Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 30-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 122 шешімімен бекітілген "Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына өзгерістер қосымшаға сәйкес енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 124 шешіміне ҚОСЫМША |
"Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен іске асыру үшін пайдаланылатын электрондық құжаттардың және мәліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 10-кестеде:
а) бірінші бағандағы 2.6.14-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"2.6.14. Құжаттаманы ұсыну реттілігі (hcsdo: Submission Sequence)";
б) бірінші бағандағы 2.6.15-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"2.6.15. Операция атрибуты (hcsdo: Operation Atribute)".
2. 16-кестеде:
а) бірінші бағандағы 6.14-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"6.14. Құжаттаманы ұсыну реттілігі (hcsdo: Submission Sequence)";
б) бірінші бағандағы 6.15-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"6.15. Операция атрибуты (hcsdo: Operation Atribute)".
3. 22-кестеде:
а) бірінші бағандағы 7.14-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"7.14. Құжаттаманы ұсыну реттілігі (hcsdo: Submission Sequence)";
6) бірінші бағандағы 7.15-позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"7.15. Операция атрибуты (hcsdo: Operation Atribute)".