Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 7-тармағының бесінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 10-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағындағы техникалық реттеу туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 620 шешімімен бекітілген, осы Шешім күшіне енгенге дейін берілген және тіркелген, сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар бірыңғай нысан бойынша беріліп, Сәйкестігі міндетті расталуға жататын өнімнің бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімге сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады деп белгіленсін.
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енетін өзгерістердің (осы Шешімге қосымша) 2-тармағының "а", "б", "в" тармақшаларын, "г" тармақшасының алтыншы, жетінші, тоғызыншы – он сегізінші абзацтарын қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 199 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Көрсетілген Шешімге № 2 қосымшаның 11-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бірыңғай тізілімді қалыптастыру және жүргізу процесінде уәкілетті органдар арасындағы, сондай-ақ уәкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тиісті ортақ процесті Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру арқылы жүзеге асырылады.".
2. Көрсетілген Шешімге № 3 қосымшада:
а) Сәйкестік сертификатының бірыңғай нысаны мынадай мазмұндағы 16-позициямен толықтырылсын:
"QR-код (16)";
б) Сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысаны мынадай мазмұндағы 13-позициямен толықтырылсын:
"QR-код (13)";
в) Сәйкестік сертификатының бірыңғай нысанына № 1 қосымшаның 2.4-тармағында:
алтыншы абзац "аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін (аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі) деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"12-позиция – Өнімді сақтау шарттары мен мерзімдері, өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі және (немесе) ресурсы (талаптарға сәйкестігіне Бірыңғай тізбеде көзделген сертификаттау жүргізілген, НҚА-да белгіленген жағдайларда), өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болса).";
жиырма сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"16-позиция – QR-код (егер Берілген сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінде QR-кодты қалыптастыру көзделсе).";
г) Сәйкестік туралы декларацияның бірыңғай нысанына № 2 қосымшада:
2-тармақта:
екінші абзац алып тасталсын;
екінші абзацқа сілтеме жасау алып тасталсын;
3.3-тармақта:
он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"6-позиция – өнімді сақтау шарттары мен мерзімдері, өнімнің қызмет ету (жарамдылық) мерзімі және (немесе) ресурсы (талаптарға сәйкестігі Бірыңғай тізбеде көзделген сәйкестік туралы декларациямен расталған, НҚА-да белгіленген жағдайларда), өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін өзге де мәліметтер (бар болса).";
жиырма үшінші абзац алып тасталсын;
жиырма төртінші абзацта:
"аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі" деген сөздерден кейін "(аккредиттеу туралы жазбаның бірегей нөмірі)" деген сөздермен толықтырылсын;
"тіркеуді аккредиттеу аттестатының" деген сөздер "аккредиттеу аттестатын тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"(сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік туралы декларацияны тіркеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма алтыншы абзац "ол уәкілеттік берген адамның" деген сөздерден кейін "(сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік туралы декларацияны тіркеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"13-позиция – QR-код (егер Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінде QR-кодты қалыптастыру көзделсе).";
жиырма жетінші абзацтың екінші сөйлемінде:
"сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі," деген сөздерден кейін "сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
"(сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік туралы декларацияны тіркеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын.