Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім күшіне енген күнге қолданыстағы сараптама актілерінің қолданылу мерзімі 1 жылға ұзартылады деп белгіленсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан |
Қырғыз |
Ресей |
М. Григорян | И. Петришенко | Б.Сұлтанов | А.Кожошев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 53 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларында:
а) 9-тармақтың үшінші абзацында "1 жыл ішінде" деген сөздер "2 жыл ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) көрсетілген Қағидаларға № 1 қосымшада:
V бөлімде "8427-ден, 8436-дан Ағаш тиеуіш" позициясында:
бірінші графада мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"8427 20 190-нан Ағаш материалдарын фронталды (жақсүйек тәріздес, қармағышты) және қолқұрылғы типті тиеуіш
8436 80 100 9 Өзге де орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдық";
екінші графада:
алтыншы абзац ("құрастырылымында бар болған кезде") деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"өндірісі немесе мүше мемлекеттер аумағында өндірілген ағаш жинағыш және (немесе) бөрене итергіш (құрастырылымында бар болған кезде) жабдықты пайдалану;
өндірісі немесе мүше мемлекеттер аумағында өндірілген су қолқұрылғыларын (құрастырылымында бар болған кезде) пайдалану;
өндірісі немесе мүше мемлекеттер аумағында өндірілген сүйрегіш қармауларды (құрастырылымында бар болған кезде) пайдалану";
VІІІ бөлімде "3209 10 000-ден Сулы ортадағы акрил немесе винил полимерлер негізіндегі лак-бояу материалдары" позициясы бірінші графада "Автомобиль жолдарына деңгейлес белгі салуға арналған термопластиктер" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енізу туралы" № 145 шешімінің 2-тармағында "2022 жылғы 31 желтоқсан" деген сөздер "2023 жылғы 30 маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.