1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 4 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.6.6-тармағына өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко Б.Сұлтанов А.Кожошев А.Оверчук
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің | |
2022 жылғы 17 наурыздағы № 10 өкіміне | |
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 11.6.6-тармағына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Екінші графада:
"Комиссия мен Африка одағы арасындағы 2021 – 2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын келісу" деген сөздер "Африка одағымен ынтымақтастық, ҒӘҚН шеңберінде "Африка одағымен өзара іс-қимылдың кезекті кезеңге арналған нысаналы бағдарларын өзектілендіру" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Комиссия мен Африка одағы арасындағы 2021 – 2022 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру" деген сөздер алып тасталсын.
2. Төртінші графада "2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "тұрақты негізде" деген сөздермен ауыстырылын.
3. Бесінші графада "Ынтымақтастық бағдарламасы," деген сөздер алып тасталсын.