Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № 17 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық форум туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б.Сұлтанов | А.Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық форум туралы ережеге енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1.5-тармақ мынадай мазмұндағы "з" және "и" тармақшаларымен толықтырылсын:
"з) Одақтың ішкі нарығында және әлемдік нарықта мүше мемлекеттердің тауарларының (өнімдерінің) бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
и) мүше мемлекеттер айқындаған, соның ішінде ұлттық сапа конкурстарын өткізу қорытындысы бойынша айқындалған мүше мемлекеттердің таңдаулы тауарларының (өнімдерінің) жетістіктерінің таныстырылымы және ақпараттық қолдау.".
2. 6-тармақ "арналған алаң" сөздерінен кейін "жетістіктерді көрсету және" сөздерімен толықтырылсын.
3. 14-тармақта "және форум өткізетін елдер" деген сөздер ", форум өткізетін елдер басқа мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 26-тармақ мынадай мазмұндағы "е" тармақшасымен толықтырылсын:
"е) осы Ереженің 5-тармағының "и" тармақшасына сәйкес айқындалған әрбір мүше мемлекеттің таңдаулы тауарларының (өнімдерінің) таныстырылымына арналған (тең мөлшердегі) көрмелік алаңдар.".