Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аэронавигациялық және әуежайлық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету кезінде тең тарифтік шарттарды ұсыну мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратты назарға ала отырып (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1-қосымша), Еуразиялық экономикалық комиссиясының алқасы шешті:
1. Одақ шеңберінде аэронавигациялық және әуежайлық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету кезінде тең тарифтік шарттардың болмауына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергіні шектеу ретінде бағалау.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Кожошев А. О. осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген шектеуді жоюға бағытталған шаралар қабылдасын.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Симонян В. А. осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген шектеуді Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы шектеулер тізіліміне енгізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
М. Мясникович |