2018 жылғы 2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 16-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Темекі (құрамында никотин бар) өнімдерінің тізбесіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 44 шешіміне қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |
М. Григорян | И. Петришенко | Б. Сұлтанов | А. Касымалиев | А. Оверчук |
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 111 шешіміне ҚОСЫМША |
Темекі (құрамында никотин бар) өнімдерінің тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. "Тауардың атауы" деген баған "*" белгісі бар сілтемемен толықтырылсын.
2. ЕАЭО СЭҚ ТН коды "2404-тен*" деген позиция алып тасталсын.
3. Мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"2404 11 000 |
Жанбайтын, иіскеп соруға арналған, құрамында темекі бар өнім немесе қалпына келтірілген темекі |
2404 12 000 |
Жанбайтын, иіскеп соруға арналған, құрамында никотин бар өзге өнім |
2404 19 000 |
Жанбайтын, иіскеп соруға арналған, құрамында темекіні немесе никотинді алмастырғыштар бар өзге өнім". |
4. Сілтеме мынадай редакцияда жазылсын:
"*Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін ЕАЭО СЭҚ ТН кодын ғана басшылыққа алған жөн, тауардың атауы пайдаланудың ыңғайлы болуы үшін ғана келтірілген.".