚ 2020 жылғы 14 қаңтарға дейінгі кезеңдегі бас директоры Гатинская Т.В.;
"Оптикс-Юг" ЖШҚ және "Оптикс-Альянс" ЖШҚ бас директоры Дольников В.А. (ИНН 616500945420);
"Линкс" ЖШҚ бас директоры Хабибуллина Г.Ф. (ИНН 166002519989);
"Регал" ЖШҚ және "ИОЛ" ЖШҚ бас директоры Сабо Й. (ИНН 525601580030);
"ИнтелМед" АҚ бас директоры Лебедев Г.В. (ИНН 780434235608);
"Ортус-Медициналық Жүйелер" ЖШҚ директоры Макаров Я.Ю. (ИНН 667111745327);
"Офтамедика" ЖШҚ және "ГЕНИКО" ЖШҚ бас директоры Зеленская Н.А. (ИНН 781305652651);
"ОМГ" ЖШҚ бас директоры Чемоданов Ю.В. (ИНН 771206210462);
"Витал Эстетик Рус" ЖШҚ бас директорыВащинкина Л.В. (ИНН 772021762511);
"Біріккен Медициналық Топ" ЖШҚ бас директоры Волкорезов Д.В. (ИНН 773002384506);
"АМ-Медикал" ЖШҚ бас директоры Нурищенко В.К. (ИНН 781309979633);
"Куфран-РМ" ЖШҚ директоры Французов А.А. (ИНН 540806745551);
"ПрофиМед" ЖШҚ директоры Волтов А.В. (ИНН 771572835161);
"Астана Медикал Продукт" ЖШС бас директоры Суворов С.В.;
"MD Tech" ЖШС бас директоры Лавриненко И.В.;
"ZALMA Ltd" ЖШС бас директоры Шамриков Г.Г. (ИНН 720126301569);
"ЮниХелп" ЖШҚ бас директоры Герасименко К.К.;
"АСВ Трейд Сервис" БЖШҚ директоры Акулич О.А.;
"Дина Интернешнл" директоры Сингх В.К.
Істерді қарау тәртібінің 23-тармағына сәйкес 2021 жылғы 11 маусымда Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің (бұдан әрі – Департамент) директоры А.Г. Сушкевич:
істі қарау жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Департамент директорының орынбасары А.А.Қалиевтің;
істі қарау жөніндегі комиссия мүшелерінің;
Департамент директорының орынбасары Б.А.Исаевтың;
Департаменттің бәсекелестікке қарсы келісімдерді тергеп-тексеру және әдіснама бөлімінің бастығы Ш.Батырбектің;
Департаменттің өтініштерді (материалдарды) және бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау бөлімінің кеңесшісі Е.П. Кривцунның;
бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу (бейне-конференц-байланыс арқылы) құзыретіне кіретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) уәкілетті органдары өкілдерінің:
Федералдық монополияға қарсы қызметтің Картельдерге қарсы күрес басқармасы ерекше маңызды тергеп-тексерулер бөлімінің бастығы П.Б. Мелкоедованың;
Федералдық монополияға қарсы қызметтің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасы ТМД елдерімен экономикалық интеграция бөлімінің бас маман-сарапшысы В.В.Лазареваның;
жауапкерлер өкілдерінің:
"Alcon Pharmaceuticals Ltd" және "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компанияларының сенімхат бойынша өкілі А.А. Брюзгинаның;
"Alcon Pharmaceuticals Ltd" және "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компанияларының сенімхат бойынша өкілі А.А.Трусованың;
"Alcon Pharmaceuticals Ltd" және "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компанияларының сенімхат бойынша өкілі Н.В. Гореславскаяның;
"Alcon Pharmaceuticals Ltd" және "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компанияларының сенімхат бойынша өкілі И.А.Рытенконың;
"Alcon Pharmaceuticals Ltd" және "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компанияларының сенімхат бойынша өкілі М.А. Сабельникованың;
"Оптикс-Юг" ЖШҚ және "Оптикс-Альянс" ЖШҚ сенімхат бойынша өкілі М.В. Сурнинаның;
"Регал" ЖШҚ және "ИОЛ" ЖШҚ сенімхат бойынша өкілі Е.С.Сергееваның;
"Линкс" ЖШҚ бас директоры Г.Ф. Хабибуллинаның;
"Линкс" ЖШҚ сенімхат бойынша өкілі С.А. Красильниковтың;
"ИнтелМед" АҚ сенімхат бойынша өкілі А.Н.Бабаянның;
бейне-конференц-байланыс арқылы:
"Астана Медикал Продукт" ЖШС директоры С.В.Суворовтың;
"ZALMA Ltd" ЖШС сенімхат бойынша өкілі А.Мұратовтың;
"ZALMA Ltd" ЖШС сенімхат бойынша өкілі Р.Ф. Мубаракшиннің;
"ZALMA Ltd" ЖШС сенімхат бойынша өкілі Б.Ж.Смағұловтың;
"АСВ Трейд Сервис" БЖШҚ директоры О.А.Акуличтің;
"Дина Интернешнл" сенімхат бойынша өкілі Е.А. Локшинаның қатысуымен істі қараудың аяқталғаны туралы жариялады.
Іске жүргізілген тергеп-тексеру және оны қарау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 98 шешімімен бекітілген Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің (бұдан әрі – Тергеп-тексеру жүргізу тәртібі) 3-тармағының 2-тармақшасына, Хаттамаға және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 14 мамырдағы № 112 шешімінің 1-тармағына сәйкес Комиссия анықтаған офтальмохирургиялық жабдықты және "Alcon" компаниялар тобы өндірген оның шығыс материалдарын көтерме саудада сатуда трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзудың ықтимал белгілерінің болуы фактісі бойынша шығарылған тергеп-тексеру (бұдан әрі – тергеп-тексеру) жүргізу туралы 2020 жылғы 20 мамырдағы №30 ұйғ. ұйғарымы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуына тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болды.
Трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты Комиссия Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 6-тармағына сәйкес тергеп-тексеру жүргізу мерзімін ұзарту туралы 2020 жылғы 31 тамыздағы №62 ұйғ. ұйғарыммен тергеп-тексеру жүргізу мерзімін 60 жұмыс күніне ұзартты.
Хаттаманың 10-тармағының 2 және 3-тармақшаларына, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібінің 11-тармағының 1-тармақшасына, 13 және 16-тармақтарына, Істерді қарау тәртібінің 2-тармағына сәйкес тергеп-тексеру барысында трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерінің анықталуына байланысты трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу туралы іс қозғалды және оны қарау туралы комиссия құрылды, ол туралы 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №95/ұйғ. тиісті ұйғарым шығарылды.
Хаттамаға, Тергеп-тексеру жүргізу тәртібіне және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы №7 шешімімен бекітілген Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес Комиссия офтальмохирургиялық жабдықты және "Alcon" компаниялар тобы өндірген оның шығыс материалдарын көтерме саудада сатуда трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйіне бағалау жүргізді.
Хаттаманың 11-тармағына және Әдістеменің 61 – 63-тармақтарына сәйкес бәсекелестіктің жай-күйін бағалаудың әрбір кезеңінде жасалған негізгі қорытындылар құпия ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар бұзылмайтын бөлікте баяндалған.
Әдістеменің ІІ бөлімінің ережелері басшылыққа алына отырып, нарықты зерттеу интервалы 2018 жылғы 1 қаңтар – 2020 жылғы І жартыжылдық аралығы болып белгіленді.
"Alcon Pharmaceuticals Ltd" мен "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компанияларының мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен (нарық субъектілерімен) жасасқан дистрибьюторлық келісімдерінің (дистрибуция туралы келісімдерінің) мазмұнынан "Alcon" компаниялар тобы өндірген көз ауруларын емдеуге арналған медициналық бұйымдарды, олардың керек-жарақтары мен шығыс материалдарын қамтитын офтальмохирургиялық жабдықты сату келісімдердің мәні болып табылатыны келіп шығады.
Офтальмологиялық (офтальмохирургиялық) жабдықты сату жөніндегі қызмет мүше мемлекеттерде мынадай түрде сыныпталады:
Беларусь Республикасында Беларусь Республикасының Жалпымемлекеттік сыныптауышына сәйкес "Экономикалық қызмет түрлері" 005-2011 ОКРБ – коды 6460 (фармацевтикалық, ветеринариялық, медициналық және ортопедиялық тауарлардың көтерме саудасы);
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес ҚР НК 03-2019 – коды 46.46.3 (медициналық техника мен ортопедиялық бұйымдардың көтерме саудасы);
Қырғыз Республикасында Қырғыз Республикасының Экономикалық қызмет түрлерінің мемлекеттік сыныптауышына сәйкес ГК 014-2011 – коды 46.46.0 (фармацевтикалық тауарлардың көтерме саудасы);
Ресей Федерациясында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы ресейлік сыныптауышына сәйкес ОК 029-2014 – коды 46.46.1 (фармацевтикалық өнімнің көтерме саудасы).
Мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарынан, ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарынан алынған мәліметтерге сәйкес хирургия, катаракты, глаукома және витреоретинальдық хирургия саласындағы офтальмохирургиялық жабдық көздің және оның қосымша аппараты мен орбитасы аурулары кезінде ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсету тәртібіне сәйкес офтальмологиялық бөлімшелер мен орталықтарды стандартты жарақтандыру үшін пайдаланылады.
Осы жабдық болмаған жағдайда катарактаны, глаукоманы және витреоретинальдық паталогияны осы заманғы деңгейде хирургиялық емдеу мүмкін болмайды.
Офтальмохирургия (катарактының факоэмульсификациясы, факоэмульсификациясы мен витрэктомиясы, лазерлік және криохирургия) түрлерінің әрқайсысы үшін белгілі бір емделушіге қатысты әрбір нақты жағдайда тиісті функционалдық сипаттамалары бар бір немесе бірнеше түрдегі жабдық қолданылады. Әдетте, көрсетілген операцияларға қолданылатын жабдықты тиісті ауруларды емдеу стандарттары мен хаттамаларының негізінде емдеуші дәрігер айқындайды.
Бекітілген жарақтандыру стандарттарына сәйкес көрсетілген хирургиялық жүйелер офтальмохирургиялық араласудың негізгі түрлерін орындауға арналған керек-жарақтармен және аксессуарлармен жиынтықта қызметтің осы түріне лицензиясы бар медициналық ұйымның балансында тұруға тиіс.
Офтальмохирургиялық жабдық көз ауруларын, атап айтқанда, катарактылардың барлық түрлерін, глаукоманың, витреоретинальдық паталогияның (көз торы қабаттарын, қант диабетінің асқынуларын, көру органының жарақаттарын, көз қуысындағы алдыңғы және артқы локализацияның бөгде заттарын аластаудың, туа біткен паталогияның және т.б.) барлық түрлерін хирургиялық емдеу үшін пайдаланылады.
"Alcon" компаниялар тобы өндірген офтальмохирургиялық жабдық "Alcon Pharmaceuticals Ltd" және (немесе) "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компаниялары мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен (нарық субъектілерімен) осы жабдықты кейіннен сату мақсатында жасасқан дистрибьюторлық келісімдерінің (дистрибуция туралы келісімдерінің) шеңберінде сатып алынды.
Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында, Қырғыз Республикасында және Ресей Федерациясында офтальмохирургиялық жабдықтың негізгі саны осы мемлекеттердің мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға мемлекеттік келісімшарттар бойынша да, сондай-ақ жеткізу (сатып алу-сату) шарттарының негізінде мемлекеттік келісімшарттарсыз да сатылады.
Офтальмология саласындағы қызметті жүзеге асыруға медициналық лицензиясы бар (оның ішінде жоғары технологиялы медициналық көмек көрсетуге құқығы бар) медициналық ұйымдар офтальмохирургиялық жабдықты түпкі сатып алушылар болып табылады. Олар аталған жабдықты офтальмохирургиялық араласу арқылы көздің, оның қосымша аппаратының және орбитасының аурулары жағдайында ересектер мен балаларға мынадай бағыттар: катаракталық хирургия (көз жанары паталогиясы), витреоретинальдық хирургия (көздің артқы кесіндісі паталогиясы), глаукома хирургиясы және т.б. бойынша медициналық көмек көрсету үшін сатып алады.
Витреоретинальдық хирургия (көз торына және шыны тәріздес денеге операциялар) және катаракталық хирургия (хрусталикке операциялар) – жоғары мамандандырылған хирургия, сондықтан жабдықтар мен аспаптар өздерінің мақсатына қатаң сәйкес болуға тиіс.
Осы операциялардың барысында күрделі жоғары технологиялы жабдық (қиыстырылған хирургиялық жүйе) пайдаланылады, оған оны өндіру кезінде де, сонымен бірге кейіннен қызмет көрсету кезінде де сапасы мен кепілдіктері бойынша жоғары талаптар қойылады.
Қиыстырылған хирургиялық жүйелер көздің артқы және алдыңғы кесінділеріне араласудың барлық түрлерін орындауға, витреоретинальдық хирургияны да, сондай-ақ катаракта аластатылатын факоэмульсификацияны да жүргізуге мүмкіндік береді, әртүрлі витреоретинальдық хирургиялық араласуды орындау және катарактыға ультрадыбысты факоэмульсификация жүргізу үшін жарамды болады.
Катаракталық хирургия (катарактаның факоэмульсификациясы) хрусталик заттарын ультрадыбыспен фрагменттеуге және оны көз шеңбері қуысынан ирригациялық-аспирациялық әдіспен эвакуациялауға негізделген және қазіргі кезде басым хирургиялық рәсім болып табылады, оны жасау үшін қандай да бір сапалық және техникалық артықшылықтарды иеленетін жабдықтың жеткілікті саны бар.
Факоэмульсификациялық жүйелер ультрадыбыстық энергияның көмегімен аса кіші бөліністері бар катарактыларға операция жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйелер ең тығыз катарактыны тиімді түрде алып тастауға арналған, олар асқыну қаупін азайтады, операция жүргізу уақытын жеделдетеді және пациент үшін барынша қауіпсіз операциялар жасауға мүмкіндік береді.
Факоэмульсификациялық (витрэктомиялық) жүйелер (қиыстырылған) жоғары хирургиялық нәтижелерімен, көруді операциялық қалпына келтірудің жеделдігімен және операциядан кейінгі асқыну қауіптерінің азаюымен (39 пайызға), операциялар жасау өнімділігімен (рәсімге жедел дайындау, пайдалану қауіпсіздігі мен қарапайымдылығы, операция барысын бақылау және т.б. есебінен), жарықтандыру жүйесінің арқасында операция кезінде көздің артқы кесіндісінің жақсы көрінуімен ерекшеленеді.
Офтальмохирургиялық жабдық инвалидизацияны тудыратын негізгі ауруларды – катарактыыларды, глаукома мен витреоретинальдық патологияны емдеуге арналған хирургия кезінде көру өткірлігін арттыру және сақтау үшін пайдаланылады.
Факоэмульсификациялық жүйелер мен факоэмульсификациялық (витрэктомиялық) жүйелер (қиыстырылған) техникалық күрделі құрылғылар болып табылады, олар жеке-дара өзара әрекеттесетін және бір-бірін өзара толықтыратын аппараттық және бағдарламалық бөліктерді қамтиды.
Бағаларды талдау Беларусь Республикасында, Қазақстан Республикасында және Ресей Федерациясында "Centurion Vision System" офтальмологиялық хирургиялық жүйесін сатудың орташа құнында 40 пайызға дейінгі шекте айырмашылықтардың бар екенін көрсетеді. Осы Шешімде осы мәліметтердің таралуы шектеулі ақпаратқа жатқызылатыны туралы куәландыратын грифтің болуына байланысты нақты құн келтірілмейді.
Көрсетілген айырмашылықтар мүше мемлекеттердегі айналымның реттегіш және өзге де ерекшелігімен, сондай-ақ тиісті мемлекеттердегі бәсекелестік деңгейімен және мүше мемлекеттердің жеткізушілері арасында бәсекелестіктің болмауымен түсіндірілуі мүмкін.
Мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық бұйымдар, егер олар функциялық арналуы, сапалық және техникалық сипаттамалары бойынша салыстырмалы болса және бір-бірін алмастыруға қабілетті болса, өзара алмастырылатын ретінде танылуы мүмкін.
Медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеуді мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау саласында өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Медициналық бұйымның мемлекеттік тіркелуі фактісін растайтын құжат медициналық бұйымның тіркеу куәлігі болып табылады.
Көрсетілген органдардан, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарынан алынған сараптамалық қорытындылар бірқатар функциялық сипаттамалардың (витрэктомия, жарық зондтарын қосу, тұтқыр сұйықтарды енгізу жүйесінің жұмысы және т.б.) болмауына байланысты өзінің техникалық және өзге де сипаттамалары бойынша бір түрдегі офтальмохирургиялық жабдықтың басқа түрдегі офтальмохирургиялық жабдықпен (қиыстырылған жүйемен) өзара алмастырылмайтыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бір жабдықты басқамен алмастырудың мүмкін болмауы сондай-ақ емдеу әдіснамасымен, қолда бар хаттамалармен, дәрігерлердің ұсынымдарымен және біліктілік деңгейімен, олардың нақты жабдықпен жұмыс істеуге даярлығымен де айқындалады.
Осылайша, функциялық арналуының (оның ішінде тұтыну қасиеттерінің), сатып алу (қайта сату) мақсатының, сапалық және техникалық сипаттамаларының (пайдалану көрсеткіштерінің, тасымалдау мен сақтау бойынша шектеулердің, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету (кепілдік қызмет көрсетуді қоса алғанда) шарттарының, өндірістік тұтыну ерекшеліктерінің және т.б.), факоэмульсификация және факоэмульсификация (витрэктомия) жүйелері бағасы мен сату шарттарының негізінде факоэмульсификация және факоэмульсификация (витрэктомия) жүйелері көтерме саудада сату және оларға қызмет көрсету нарығы (бұдан әрі – тауар нарығы) тауар нарығының өнімдік шекаралары болып айқындалды.
Жасалған шарттарды (келісімдерді) және өзара және сыртқы сауда туралы деректерді негізге алғанда мүше мемлекеттердің аумақтарындағы тауар нарығындағы қызмет мыналарды жүзеге асырады:
Беларусь Республикасында "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясымен жасалған дистрибуция туралы келісімдердің негізінде – "АСВ Трейд Сервис" БЖШҚ және "Дина Интернешнл";
Қазақстан Республикасында "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясымен жасалған дистрибуция туралы келісімдердің негізінде – "Астана Медикал Продукт" ЖШС, "ZALMA Ltd" ЖШС және "MD Tech" ЖШС;
Қырғыз Республикасында "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясымен жасалған дистрибуция туралы келісімдердің негізінде – "ЮниХелп" ЖШҚ;
Ресей Федерациясында "Alcon Pharmaceuticals Ltd" және "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ компаниялары құрамында "Alcon" компаниялары тобымен жасалған дистрибуция туралы келісімдердің негізінде – "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ, "ПрофиМед" ЖШҚ, "Оптикс-Альянс" ЖШҚ, "ИОЛ" ЖШҚ, "Регал" ЖШҚ, "ИнтелМед" АҚ, "Ортус-Медициналық Жүйелер" ЖШҚ, "Офтамедика" ЖШҚ, "ОМГ" ЖШҚ, "Витал Эстетик Рус" ЖШҚ, "Біріккен Медициналық Топ" ЖШҚ, "АМ-Медикал" ЖШҚ және "Куфран-РМ" ЖШҚ.
"Alcon" компаниялары тобы өндірісінің факоэмульсификация және факоэмульсификация (витрэктомия) жүйелерін (бұдан әрі – тауар) жеткізу құрылымы "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясының Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында тіркелген дистрибьюторларға жеткізілімдерін көздейді.
Ресей Федерациясында "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясы "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ құрылтайшысы болып табылады. Хаттаманың 2-тармағы 5-тармақшасының екінші абзацына сәйкес көрсетілген компаниялар бір тұлғалар тобы ретінде танылады (бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғада осы шаруашылық жүргізуші қоғамның жарғылық (қоймалық) капиталындағы дауыс беретін акцияларына (үлестеріне) келетін дауыстардың жалпы санының 50 пайызынан астамына өз қатысуының болуына байланысты).
Хаттаманың 2-тармағы 5-тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес тұлғалардың бір тобы бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) ретінде қаралады және оған Хаттамада көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттың және Хаттаманың XVIII бөлімінің шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қатысты ережелері қолданылады.
Белгіленген ерекшеліктердің болмауына байланысты "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясы және "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ бір тұлғалар тобы болып табылады және соның салдарынан бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) (бұдан әрі – "Alcon" нарығының субъектісі) ретінде қарастырылады.
Ресей Федерациясының аумағына тауарды жеткізу одан әрі тауар өткізу желісінің функциясын орындайтын "Alcon" нарық субъектісінің ішінде тауарды бастапқы сату арқылы не болмаса тауарды басқа контрагенттерге бастапқы сату жолымен тікелей "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясы арқылы жүзеге асырылады.
Кейіннен, әдетте, "Алкон Фармацевтика" ЖШС және "Alcon Pharmaceuticals Ltd" компаниясының басқа да контрагенттері тауарды Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарындағы мемлекеттік (бюджеттік) және коммерциялық ұйымдарға, оның ішінде ұсақ көтерме сатып алушыларға өткізеді. Тауарды түпкілікті тұтынушылар бейінді медициналық қызметтер көрсететін медициналық мекемелер мен ұйымдар болып табылады.
Әдістеменің 26-тармағына сәйкес тауар нарығының географиялық шекараларын айқындау кезінде оның Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген нарықты трансшекаралық нарыққа жатқызу критерийлеріне сәйкестігін анықтау мақсатында тауар нарығының трансшекаралығының мынадай белгілері анықталады: тауарды бір мүше мемлекеттің аумағынан басқа мүше мемлекеттің аумағына және (немесе) басқа мүше мемлекеттің аумағына жеткізу, тауарды үшінші елдердің аумағынан 2 немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумағына жеткізу.
Әдістеменің IV бөлімінің ережелеріне сәйкес және тауар Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумақтарында айналыста болатынын ескере отырып, трансшекаралық тауар нарығының географиялық шекаралары көрсетілген мүше мемлекеттердің аумақтарын, яғни 2-ден астам мүше мемлекеттің аумақтарын қамтитыны анықталды.
Әдістеменің 26-тармағына сәйкес және Шарттың 74-бабының 1 және 2-тармақтары, 76-бабының 7-тармағы, Хаттаманың 9-тармағы және Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлерінің 1 және 2-тармақтары негізінде тауар нарығының географиялық шекаралары үшінші елдің аумағынан 2 немесе одан да көп мүше мемлекеттердің аумағына тауар жеткізілімдерінің болуына байланысты осындай нарықты трансшекаралық деп тану бөлігінде көрсетілген критерийлерге сәйкес келетіні анықталды.
Әдістеменің V және VI бөлімдерінің талаптарын ескере отырып, тауар нарығында жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) (жауапкерлер) белгіленді, тауар нарығының көлеміне және осындай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) үлестеріне есеп жүргізілді. Бұл мәліметтер осы Шешімде олардың құпия ақпаратқа жататындығына байланысты келтірілмеді.
Шарттардың (келісімдердің) ережелерін талдау Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының аумақтарында тіркелген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) тіркелген мүше мемлекет аумағының шегінен тыс жерлерде тауарды кейіннен өткізуді жүзеге асырмау, оның ішінде маркетингтен (тауарды ілгерілетуді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен филиалдар құрудан немесе осындай мемлекеттің аумағынан тыс қоймаларды орналастырудан бас тарту міндеті жүктелетінін көрсетті. Шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) осы талапты сақтамаған жағдайда "Alcon" нарығының субъектісі оның ішінде тауарды жеткізуді тоқтату және шарттық қатынастарды үзу құқығын өзіне қалдырады.
Хаттаманың 2-тармағының 15-тармақшасына сәйкес бәсекелестікті шектеу белгілеріне, оның ішінде бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы дербес әрекеттерден бас тартуы, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісіммен тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы шарттарын айқындау немесе олардың өзге тұлғаның нұсқауларын орындауы үшін міндетті не бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы өз әрекеттерін келісуі нәтижесінде, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) үшін біржақты тәртіппен тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайларына ықпал етуге мүмкіндік туғызатын өзге де мән-жайлар жатады.
Баяндалғанды ескере отырып, "Alcon" нарық субъектісінің контрагенттерімен жасалған шарттарда (келісімдерде) тауарды өткізу жүзеге асырылуы мүмкін аумақты көрсетуі трансшекаралық нарықтар шеңберінде бәсекелестіктің шектелуіне және мүше мемлекеттердің бірінің аумағында бір мүше мемлекеттің дистрибьюторының басқа мүше мемлекеттің дистрибьюторымен бәсекелестігінің мүмкін болмауына әкеп соғады немесе әкеп соғуы мүмкін.
Осылайша, тауарды сату жүзеге асырылатын аумақ және өзге де аумақтық шектеулер туралы шарттардың (келісімдердің) ережелері және "Alcon" нарық субъектісінің оларды шарттарда (келісімдерде) бекіту жөніндегі іс-әрекеттері (әрекетсіздігі), егер үйлестіру тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемі, өткізілетін тауарлар ассортименті не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін жағдайда коммерциялық ұйымның шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) экономикалық қызметін үйлестіруді (бұдан әрі – үйлестіру) жүзеге асыруға тыйым салуды бұзу бөлігінде Шарттың 76-бабы 6-тармағын бұзудың ықтимал белгілерін қамтиды.
Тергеп-тексеру материалдарын, сондай-ақ істі қарау шеңберінде ұсынылған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша, оның ішінде дәлелдемелерді зерттеу және істі қарауға қатысатын адамдарды тыңдау, іске қатысатын басқа да адамдар ұсынған дәлелдемелерге қатысты істі қарауға қатысатын адамдардың дәлелдері мен түсініктемелерін тыңдау, істі қарау жөніндегі комиссияның өткен отырыстары шеңберінде қаралатын істің мән-жайлары туралы мәліметтері бар адамдарды тыңдау нәтижелері бойынша мыналар анықталды.
Шарттың 74-бабының 1-тармағына сәйкес бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидалары мүше мемлекеттердің аумақтарындағы бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді және 2 және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтарындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін іс-әрекеттерді анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Хаттаманың 2-тармағының 8-тармақшасына сәйкес бәсекелестік деп шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) жарыспалылығы түсініледі, бұл ретте олардың әрқайсысының дербес іс-қимылдарымен олардың әрқайсысының тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайларына біржақты тәртіппен ықпал ету мүмкіндігі алып тасталады немесе шектеледі.
Шарттың 76-бабының 6-тармағымен жеке тұлғалардың, коммерциялық ұйымдардың және коммерциялық емес ұйымдардың үйлестіруді жүзеге асыруына, егер мұндай үйлестіру осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген, Хаттамада белгіленген жол беру критерийлеріне сәйкес жол берілген деп танылуы мүмкін емес салдарлардың кез келгеніне әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, тыйым салынады.
Шарттың 76-бабының 3-тармағына сәйкес мүше мемлекеттердің бір тауар нарығында жұмыс істейтін, бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілері (нарық субъектілері) арасындағы:
бағаларды (тарифтерді), жеңілдіктерді, үстемеақыларды (қосымша ақыларды) үстеме бағаларды белгілеуге немесе ұстап тұруға;
сауда-саттықтарда бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға;
тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемі, өткізілетін тауарлар ассортименті не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге;
тауарлар өндірісін қысқартуға немесе тоқтатуға;
белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушілермен) шарттар жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін келісімдерге тыйым салынады.
Шарттың 76-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасында, Хаттамада белгіленген жол беру критерийлеріне сәйкес жол беріледі деп танылатын "сатылы" келісімдерді қоспағанда, егер:
сатушы сатып алушы үшін тауарды қайта сатудың мейлінше жоғары бағасын белгілейтін жағдайды қоспағанда, мұндай келісімдер тауарды қайта сату бағасын белгілеуге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса;
мұндай келісімдерде сатып алушының сатушыға бәсекелес болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауарын сатпау міндеттемесі көзделсе, "сатылы" келісімдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауарларды тауар белгісімен не сатушыны немесе өндірушіні дараландырудың өзге құралымен сатуды ұйымдастыруы туралы келісімдерге қолданылмайды.
Шарттың 76-бабының 5-тармағымен егер мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге әкеп соғады немесе әкеп соғуы мүмкін деп белгіленсе, Хаттамада белгіленген жол беру критерийлеріне сәйкес жол беріледі деп танылатын "сатылы" келісімдерді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы өзге келісімдерге тыйым салынады.
Хаттаманың 2-тармағының 10-тармақшасына сәйкес үйлестіру деп шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) іс-әрекеттерін осындай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) бір тобына кірмейтін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) іс-әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғаның келісуі түсініледі.
Көрсетілген нормаларды өзара байланыстырып оқу Одақ құқығымен Шарттың 76-бабының 3 және 4-тармақтарында тыйым салынған келісімдердің (бәсекелестер арасындағы келісімдер мен "сатылы" келісімдер) салдарына ұқсас бәсекелестік үшін жағымсыз салдарлардың туындауына әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін үйлестіруге тыйым салынғанын куәландырады.
Осылайша, Одақ құқығымен тыйым салынған үйлестіру мынадай белгілермен сипатталады:
үйлестіруді жеке тұлға, коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым (бұдан әрі – үйлестіруші) ретінде әрекет ете алатын үшінші тұлға жүзеге асырады;
үйлестіруші әрекеттері келісілетін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ешқайсысымен бір тұлғалар тобына кірмейді және үйлестіру жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайды;
үйлестірушінің іс-қимылы мүше мемлекеттердің кемінде 2 шаруашылық жүргізуші субъектілерін (нарық субъектілерін) үйлестіруге бағытталған;
үйлестіру үйлестірушінің белгілі бір мінез-құлық моделін қалыптастыру және тауар нарығындағы бәсекелестікке әсер ету мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) мақсатты түрде әсер етуінен көрінеді.
Осындай ұстаным және пікірлер Одақ Сотының 2017 жылғы 4 сәуірдегі және 2018 жылғы 17 желтоқсандағы консультативтік қорытындыларында қамтылады.
Іс материалдарынан "Alcon" нарығының субъектісінің:
шарт жасасу алдындағы және шарттық жұмыс шеңберінде контрагенттерге шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) тіркелген мүше мемлекеттің аумағындағы тауар нарығындағы қызметке қатысты міндеттемелерді жүктегені;
контрагент қызметінің аумағы туралы талаптарды сақтамағаны үшін, осындай шарттарды орындамайтын шаруашылық жүргізуші субъектімен (нарық субъектісімен) шартты (келісімді) бұзуға дейін айыппұл және өзге де санкциялардың болуын көздегені;
тиісті жабдықты, оның ішінде оған бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындаушы бола отырып, сондай-ақ жабдыққа сервистік, кепілдік және кепілдіктен кейінгі қызмет көрсету туралы ақпаратқа қол жеткізе отырып, жабдықтың орналасуын және оның тиесілігін қадағалау мүмкіндігін иеленгені және иеленіп отырғаны;
контрагент тауарды өткізуді жүзеге асыратын аумақты оған қол қойылғанға дейін шартта (келісімде) көрсету арқылы айқындағаны көрінеді.
Бұл ретте басқа жауапкерлер ("Alcon" нарық субъектісін қоспағанда) тауарды өткізу жүзеге асырылатын аумақты көрсете отырып, шарттардың және (немесе) келісімдердің жобаларын алды және кейіннен біржақты тәртіппен мұндай ережелерді өзгерте алмады.
Сондай-ақ іс материалдарынан "Alcon" нарығы субъектісінің: көрінеді.
оның зияткерлік меншік құқығы бар және өзінің фирмалық атауымен (тауар белгісімен) жүзеге асыратын, нарықтың өзге қатысушыларына осындай тауар өндіруге және оны азаматтық айналымға енгізуге кедергі келтіретін тауарды өндіретін және азаматтық айналымға енгізетін коммерциялық ұйым болып табылатыны, бұл ретте өзінің дистрибьюторларына қатысты оның үшінші тұлға, коммерциялық ұйым болып табылатыны;
оларға қатысты үйлестіру жүзеге асырылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтіні және Одақ құқығымен тыйым салынған үйлестіру жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) тауарды кейіннен өткізуді жүзеге асырмайтыны;
мүше мемлекеттердің 2-ден астам шаруашылық жүргізуші субъектілерін (нарық субъектілерін) үйлестіруге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыратыны, бұл оның ішінде шарт жасасу алдындағы жұмысты жүргізу кезеңінде контрагенттердің қызметіне олардың келісімінсіз аумақтық шектеулер белгілеу арқылы расталады;
контрагенттерге оларда белгілі бір мінез-құлық үлгісін қалыптастыру мақсатында мақсатты түрде ықпал еткені және тауар нарығындағы бәсекелестікке ықпал еткені көрінеді, ол мүше мемлекеттердің тауар нарықтарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы бәсекелестікті болдырмауда көрініс тапты.
Істі қарау кезеңінде контрагенттер тауарды өткізуді жүзеге асыратын аумақты айқындауға қатысты ережені алып тастау бөлігінде шарттарға (келісімдерге) "Alcon" нарық субъектісі тарапынан үйлестірілген өзгерістер енгізу туралы ақпарат ұсынылды. "Alcon" нарық субъектісі 2020 жылғы шілдеден бастап мүше мемлекеттердің аумақтарында әрекет ететін дистрибьюторлар үшін коммерциялық саясат пен баға белгілеудің бірыңғай қағидаттарын енгізгені қосымша хабарланады.
Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес өндіруші (оның өкілдері) әрбір мүше мемлекеттен (Армения Республикасын қоспағанда) тиісті тіркеу куәліктерін алды. Істі қарау шеңберінде "Alcon" нарық субъектісінің өкілдері "Alcon" нарық субъектісі өндіретін және өткізетін тауарға қатысты мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген тіркеу дерекнамасына және тіркеу куәлігіне бірыңғай талаптар жоқ екенін хабарлады.
Сондай-ақ, "Alcon" нарық субъектісі өкілдерінің ақпараты бойынша берілген тіркеу куәліктері заңдық және техникалық айырмашылықтарға байланысты Одақтың трансшекаралық нарықтарындағы тауардың айналысына кедергі келтіреді. Тауарды тіркеу және Одақтың тіркеу куәлігін алу "Alcon" нарық субъектісінің міндеті емес, құқығы болып табылады, осыған байланысты ол сатуға міндетті құқық ретінде ұсыныла алмайды.
"Alcon" нарық субъектісінің көрсетілген дәлелдері мынадай негіздер бойынша қаралады және қабылданбауы мүмкін:
Одақтың құқығымен шарттарға және (немесе) келісімдерге тауарды өткізу жүзеге асырылатын аумақ туралы ережелерді енгізу жөніндегі міндеттемелердің және осындай аумақтан тыс жерлерде өзге де қызметті жүзеге асыруға тыйым салулардың болуы көзделмеген;
тіркелгенін растайтын тіркеу куәлігінің болуы немесе болмауы аумақтық шектеулерді шарттарға және (немесе) келісімдерге енгізу үшін негіз болып табылмайды;
шарт еркіндігінің негіз қалаушы қағидатының болуы Одақ құқығымен де, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасымен де тыйым салынған талаптарды қоспағанда, осындай шарттың ережелерін айқындауда тараптардың қалауы еркіндігін болжайды;
Одақтың бірыңғай экономикалық кеңістігінің болуы, қаралып отырған істе белгіленбеген Одақ құқығымен көзделген жағдайларды қоспағанда, трансшекаралық нарықтарда аумақтық сегменттеу мүмкіндігінің болмауын болжайды.
"Alcon" нарық субъектісінің шарт жасасу алдындағы жұмыс кезеңінде де, кейіннен де өзінің контрагенттеріне ықпал ету мүмкіндігі бар екенін атап өту маңызды.
Контрагенттің тауарды тек өндірушіден ("Alcon" нарығының субъектісінен) сатып алу мүмкіндігі бар екенін ескере отырып, контрагент өзіне ұсынылатын шарттарға келісуге мәжбүр болады, осыған байланысты шарттық қатынастардың тең тарапы ретінде өзінің дербестігін жоғалтады. Осылайша, "Alcon" нарық субъектісінің іс-әрекеттері тыйым салынған келісімдерді іске асырудан гөрі, шаруашылық жүргізуші субъектілерді (нарық субъектілерін) үйлестіруді жүзеге асыру жөніндегі іс-әрекеттер болып табылады.
"Alcon" нарық субъектісінің өкілдері, құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру және (немесе) жүргізу кіретін басқа да жауапкерлер, мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары және өзге де тұлғалар жазбаша ұстанымдар мен басқа да ақпарат (құжаттар, мәліметтер) ұсынды, олар іс материалдарына қоса тіркеліп, істі қарау кезінде ескерілді. Жауапкерлер бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзу фактісін мойындамады.
"Алкон Фармацевтика" ЖШС Бас директоры 2020 жылғы 14 қаңтарға дейінгі кезеңде Т. В. Гатинская, көрсетілген кезеңнен кейін – Е. В. Михно болды.
Е. В. Михноға қатысты Одақ құқығымен тыйым салынған үйлестіруді жүзеге асыруды жалғастыру белгіленбеген.
Лауазымды тұлға – "Алкон Фармацевтика" ЖШС Бас директоры Т.В. Гатинскаяның әрекеттері (әрекетсіздігі) "Алкон Фармацевтика" ЖШС басшысы бола отырып, "Алкон Фармацевтика" ЖШС құрылтай (жарғылық) құжаттарына сәйкес, бұзушылық кезеңінде оның Одақтың монополияға қарсы реттеу және үйлестіруді тоқтату саласындағы құқығының ережелерін сақтауға мүмкіндігі болғанымен, алайда оларды сақтау бойынша қажетті және жеткілікті шаралар қабылдамағанынан көрінді, осыған байланысты Т. В. Гатинская Шарттың 76-бабының 6-тармағында тыйым салынған әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасады деп қорытынды жасауға болады.
Істі қарау шеңберінде Т.В. Гатинская істі қарау тәртібінің 13-тармағында көзделген барлық құқықтарды іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз етті. Бұдан басқа, одан іс бойынша түсініктемелер, сондай-ақ Шарттың 76-бабын бұзумен келісу немесе келіспеу туралы позиция сұралды. Өз кезегінде Т.В. Гатинская іс бойынша түсіндірмелер мен дәлелдерді, оның ішінде бұзушылықпен келісу немесе келіспеу туралы ұстанымын ұсынбады.
Іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалай отырып, істі қарау жөніндегі комиссия Т.В. Гатинскаяның кінәсі расталды және оның әрекеттері Шарттың 76-бабының 6-тармағына сәйкес дұрыс анықталды деп санайды. Сондай-ақ іс материалдары оның контрагенттер үшін аумақтық шектеулерді жоюға бағытталған әрекеттерін растайды.
Хаттаманың 10-тармағының 3-тармақшасын, істерді қарау тәртібінің 44-тармағын және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 17 желтоқсандағы № 118 шешімімен бекітілген (бұдан әрі – есептеу әдістемесі және айыппұл салу тәртібі) Есептеу әдістемесін және трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл салу тәртібін басшылыққа ала отырып, Комиссия Алқасы шешті:
1. "Оптикс-Юг" ЖШҚ мен "Оптикс-Альянс" ЖШҚ құрамындағы тұлғалары тобының, "Регал" ЖШҚ мен "ИОЛ" ЖШҚ құрамындағы тұлғалары тобының, "Офтамедика" ЖШҚ мен "ГЕНИКО" ЖШҚ құрамындағы тұлғалары тобының, "ОМГ" ЖШҚ, "Витал Эстетик Рус" ЖШҚ және "Біріккен Медициналық Топ" ЖШҚ, "Линкс" ЖШҚ, "ИнтелМед" АҚ, "Ортус-Медициналық Жүйелер" ЖШҚ, "АМ-Медикал" ЖШҚ, "Куфран-РМ" ЖШҚ, "ПрофиМед" ЖШҚ, "Астана Медикал Продукт" ЖШС, "MD Tech" ЖШС, "ZALMA Ltd" ЖШС, "ЮниХелп" ЖШҚ, "АСВ Трейд Сервис" БЖШҚ, "Дина Интернешнл" құрамындағы тұлғалары тобының олардың лауазымды тұлғаларының, "Оптикс-Юг" ЖШҚ және "Оптикс-Альянс" ЖШҚ бас директоры В.А. Дольниковтың, "Линкс" ЖШҚ бас директоры Г.Ф. Хабибуллиннің, "Регал" ЖШҚ мен "ИОЛ" ЖШҚ бас директоры Й. Сабоның, "ИнтелМед" АҚ бас директоры Г.В.Лебедевтің, "Ортус-Медициналық Жүйелер" ЖШҚ директоры Я.Ю. Макаровтың, "Офтамедика" ЖШҚ мен "ГЕНИКО" ЖШҚ бас директоры Н.А.Зеленскаяның, "ОМГ" ЖШҚ бас директоры Ю.В. Чемодановтың, "Витал Эстетик Рус" ЖШҚ бас директоры Л.В. Ващинкинаның, "Біріккен Медициналық Топ" ЖШҚ бас директоры Д.В. Волкорезовтің, "АМ-Медикал" ЖШҚ бас директоры В.К. Нурищенконың, "Куфран-РМ" директоры А.А. Французовтың, "ПрофиМед" ЖШҚ директоры А.В.Волтовтың, "Астана Медикал Продукт" ЖШС бас директоры С.В.Суворовтың, "MD Tech" ЖШС бас директоры И.В. Лавриненконың, "ZALMA Ltd" ЖШС бас директоры Г.Г.Шамриковтың, "ЮниХелп" ЖШҚ бас директоры К.К. Герасименконың, "АСВ Трейд Сервис" БЖШҚ директоры О.А.Акуличтің және "Дина Интернешнл" директоры В.К. Сингхтың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Шарттың 76-бабының 5-тармағын бұзушылық жоқ ден танылсын және көрсетілген тұлғаларға қатысты істі қарау тоқтатылсын.
2. "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ-ның және 2018 жылғы 1 қаңтар – 2020 жылғы 14 қаңтар аралығындағы кезеңде "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ бас директоры лауазымында болған "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ лауазымды тұлғасы Т.В.Гатинскаяның Одақ құқығымен тыйым салынған трансшекаралық көтерме сату тауар нарықтарында контрагенттердің экономикалық қызметін үйлестіруді және "Alcon" нарық субъектісі өндірісінің факоэмульсификация және факоэмульсификация (витрэктомия) жүйелеріне қызмет көрсетуді жүзеге асырудан көрінетін тауар нарығын аумақтық қағидат, сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлу бөлігіндегі әрекеттерін (әрекетсіздігін) Шарттың 76-бабының 6-тармағын бұзу деп танылсын.
3. Айыппұлдар есептеу әдістемесіне және оларды салу тәртібіне және Хаттаманың 16-тармағының 3-тармақшасына сәйкес:
трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар тізбесінің "Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар" бөлімінің 1, 2, 4, 5 және 9-тармақтарында көзделген мән-жайлардың және жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлардың (Айыппұлдар есептеу әдістемесіне және оларды салу тәртібіне № 1 қосымша) және көрсетілген тізбенің "Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар" бөлімінің 2 және 3-тармақтарында көзделген мән-жайлардың болуын ескере отырып:
"Алкон Фармацевтика" ЖШҚ-ға 2 100 000 ресей рублі мөлшерінде айыппұл;
Т.В.Гатинскаяға 71 458 ресей рублі 33 тиын мөлшерінде айыппұл салынсын.
Осы Шешіммен тағайындалған айыппұлдар Хаттаманың 17 және 18-тармақтарында белгіленген тәртіппен төленуге жатады.
4. "Алкон Фармацевтика" ЖШС-ға Шарттың 76-бабының 6-тармағын бұзатын әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасауды тоқтату міндеттелсін, оның ішінде:
шарттардан (келісімдерден) "Alcon" нарық субъектісі өндірісінің факоэмульсификация және факоэмульсификация (витрэктомия) жүйелеріне көтерме саудада өткізудің және қызмет көрсетудің тауар нарығын аумақтық қағидат, сатушылар немесе сатып алушылар (тапсырыс берушілер) құрамы, өткізілетін тауар көлемі бойынша бөлуді көздейтін талаптарды сақтауға контрагенттерді міндеттейтін ережелер алып тасталсын;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде кез келген мүше мемлекеттің аумағында тіркелген және (немесе) қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға ынтымақтастықтан бас тартпау және (немесе) өзгеше түрде артықшылық көрсетпеу;
мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) тіркелу орнына қарамастан, "Alcon" нарық субъектісі өндірісінің факоэмульсификация және факоэмульсификация (витрэктомия) жүйелерін көтерме саудада сату және (немесе) оларға қызмет көрсету мәселелері бойынша "Alcon" нарық субъектісіне жүгіну мүмкіндігі туралы ақпарат жалпыға қолжетімді ресурстарда орналастырылсын.
5. "Алкон Фармацевтика" ЖШҚ осы Шешімнің 4-тармағының орындалуы туралы ақпаратты осы Шешім күшіне енген күннен бастап бір ай мерзімде ұсынсын.
6. Осы Шешімге белгіленген тәртіппен Одақ Сотына шағым жасалуы мүмкін.
7. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |