2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
Мыналар:
а) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 173 шешімімен енгізілген Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 021/2011) өзгерістер күшіне енген күннен бастап 24 ай ішінде, Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде (КО ТР 021/2011) белгіленген міндетті талаптарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тамақ өнімдерін өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген өнімнің айналысына оны дайындаушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |