Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 4 қосымша) 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 35 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 203 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасына енгізілетін өзгерістер
1. 14-тармақтың екінші абзацында:
екінші сөйлем "АҚШ доллары" деген сөздерден кейін "(мүше мемлекеттердің ұлттық валюталары немесе өзге валюта)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші сөйлемдегі "(немесе басқа валютаға)" деген сөздер "(мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарына немесе өзге валютаға)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 19 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Жеке және ерекше өзгешеліктері бар Одақтың статистика салалары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасы қосымшаға сәйкес тізбеге енгізілген әдістемелерде келтіріледі. Аталған әдістемелер Одақтың ресми сайтында орналастырылады.".
3. Мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдіснамасына ҚОСЫМША |
Жекелеген көрсеткіштер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемелерінің тізбесі
1. Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының сыртқы және өзара саудасының орташа бағалары мен нақты көлемінің индекстерін есептеу әдістемесі.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі капиталға инвестициялар және негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлемінің индексі туралы ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы ішкі өнімінің көлемі және Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы ішкі өнімінің нақты көлемінің индексі туралы ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру әдістемесі.
4. Еуразиялық экономикалық одақтың ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерін өндірудің нақты көлемінің мөлшері мен индексі туралы ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
5. Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіптік өндіріс көлемі мен өнеркәсіптік өндіріс индексі туралы ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
6. "Құрылыстағы баға индексі" көрсеткіші бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
7. "Өнеркәсіптік өнім өндірушілердің баға индексі" көрсеткіші бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
8. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің баға индексі" көрсеткіші бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
9. Халықтың табиғи қозғалысының көрсеткіштері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
10. Бөлшек сауда көрсеткіштері бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
11. Көлік қызметін сипаттайтын көрсеткіштер бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру әдістемесі.
12. Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының сыртқы және өзара саудасының статистикасын қалыптастыру әдістемесі.".