Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде көлік құралдарының, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының үздіксіз өндірісін қамтамасыз ету және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген, макроэкономикалық тұрақтылықты қаматамасыз етуді қоса алғанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесінің 2.10-тармағын іске асыру мақсаттарында, Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 29-тармағына және № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 120 шешімінің 1-тармағының б) тармақшасындағы "2023 жылғы 1 ақпанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 1 мамырға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян | Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко | Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин | Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев | Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук |