Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 30-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы № 169 шешіміне сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған "Асыл тұқымды мал және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
В. Назаренко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 69 шешімімен БЕКІТІЛДІ |
"Асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру ҚАҒИДАЛАРЫ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін (бұдан әрі – жалпы процесс) іске асыруға қойылатын талаптарды, құзыретіне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері жататын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар, мүше мемлекеттер, Одақ) және Еуразиялық экономикалық комиссия) жүзеге асыратын функцияларды, олардың арасында ақпарат алмасу тәртібін, жалпы процесті іске асыру кезінде берілетін және жарияланатын ақпараттың құрамын айқындайды.
2. Осы Қағидалар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт), 2019 жылғы 25 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) ережелеріне сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 27 қазандағы № 132 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ мүшелер мемлекеттер арасында айырбастауға жататын асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер құрамын ескере отырып әзірленді.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы дерекқор" – асыл тұқымды мал туралы дереқордан және селекциялық жетістіктер туралы дерекқордан тұратын жалпы ақпараттық ресурс;
"асыл тұқымды жануарлар туралы дерекқор" – мүше мемлекеттер арасында өткізілетін асыл тұқымды жануарлар және олардың асыл тұқымдық өнімі (материалы) туралы мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурс;
"селекциялық жетістіктер туралы дерекқор" – мүше мемлекеттердің аумақтарында өсірілетін ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары, типтері, желілері мен кросстары, олардың сипаттамалары және өсіру орындары туралы мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурс;
"мүдделі тұлғалар" – мүше мемлекеттердің аумақтарында қызметін жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер, талдау орталықтары, асыл тұқымдық шаруашылықтар, мал шаруашылығы өнімін өндірушілер, сондай-ақ асыл тұқымды жануарлар туралы дерекқордан алынған мәліметтерді және өз қызметіндегі селекциялық жетістіктер туралы дерекқордан алынған мәліметтерді пайдаланатын жеке тұлғалар;
"ұлттық ақпараттық ресурстар" – уәкілетті органдар қалыптастыратын және жүргізетін асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерді және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурстар;
"асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер" – асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы дерекқорда қамтылған асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер;
"селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер" – асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық жетістіктер туралы дерекқорда қамтылған селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар Шартта және Келісімде айқындалған мағыналарда қолданылады.
II. Жалпы процесті іске асырудың мақсаттары мен міндеттері
4. Жалпы процесті іске асырудың мақсаттары:
а) ұсынылатын мәліметтердің сапасын арттыру және олардың анықтығына қосымша кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер алмасу бөлігінде өкілеттіктерін іске асыруы үшін жағдайлар жасау;
б) Одақ аумағында өсірілетін ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары, типтері, желілері мен кросстары, олардың сипаттамалары және өсіру орындары туралы мал шаруашылығы өнімін өндірушілер мен өзге де мүдделі тұлғалардың хабардар болуын арттыру есебінен асыл тұқымды өнімнің өзара сауда көлемін ұлғайту болып табылады.
5. Мақсаттарға қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу есебінен қамтамасыз етіледі:
а) уәкілетті органдар ұсынатын ұлттық ақпараттық ресурстардан алынған ақпарат негізінде Комиссияның асыл тұқымды жануарлар туралы дерекқорды және селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды құруы, қалыптастыруы және жүргізуі;
б) сұрау салу бойынша уәкілетті органдардың асыл тұқымды жануарлар туралы дерекқордан және селекциялық жетістіктер туралы дерекқордан автоматты режимде ақпарат алуын қамтамасыз ету;
в) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес Одақтың ақпараттық порталында орналастырылған асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерге және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.
III. Жалпы процеске қатысушылар
6. Жалпы процеске қатысушылар:
а) уәкілетті органдар;
б) Комиссия;
в) мүдделі тұлғалар.
7. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде уәкілетті органдар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) ұлттық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және жүргізу;
б) асыл тұқымды жануарлар туралы дерекқорды және селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру үшін Комиссияға ұлттық ақпараттық ресурстардан мәліметтер ұсыну;
в) сұрау салу бойынша асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер алу.
8. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
а) уәкілетті органдар ұсынатын ұлттық ақпараттық ресурстардан алынған мәліметтер негізінде асыл тұқымды жануарлар туралы дерекқорды және селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру және жүргізу;
б) Одақтың ақпараттық порталында селекциялық жетістіктер туралы жаңартылған мәліметтерді жариялау;
в) уәкілетті органдарға сұрау салу бойынша асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерді және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді ұсыну;
г) мүдделі тұлғаларға Одақтың ақпараттық порталында асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерді және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді іздеу, алу және өңдеу сервистерін ұсыну.
IV. Ақпараттық ресурстар мен сервистер
9. Мүдделі тұлғалардың асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерге және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерге қол жеткізуі осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарына сәйкес Одақтың ақпараттық порталының электрондық сервистері арқылы жүзеге асырылады.
10. Асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерге қол жеткізу асыл тұқымдық өнімді өткізу процесіне қатысатын мүдделі тұлғалар үшін ғана қамтамасыз етіледі және асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі бойынша не асыл тұқымдық өнім партиясының сәйкестендіргіші бойынша ақпаратты іздеуді және ұсынуды қамтамасыз ететін Одақтың ақпараттық порталының электрондық сервисі арқылы іске асырылады. Ақпарат № 1 қосымшаға (1 - 22-кестелер) сәйкес мәліметтер құрамына сәйкес ұсынылады.
11. Селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер осы Қағидаларға № 1 қосымшада (23-кесте) келтірілген мәліметтер құрамына сәйкес Одақтың ақпараттық порталында жарияланады.
Селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер барлық мүдделі тұлғалар және Одақтың ақпараттық порталын пайдаланушылар үшін ашық және қолжетімді болып табылады, онда мынадай электрондық сервистер ұсынылған:
мәліметтерді іздеу, сұрыптау және сүзгіден өткізу үшін деректемелерді қамтитын сұрау салу нысанына сәйкес селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді іздеу және ұсыну;
шаруашылықтың байланыс деректері, табын өнімділігінің орташа көрсеткіштері көрсетілген, белгілі бір тұқымның (типтің, желінің, кросстың) асыл тұқымды жануарларын өсіруді жүзеге асыратын шаруашылықтардың орналасуы көрсетілген интерактивті карта;
селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді жаңартуға жазылуды ресімдеу;
Одақтың ақпараттық порталында жарияланған селекциялық жетістіктер туралы мәліметтердің белгілі бір форматтарда түсірілуін қамтамасыз ету;
Одақтың ақпараттық порталында жарияланған мүдделі тұлғалардың сыртқы ақпараттық жүйелерінің сұрау салуы бойынша селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді бағдарламалық интерфейстерді пайдалана отырып автоматтандырылған өңдеу үшін ұсыну.
V. Ақпараттық өзара іс-қимылдың ерекшеліктері
12. Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - интеграцияланған жүйе) арқылы жүзеге асырылады.
13. Мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтерді және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтерді ұсыну Одақтың ақпараттық порталы арқылы жүзеге асырылады.
14. Уәкілетті органдар мен Комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде электрондық хабарлардың форматы мен құрылымы интеграцияланған жүйе арқылы жалпы процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттардың (бұдан әрі - технологиялық құжаттар) талаптарына сәйкес айқындалады.
15. Жалпы процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл № 2 қосымшаға сәйкес функционалдық схемаларға сәйкес жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті органдар арасында, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Комиссия арасында берілетін мәліметтердің құрамы осы Қағидаларға № 1 қосымшада ұсынылған.
17. Уәкілетті органдар мен Комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылы орыс тілінде жүзеге асырылады.
VI. Жалпы процесті іске асыру жөніндегі іс-шаралар
18. Комиссия технологиялық құжаттарды әзірлейді және оларды бекітеді.
19. Комиссия уәкілетті органдар ұсынған мәліметтерді алуды және сақтауды және мұндай мәліметтерді Одақтың ақпараттық порталында жариялауды қамтамасыз етеді.
20. Уәкілетті органдар технологиялық құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті ақпараттық жүйелерді әзірлеуді (пысықтауды) және оларды интеграцияланған жүйенің ұлттық сегменттеріне қосуды қамтамасыз етеді.
21. Жалпы процесті қолданысқа енгізу рәсімінің орындалуын үйлестіруді, жалпы процесті іске асыру мониторингі мен нәтижелерін талдауды Комиссия жүзеге асырады.
"Асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру қағидаларына № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында асыл тұқымды жануарлар және асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезінде берілетін мәліметтердің ҚҰРАМЫ
1. Осы құжат асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды жануарлар және селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезінде уәкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасында электрондық түрде берілетін мәліметтердің құрамын айқындайды.
2. Технологиялық құжаттарды әзірлеу кезеңінде мәліметтердің құрамы нақтыланады, сондай-ақ электрондық құжаттар мен мәліметтердің форматы мен құрылымы айқындалады.
3. Жалпы процесті іске асыру шеңберінде құрамы 1 - 23-кестелерде келтірілген мәліметтер беріледі.
4. Кестелерде мынадай жолдар (бағандар) қалыптастырылады:
"элементтің атауы" - элементтің реттік нөмірі және орныққан немесе ресми сөзбен белгіленуі;
"элементтің сипаттамасы" - элементтің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"ескертпе" - элементтің мақсатын нақтылайтын, оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе элементтің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;
"көпт." – элементтердің көптігі (міндеттілік (опционалдық) және элементтің ықтимал қайталану саны).
5. Берілетін деректер элементтерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгілемелер пайдаланылады:
1 – элемент міндетті, қайталауға жол берілмейді;
1..* – элемент міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;
0..1 – элемент опционалды, қайталауға жол берілмейді;
0..* – элемент опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін.
1-кесте
Асыл тұқымды жануарлар және олардың асыл тұқымдық өнімі (материалы) туралы мәліметтердің құрамы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Жүк жөнелтуші | жөнелтуші ұйым және оның орналасқан жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
2. Жүк алушы | алушы туралы мәліметтер |
элемент: алушы заңды тұлғаның атауын немесе алушы жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын; | 1 |
3. Асыл тұқымдық өнімнің түрі | өткізілетін асыл тұқымды жануардың немесе асыл тұқымдық өнім (материал) партиясының түрі туралы мәліметтер | элемент: асыл тұқымдық өнім түрін (асыл тұқымдық өнім түрінің кодтық белгілемесі); өнімділік бағытны (бар болса, асыл тұқымды жануарлар үшін толтырылады) көрсетуге арналған | 0..1 |
4. Асыл тұқымды жануар немесе асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) партиясы | өткізілетін асыл тұқымды жануар немесе асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) партиясы туралы мәліметтер | элемент осы қосымшаның 2 – 22-кестелеріне сәйкес салынған құрылымды қамтиды | 1..* |
5. Партия сәйкестендіргіші | асыл тұқымдық өнім партиясының сәйкестендіргіші | 0..1 |
2-кесте
Сүтті өнімділік бағытындағы ірі қара малдың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Лақап аты | асыл тұқымды жануардың толық лақап аты | тұқымдық бұқалар үшін көрсетіледі | 0..1 |
2. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы және тұқымдылығы туралы мәліметтер |
элемент: | 1..* |
3. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
4. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
5. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
6. Түсі | асыл тұқымды жануардың түсі |
элемент ықтимал мәндері бар асыл тұқымды жануардың түсін көрсетуге арналған: | 1 |
7. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
9. Рецессивті гендер | генетикалық детерминирленген аурулары, генетикалық ауытқулары және асыл тұқымды жануар сүті ақуыздары гендерінің полиморфизмі туралы мәліметтер | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымдық өніміне молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережеге сәйкес жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталған генетикалық детерминистік ауруларды, генетикалық ауытқуларды және сүт ақуыздары гендерінің полиморфизмдерін білдіретін аббревиатуралардың тізбесі көрсетіледі | 0..1 |
10. Алу тәсілі | асыл тұқымды жануарды алу тәсілі |
элемент ықтимал мәндері бар асыл тұқымды жануарды алу тәсілін көрсетуге арналған: | 1 |
11. Төлдеу жеңілдігі индекстері | тұқымдық бұқаға арналған төлдеу жеңілдігі индекстері туралы мәліметтер |
элемент тұқымдық бұқаға қатысты төлдеу жеңілдігі индекстерінің мәндерін көрсетуге арналған: | 0..* |
12. Экстерьерді бағалау | асыл тұқымды жануардың экстерьерін бағалау |
элемент асыл тұқымды жануардың экстерьерін ықтимал мәндерімен бағалауды көрсетуге арналған: | 1 |
13. Өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері | асыл тұқымды жануардың өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері туралы мәліметтер | төменде келтірілген екі деректеменің біреуі толтырылады | 1 |
13.1. Жас және тұқымдық бұқалар үшін көрсеткіштер | жас және тұқымдық бұқалар үшін өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері туралы мәліметтер |
элемент: | 0..1 |
13.2. Сиырларға арналған көрсеткіштер | сиырлар үшін өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері туралы мәліметтер |
элемент ең жоғары лактацияның 305 күнінде (немесе аяқталмаған лактация кезеңінде) анықталған мынадай көрсеткіштерді көрсетуге арналған: | 0..1 |
14. Асыл тұқымдық құндылық индексі | асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері |
элемент асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының индекстерін көрсетуге арналған: | 1 |
15. Жануардың тұқым-тегi | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент ата-енесінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
16. Өсімін молайтушы | асыл тұқымды жануардың өсімін молайтушысы туралы мәліметтер |
элемент мынадай өсімін молайтушы туралы ақпаратты көрсетуге арналған: | 1 |
3-кесте
Етті бағыттағы ірі қара малдың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Лақап аты | асыл тұқымды жануардың толық лақап аты | тұқымдық бұқалар үшін көрсетіледі | 0..1 |
2. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы және тұқымдылығы туралы мәліметтер |
элемент: | 1..* |
3. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
4. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
5. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
6. Түсі | асыл тұқымды жануардың түсі |
элемент ықтимал мәндері бар асыл тұқымды жануардың түсін көрсетуге арналған: | 1 |
7. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
9. Рецессивті гендер | генетикалық детерминирленген аурулары, генетикалық ауытқулары және асыл тұқымды жануар сүті ақуыздары гендерінің полиморфизмі туралы мәліметтер | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымдық өніміне молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережеге сәйкес жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталған генетикалық детерминистік ауруларды, генетикалық ауытқуларды және сүт ақуыздары гендерінің полиморфизмдерін білдіретін аббревиатуралардың тізбесі көрсетіледі | 0..1 |
10. Алу тәсілі | асыл тұқымды жануарды алу тәсілі |
элемент ықтимал мәндері бар асыл тұқымды жануарды алу тәсілін көрсетуге арналған: | 1 |
11. Асыл тұқымдық құндылық индексі | асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері |
элемент асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының индекстерін көрсетуге арналған: | 1 |
12. Жануардың тұқым-тегі |
асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент ата-енесінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
13. Өсімін молайтушы | асыл тұқымды жануардың өсімін молайтушысы туралы мәліметтер |
элемент мынадай өсімін молайтушы туралы ақпаратты көрсетуге арналған: | 1 |
4-кесте
Шошқалардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі немесе татуировка | 1 | |
2. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы немесе тұқымдық үйлесімі туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
3. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
4. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
5. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
6. Масса | сату кезіндегі асыл тұқымды жануардың тірідей салмағы | тірі массасы көрсетіледі (кг-мен) | 1 |
7. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
9. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енесінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін мынадай мәліметтермен көрсетуге арналған: | 1..* |
10. Өнімділік | тірі массасы 90-110 кг жеткен кездегі өз өнімділігі туралы мәліметтер | 1 | |
10.1. Асыл тұқымдық құндылық индексі | асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының индексі | 1 | |
10.2. Өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері | асыл тұқымды жануардың өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері |
элемент: | 1 |
5-кесте
Жылқылардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Лақап аты | асыл тұқымды жануардың толық лақап аты | болған кезде көрсетіледі | 0..1 |
2. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
3. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі (таңба нөмірі немесе микрочип коды) | 1 | |
4. Нөмір | асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік (ұлттық) кітабындағы асыл тұқымды жануардың нөмірі | болған кезде көрсетіледі | 0..1 |
5. Сипаттамасы | жануарлардың денесіндегі белгілердің, таңбалардың графикалық сипаттамасы (блок перфекттілік сурет) | 0..1 | |
6. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
7. Түсі | асыл тұқымды жануардың түсі |
элемент ықтимал мәндері бар асыл тұқымды жануардың түсін көрсетуге арналған: | 1 |
8. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы және тұқымдылығы туралы мәліметтер |
элемент: | 1..* |
9. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
10. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
11. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
12. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енесінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін мынадай мәліметтермен көрсетуге арналған: | 1..* |
13. Бонитирлеу | асыл тұқымды жануарды бонитирлеу туралы мәліметтер | 1 | |
13.1. Күні | бонитирлеуді өткізу күні | күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
13.2. Өлшемдер | өлшемдер туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
13.3. Бағалау | 10 балдық шәкіл бойынша бағалау туралы мәліметтер |
элемент мынадай параметрлердің 10 балдық шәкілі бойынша бағалауды көрсетуге арналған: | 1 |
14. Көрмелерге, конкурстарға, жарыстарға қатысу | асыл тұқымды жануардың көрмелерге, конкурстарға, жарыстарға қатысуы туралы мәліметтер |
элемент: | 0..* |
6-кесте
Өнімділіктің қылшық жүнді және жартылай қылшық жүнді бағытындағы қойлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі | 1 | |
3. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
4. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
5. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Селекцияланатын белгілер | асыл тұқымды жануардың негізгі селекцияланатын белгілері туралы мәліметтер |
элемент негізгі селекцияланатын белгілер туралы мыналарға қатысты ақпаратты көрсетуге арналған: | 1 |
9. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енесінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
7-кесте
Романов тұқымды қойлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі | 1 | |
3. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
4. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
5. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Селекцияланатын белгілер | асыл тұқымды жануардың негізгі селекцияланатын белгілері туралы мәліметтер |
элемент негізгі селекцияланатын белгілер туралы мыналарға қатысты ақпаратты көрсетуге арналған: | 1 |
9. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
8-кесте
Өнідімділіктің елтірі бағытындағы қойлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы

элемент мынадай негізгі селекцияланатын белгілерді көрсетуге арналған: | 1 |
9. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
9-кесте
Биязы жүнді және жартылай биязы жүнді өнімділік бағытындағы қойлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі | 1 | |
3. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
4. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
5. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Селекцияланатын белгілер | асыл тұқымды жануардың негізгі селекцияланатын белгілері туралы мәліметтер |
элемент негізгі селекцияланатын белгілер туралы мыналарға қатысты ақпаратты көрсетуге арналған: | 1 |
9. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
10-кесте
Етті қысқа жүнді (қырқымсыз) өнімділік бағытындағы қойлардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі | 1 | |
3. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
4. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
5. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Бонитирлеу және өзіндік өнімділік | асыл тұқымды жануарды бонитирлеу және өзінің өнімділігі туралы мәліметтер |
элемент бонитирлеу және өз өнімділігі туралы мәліметтерді мыналарға қатысты көрсетуге арналған: | 1 |
9. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
11-кесте
Сүтті өнімділік бағытындағы ешкілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
3. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
4. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
5. Түсі | асыл тұқымды жануардың түсі | 1 | |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
9. Өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері | асыл тұқымды жануардың өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері |
элемент ең жоғары лактацияның 305 күнінде (немесе аяқталмаған лактация кезеңінде)анықталатын мынадай көрсеткіштерді көрсетуге арналған:: | 1 |
10. Асыл тұқымдық құндылық индексі | асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері |
элемент асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының индекстерін көрсетуге арналған: | 1 |
12-кесте
Ет өнімділігі бағытындағы ешкілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
3. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
4. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
5. Түсі | асыл тұқымды жануардың түсі | 1 | |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
9. Өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері | асыл тұқымды жануардың өз өнімділігінің абсолюттік көрсеткіштері |
элемент мынадай көрсеткіштерді көрсетуге арналған: | 1 |
10. Асыл тұқымдық құндылық индексі | асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының жалпы және жеке индекстері |
элемент асыл тұқымды жануардың асыл тұқымдық құндылығының индекстерін көрсетуге арналған: | 1 |
13-кесте
Жүн өнімділік бағытындағы ешкілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
3. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
4. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
5. Түсі | асыл тұқымды жануардың түсі | 1 | |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
9. Бонитирлеу және өзіндік өнімділік | асыл тұқымды жануарды бонитирлеу және өзінің өнімділігі туралы мәліметтер |
элемент бонитирлеу және өз өнімділігі туралы мәліметтерді мыналарға қатысты көрсетуге арналған: | 1 |
14-кесте
Өнімділіктің түбіт бағытындағы ешкілердің егжей-тегжейлі сипаттамасы

15-кесте
Бұғының егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі | 1 | |
3. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы туралы мәліметтер | ауыл шаруашылығы жануарлары тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
4. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
5. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
6. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
8. Селекцияланатын белгілер | асыл тұқымды жануардың негізгі селекцияланатын белгілері туралы мәліметтер |
элемент селекцияланатын негізгі белгілер туралы мыналарға қатысты ақпаратты көрсетуге арналған: | 1 |
9. Бонитирлеу | асыл тұқымды жануарды бонитирлеу туралы мәліметтер | 1 | |
9.1. Күні | бонитирлеуді өткізу күні | күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
9.2. Өлшемдер |
өлшемдер туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
9.3. Бағалау | 10 балдық шәкіл бойынша бағалау туралы мәліметтер |
элемент мынадай параметрлердің 10 балдық шәкілі бойынша бағалауды көрсетуге арналған: | 1 |
10. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған. | 1..* |
16-кесте
Түйенің егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Сәйкестендіру нөмірі | асыл тұқымды жануарларды есепке алу тізіліміндегі асыл тұқымды жануардың сәйкестендіру нөмірі | 1 | |
2. Лақап аты | асыл тұқымды жануардың толық лақап аты | болған кезде көрсетіледі | 0..1 |
3. Дара нөмірі | асыл тұқымды жануардың дара нөмірі (таңба нөмірі немесе микрочип коды) | 1 | |
4. Нөмір | асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік (ұлттық) кітабындағы асыл тұқымды жануарды нөмірі немесе оған сілтеме және жануар тіркелген асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік (ұлттық) кітабы бетінің нөмірі | болған кезде көрсетіледі | 0..1 |
5. Жынысы | асыл тұқымды жануардың жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 1 |
7. Түсі | асыл тұқымды жануардың түсі | 1 | |
8. Тұқымның атауы | асыл тұқымды жануардың тұқымы және тұқымдылығы туралы мәліметтер |
элемент: | 1..* |
9. Туған күні | асыл тұқымды жануардың туған күні | туған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
10. Туған жері | асыл тұқымды жануардың туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
11. Меншік иесі | асыл тұқымды жануардың меншік иесі туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
12. Рецессивті гендер | генетикалық детерминирленген аурулары, генетикалық ауытқулары және асыл тұқымды жануар сүті ақуыздары гендерінің полиморфизмі туралы мәліметтер | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 2 маусымдағы № 74 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымдық өніміне молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу туралы ережеге сәйкес жүргізілген зертханалық зерттеулер нәтижесінде анықталған генетикалық детерминистік ауруларды, генетикалық ауытқуларды және сүт ақуыздары гендерінің полиморфизмдерін білдіретін аббревиатуралардың тізбесі көрсетіледі | 0..1 |
13. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымды жануардың тұқым-тегі туралы мәліметтер |
элемент арғы ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты мынадай мәліметтермен асыл тұқымды жануардың тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
14. Бонитирлеу | асыл тұқымды жануарды бонитирлеу туралы мәліметтер | 1 | |
14.1. Күні | бонитирлеуді өткізу күні | күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
14.2. Өлшемдер | өлшемдер туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
14.3. Бағалау | 10 балдық шәкіл бойынша бағалау туралы мәліметтер |
элемент мынадай параметрлердің 10 балдық шәкілі бойынша бағалауды көрсетуге арналған: | 1 |
15. Көрмелерге, сайыстарға қатысу | асыл тұқымды жануарлардың көрмелеріне, сайыстарға қатысуы туралы мәліметтер |
элемент: | 0..* |
17-кесте
Терісі бағалы аңдардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Тұқымның атауы | асыл тұқымдық өнім партиясының тұқымы туралы мәліметтер | асыл тұқымдық өнім партиясы тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
2. Окрас | асыл тұқымдық өнім партиясының түсі туралы мәліметтер | 1 | |
3. Туған жері | асыл тұқымдық өнім партиясының туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
4. Туған кезеңі | партияда жануарлардың туылу кезеңі | 1 | |
5. Ұрпақты болуы | партиядағы жануарлардың ұрпақтылығы туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
6. Асыл тұқымдық куәлік | асыл тұқымдық өнім партиясына берілген асыл тұқымдық куәлік туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
18-кесте
Үй құстарының егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Негізгі сипаттамалары | асыл тұқымдық өнім партиясының негізгі сипаттамалары туралы мәліметтер |
элемент асыл тұқымдық өнім партиясының мынадай негізгі сипаттамаларын көрсетуге арналған: | 1 |
2. Туған жері | асыл тұқымдық өнім партиясының туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
3. Туған күні | төлді шығару күні | шығарылған күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
4. Жас жануардың сипаттамасы | асыл тұқымдық өнім партиясы жас жануардың сипаттамасы туралы мәліметтер |
элемент асыл тұқымдық өнім партиясының жас жануардың мынадай сипаттамаларын көрсетуге арналған: | 1 |
5. Табынның өнімділігі | жас жануар алынған құс табынының өнімділік сипаттамалары туралы мәліметтер (бонитирлеу деректері бойынша) |
элемент құс табынының өнімділігінің мынадай сипаттамаларын көрсетуге арналған: | 1 |
6. Асыл тұқымдық куәлік | асыл тұқымдық өнім партиясына берілген асыл тұқымдық куәлік туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
19-кесте
Инкубациялық жұмыртқалардың толық сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Негізгі сипаттамалары | асыл тұқымдық өнім партиясының негізгі сипаттамалары туралы мәліметтер |
элемент асыл тұқымдық өнім партиясының мынадай негізгі сипаттамаларын көрсетуге арналған: | 1 |
2. Туған жері | асыл тұқымдық өнім партиясының туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
3. Инкубациялық жұмыртқалардың (эмбриондардың) сипаттамасы | инкубациялық жұмыртқалардың (эмбриондардың) сипаттамасы туралы мәліметтер |
элемент инкубациялық жұмыртқалардың (эмбриондардың) мынадай сипаттамаларын көрсетуге арналған: | 1 |
4. Табынның өнімділігі | инкубациялық жұмыртқалар (эмбриондар) алынған құс табыны өнімділігінің сипаттамалары туралы мәліметтер (бонитирлеу деректері бойынша) |
элемент құс табынының өнімділігінің мынадай сипаттамаларын көрсетуге арналған: | 1 |
5. Асыл тұқымдық куәлік | асыл тұқымдық өнім партиясына берілген асыл тұқымдық куәлік туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
20-кесте
Балықтың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Тұқымның атауы | асыл тұқымдық өнім партиясының тұқымы (тұқымдық тобы) туралы мәліметтер | асыл тұқымдық өнім партиясы тұқымының кодтық белгілемесі көрсетіледі | 1 |
2. Туған жері | асыл тұқымдық өнім партиясының туған жері туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
3. Атауы | асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) атауы | 1 | |
4. Асыл тұқымдық куәлік | асыл тұқымдық өнім партиясына берілген асыл тұқымдық куәлік туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
21-кесте
Бал аралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Тұқымның атауы | асыл тұқымдық өнім партиясының тұқымы туралы мәліметтер | асыл тұқымдық өнім партиясы тұқымының атауы көрсетіледі | 1 |
2. Желі | асыл тұқымдық өнім партиясының желісі туралы мәліметтер | 1 | |
3. Аналық туралы мәліметтер | асыл тұқымдық өнім партиясының аналығы туралы мәліметтер | 1 | |
3.1. Негізгі сипаттамалары | асыл тұқымды өнім партиясы аналығының негізгі сипаттамалары туралы мәліметтер |
элемент асыл тұқымдық өнім партиясы аналығының мынадай негізгі сипаттамаларын көрсетуге арналған:лған: | 1 |
3.2. Жануардың тұқым-тегі | асыл тұқымдық өнім партиясы аналығының асыл тұқымы туралы мәліметтер |
элеме элемент мынадай мәліметтермен аналықтың ата-енелерінің кемінде үш буынына қатысты тұқым-тегін көрсетуге арналған: | 1..* |
4. Өсімін молайту туралы мәліметтере | асыл тұқымдық өнім партиясының еркек бал арасы туралы мәліметтер |
элемент асыл тұқымдық өнім партиясының еркек бал араларының мынадай негізгі сипаттамаларын көрсетуге арналған: | 1 |
5. Асыл тұқымдық куәлік | асыл тұқымдық өнім партиясына берілген асыл тұқымдық куәлік туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
22-кесте
Шәуетөнімдер мен эмбриондардың егжей-тегжейлі сипаттамасы
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Саны | асыл тұқымдық материалдың дозалар саны (дана) туралы мәліметтер | 1 | |
2. Күні | шәуетөнімді (эмбриондарды) алу күні | күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
3. Асыл тұқымды тұқымдық (ата-енелері) | шәует өнімі алынған асыл тұқымды тұқымдық туралы мәліметтер (эмбрион алынған ата-енелер туралы) | элемент осы қосымшаның 2 – 16-кестелеріне сәйкес салынған құрылымды қамтиды | 1 |
4. Генетикалық сараптама | свешәуетөнім алынған асыл тұқымды тұқымдықтың (эмбрион алынған ата-енелердің) шығу тегінің анықтығына және генетикалық детерминирленген аурулардың, генетикалық ауытқулардың болмауына генетикалық сараптама нәтижелері туралы мәліметтер |
элемент генетикалық сараптама туралы мынадай ақпаратты көрсетуге арналған: | 1..* |
5. Жынысы | болашақ жануардың болжамды жынысы |
элемент асыл тұқымды жануардың жынысын ықтимал мәндерімен көрсетуге арналған: | 0..1 |
6. Асыл тұқымдық куәлік | асыл тұқымдық өнім партиясына берілген асыл тұқымдық куәлік туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
23-кесте
Селекциялық жетістіктер туралы мәліметтер
Элементтің атауы | Элементтің сипаттамасы | Ескертпе | Көпт. |
1. Атауы | селекциялық жетістіктің атауы | 1 | |
2. Жануардың түрі | асыл тұқымды жануардың түрі және оның өнімділігінің бағыты туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
3. Өнімділік | асыл тұқымды жануардың өнімділігі туралы мәліметтер | элемент асыл тұқымды жануардың түріне және өнімділік бағытына қарай оның өнімділігі туралы мәліметтерді көрсетуге арналған | 1 |
4. Сипаттамасы | селекциялық жетістіктің қысқаша сипаттамасы | 0..1 | |
5. Өсіру орны | асыл тұқымдық оригинатор-шаруашылықтар (зауытшылар) туралы мәліметтер) |
элемент: | 1..* |
6. Әзірлеуші | селекциялық жетістікті әзірлеуші туралы мәліметтер |
элемент: | 1 |
7. Күні | апробацияны жүргізу күні | күні, айы, жылы көрсетіледі | 1 |
8. Апробация актісі | берілген апробациял актісі (сертификат, куәлік, патент)туралы мәліметтер |
элемент құжаттың мынадай деректемелерін көрсетуге арналған:ан: | 1 |
Ақпараттық өзара іс-қимылдың ФУНКЦИОНАЛДЫҚ СХЕМАЛАРЫ
1-сурет. Асыл тұқымды жануарлар туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы
2-сурет. Селекциялық жетістіктер туралы дерекқорды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану кезіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық схемасы