Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Азаматтық мақсаттағы, соның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ереженің 6-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 15 қосымша) мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жеке тұлғалардың радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) кеден органына осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, қорытындыны (рұқсат беру құжатын) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың Одақтың кедендің аумағынан бүрын уақытша әкетілген радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Одақтың кедендік аумағына кері әкелуі мүше мемлекеттің кеден органына көрсетілген радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды әкету кезінде рәсімделген және олардың сәйкестендіру белгілерін (атауы, моделі және радиожиілік жолағы) қамтитын кедендік жолаушы декларациясын ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалардың бірыңғай тізілімге немесе осы Ереженің № 2 қосымшасында көзделген тізбеге енгізілген радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде әкелуі мүше мемлекеттің кеден органына қорытындыны (рұқсат беру құжатын) және кедендік жолаушы декларациясын ұсынбастан жүзеге асырылады.".
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |