Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тербеліс мойынтіректеріне (инелілерін қоспағанда) қатысты демпингке қарсы шаралардың қолданысын ұзарту туралы" 2018 жылғы 21 тамыздағы № 139 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шара қоса алғанда 2024 жылғы 20 сәуірге дейін ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2024 жылғы 20 сәуірге дейінгі аралықта алдын ала демпингке қарсы баж алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 21 тамыздағы № 139 шешімімен белгіленген ставкалар бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 21 тамыздан ерте емес күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |