2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 44 және 45-баптарына, көрсетілген Шартқа № 6 және 7 қосымшаларына және 2011 жылғы 19 мамырдағы Көпжақты сауда жүйесі шеңберінде Кеден одағының жұмыс істеуі туралы шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлеріне қатысты 2024 жылға арналған тарифтік квоталар белгіленсін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін осы тауарларға қатысты тарифтік квоталардың (бұдан әрі – тарифтік квоталар) көлемдері бөлінсін.
2. Тарифтік квоталар ТМД-ға қатысушы елдерде шығарылатын және әкелінетін тауарларды қоспағанда ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ауыл шаруашылығы тауарларына қатысты қолданылады деп белгіленсін.
3. Ресей Федерациясы тарифтік квоталардың көлемдерін үшінші елдер арасында Ресей Федерациясының заңнамасына және Ресей Федерациясының Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі міндеттемелеріне сәйкес бөліп таратуды қамтамасыз етсін.
4. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер:
сыртқы қызметке қатысушылар арасында тарифтік квоталардың көлемдерін өз заңнамасына сәйкес бөліп таратуды жүзеге асырсын;
атқарушы биліктің уәкілетті органдарына осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген тауарлардың импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруды тапсырсын.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 22 тамыздағы № 121 шешіміне ҚОСЫМША |
2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, оларға қатысты тарифтік квоталар белгіленген ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлері және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге әкелінетін осы тауарларға қатысты 2024 жылға арналған тарифтік квоталардың көлемдері
Оларға қатысты тарифтік квоталар белгіленген тауарлар | Тарифтік квоталардың көлемі (мың тонна) | |||||
Тауардың атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Армения Республикасы | Беларусь Республикасы | Қазақстан Республикасы | Қырғыз Республикасы | Ресей Федерациясы |
Ірі қара малдың еті, жас немесе тоңазытылған | 0201 10 000 1, 0201 20 200 1, 0201 20 300 1, 0201 20 500 1, 0201 20 900 1, 0201 30 000 4 | 9,0 | 0,0 | 21,0 | 5,0 | 40,0 |
Ірі қара малдың еті, мұздатылған | 0202 10 000 1, 0202 20 100 1, 0202 20 300 1, 0202 20 500 1, 0202 20 900 1, 0202 30 100 4, 0202 30 500 4, 0202 30 900 4 | 530,0 | ||||
Шошқаның жас, тоңазытылған немесе мұздатылған еті | 0203 11 100 1, 0203 11 900 1, 0203 12 110 1, 0203 12 190 1, 0203 12 900 1, 0203 19 110 1, 0203 19 130 1, 0203 19 150 1, 0203 19 550 1, 0203 19 590 1, 0203 19 900 1, 0203 21 100 1, 0203 21 900 1, 0203 22 110 1, 0203 22 190 1, 0203 22 900 1, 0203 29 110 1, 0203 29 130 1, 0203 29 150 1, 0203 29 550 1, 0203 29 550 2, 0203 29 590 1, 0203 29 900 1, 0203 29 900 2 | 12,0 | 20,0 | 0,0 | 2,0 | 0,0 |
0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас тоңазытылған немесе мұздатылған: | ||||||
үй құстарының сүйегі сылынбаған мұздатылған жарты немесе ширек ұшасы және үй құстарының сүйегі сылынбаған мұздатылған аяқтары және олардың кесектері | 0207 14 200 1, 0207 14 600 1 | 39,1 | 0,0 | 128,0 | 58,0 | 250,0 |
үй құстарының сүйегі сылынған жас немесе тоңазытылған еті | 0207 13 100 1 | 10,0 | 12,0 | 0,0 | ||
үй құстарының сүйегі сылынған мұздатылған еті | 0207 14 100 1 | 100,0 | ||||
күркетауықтардың сүйегі сылынған жас немесе тоңазытылған еті | 0207 26 100 1 | 0,9 | 0,0 | |||
күркетауықтардың сүйегі сылынған мұздатылған еті | 0207 27 100 1 | 14,0 | ||||
күркетауықтардың сүйегі сылынбаған мұздатылған ұшасының бөліктері | 0207 27 300 1, 0207 27 400 1, 0207 27 600 1, 0207 27 700 1 | 0,0 | ||||
жоғарыда аталмаған, 0105 тауар позициясында көрсетілген үй құсының еті және тағамдық қосымша өнімдері, жас тоңазытылған немесе мұздатылған | 0207 11 100 1, 0207 11 300 1, 0207 11 900 1, 0207 12 100 1, 0207 12 900 1, 0207 13 200 1, 0207 13 300 1, 0207 13 400 1, 0207 13 500 1, 0207 13 600 1, 0207 13 700 1, 0207 13 910 1, 0207 13 990 1, 0207 14 300 1, 0207 14 400 1, 0207 14 500 1, 0207 14 700 1, 0207 14 910 1, 0207 14 990 1, 0207 24 100 1, 0207 24 900 1, 0207 25 100 1, 0207 25 900 1, 0207 26 200 1, 0207 26 300 1, 0207 26 400 1, 0207 26 500 1, 0207 26 600 1, 0207 26 700 1, 0207 26 800 1, 0207 26 910 1, 0207 26 990 1, 0207 27 200 1, 0207 27 500 1, 0207 27 800 1, 0207 27 910 1, 0207 27 990 1, 0207 41 200 1, 0207 41 300 1, 0207 41 800 1, 0207 42 300 1, 0207 42 800 1, 0207 43 000 1, 0207 44 100 1, 0207 44 210 1, 0207 44 310 1, 0207 44 410 1, 0207 44 510 1, 0207 44 610 1, 0207 44 710 1, 0207 44 810 1, 0207 44 910 1, 0207 44 990 1, 0207 45 100 1, 0207 45 210 1, 0207 45 310 1, 0207 45 410 1, 0207 45 510 1, 0207 45 610 1, 0207 45 710 1, 0207 45 810 1, 0207 45 930 1, 0207 45 950 1, 0207 45 990 1, 0207 51 100 1, 0207 51 900 1, 0207 52 100 1, 0207 52 900 1, 0207 53 000 1, 0207 54 100 1, 0207 54 210 1, 0207 54 310 1, 0207 54 410 1, 0207 54 510 1, 0207 54 610 1, 0207 54 710 1, 0207 54 810 1, 0207 54 910 1, 0207 54 990 1, 0207 55 100 1, 0207 55 210 1, 0207 55 310 1, 0207 55 410 1, 0207 55 510 1, 0207 55 610 1, 0207 55 710 1, 0207 55 810 1, 0207 55 930 1, 0207 55 950 1, 0207 55 990 1, 0207 60 050 1, 0207 60 100 1, 0207 60 210 1, 0207 60 310 1, 0207 60 410 1, 0207 60 510 1, 0207 60 610 1, 0207 60 810 1, 0207 60 910 1, 0207 60 990 1 | 0,0 | 0,0 | |||
Сүт сарысуының және түрі өзгерген сүт сарысуының жекелеген түрлері, ұнтақ, түйіршікті немесе басқа да қатты түрдегі, қант немесе басқа да тәттілендіретін заттар қосылмаған | 0404 10 120 1, 0404 10 160 1 | 1,2 | 0,0 | 0,0 | 0,0 | 15,0 |