1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.1.8-тармағына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2022 жылғы 21 қаңтардағы № 3 өкіміне | |
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3.1.8-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. "Одақ транзитінің бірыңғай жүйесі туралы халықаралық шартты әзірлеу және қабылдау" позициясында:
төртінші графада "2021" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші графада мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"халықаралық шарттың жобасы";
2. "Одақ транзитінің бірыңғай жүйесінің Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің транзит жүйелерімен өзара іс-қимыл мүмкіндігін іске асыруға бағытталған шаралар кешенін тұжырымдау" позициясында төртінші графада "2021 жылғы 1 шілдеге дейін" деген сөздер "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын, "2021 жылғы 31 жеелтоқсанға дейін" деген сөздер "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" сөздермен ауыстырылсын.