Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 14-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1-қосымша) және Еуразиялық экономикалық одақ құқығына кіретін актілерді жүйелеу мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2012 жылғы 23 тамыздағы "1987 жылғы тауарлар саудасындағы шарттылықты жеңілдету туралы конвенцияға және 1987 жылғы жалпы транзит рәсімі туралы конвенцияға қосылу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы" № 148-шешімінің 1 – 3-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |