Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 43 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 16 және 18-тармақтарына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 7 және 16-тармақтарына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шешті:
1. "Еуразиялық экономикалық одақты бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2009 жылғы 27 қарашадағы №130 шешімінің 7-тармағы мынадай мазмұндағы 7.1.56-тармақшамен толықтырылсын:
"7.1.56. Ет өнімі өндірісінде пайдалану үшін арналған, ірі мүйізді малдың еті:
Беларусь Республикасына 7,5 тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін, ЕАЭО СЭҚ ТН 0201 10 000 8, 0201 20 200 8, 0201 20 300 8, 0201 20 500 8, 0201 20 900 8 және 0201 30 000 8 кодтарымен сыныпталған, жас немесе қатырылған және ЕАЭО СЭҚ ТН 0202 10 000 8, 0202 20 100 8, 0202 20 300 8, 0202 20 500 8, 0202 20 900 8, 0202 30 100 8, 0202 30 500 8 және 0202 30 900 8 кодтарымен сыныпталған, мұздатылған;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 23 тамыздағы №119 шешіміне сәйкес, тарифтік квота қолданылатын, мұздатылған;
ЕАЭО СЭҚ ТН 0202 10 000 1, 0202 20 100 1, 0202 20 300 1, 0202 20 500 1, 0202 20 900 1, 0202 30 100 4, 0202 30 500 4 және 0202 30 900 4 кодтарымен сыныптлған және Армения Республиткасына 10 мың тоннадан аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасына 5 мың тоннадан аспайтын көлемде және Қырғыз Республикасына 2,5 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін;
ЕАЭО СЭҚ ТН 0202 30 100 4, 0202 30 500 4 және 0202 30 900 4 кодтарымен сыныпталатын және Ресей Федерациясына 100 мың тоннадан аспайтын көлемде әкелінетін.
Әкелінетін тауарлардың мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген, осы тармақшада аталған тауарларға жататындығы туралы және ірі мүйізді малдың етін әкелуді жүзеге асыратын ұйымдар туралы, мұндай тауардың номенклатурасы, саны және құны туралы мәліметтер болғанын расталуын мүше мемлекеттің кеден органына ұсыну шартымен, аталған тарифтік жеңілдік ұсынлады.
Аталған тарифтік жеңілдік қолданыла отырып, ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды өткізуге (сатуға) тек ет өнімі үшін өндіріске және тек кеден органы мұндай тауарларды шығарған мүше мемлекетте тіркелген және оларды санатқа жатқызудың меже өлшемі немесе ет өнімін өндірушілердің тізбесі мұндай мүше мемлекеттің заңнамасымен айқындала алатын, ет өнімін өндірушілер болып табылатын адамдарға (бұдан әрі – ет өңдейтін кәсіпорындар) жол беріледі.
Аталған тарифтік жеңілдік қолданыла отырып, ішкі тұтыну үшін шығаруға кедендік рәсімге орналастырылған тауарларды пайдалану және (немесе) иелік ету жөніндегі шектеулер:
ет өңдейтін кәсіпорындар мұндай кедендік рәсімге осы тауарларды орналастырған кезде, тауар кәсіпорынның қоймасына түскен кезге дейін, бірақ ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес, мұндай тауарлар шығарылған күннен бастап, 1 жылдан аспайтын кезге дейін -;
ет өңдейтін кәсіпорындар болып табылмайтын тұлғалар осы тауарларды мұндай кедендік рәсімге орналастырған кезде - ет өңдейтін кәсіпорындар тауарларды өткізгенге (сатқанға) дейін, бірақ ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне сәйкес, мұндай тауарлар шығарылған күннен бастап, 1 жылдан аспайтын кезге дейін қолданылады.
Мұндай тауарларды қабылдау немесе қабылдау-беру актісінң көшірмесі ет өңдейтін кәсіпорынның қоймасына тауардың түсуін немесе ет өңдейтін кәсіпорынға мұндай тауарларды өткізуді (сатуды) растайтын құжат болып табылады.
Тауарларға декларация, ал тауарларға декларация берілгенге дейін тауарлар шығарылған жағдайда - тауарларға декларация берілгенге дейін тауарлар шығару туралы өтінім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда, мүше мемлекеттің кеден органында тіркелген, ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсіміне орналастырылатын (орналастырылған) тауарлаға қатысты осы тармақшада көзделген тарифтік жеңілдік ұсынылады.".
2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 728 шешімімен бекітілген, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына жекелеген тауарлар санаттарын әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босату қолданылатын тәртіптің 15-тармағындағы "7.1.55" цифрлары "7.1.56" цифрларымен ауыстырылсын.
3. Осы Шешім ол ресми жарияланған күннен бастап, 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап, туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің мүшелері:
Армения Республикасынан Құжаттар үшін М.Григорян | Беларусь Республикасынан Құжаттар үшін И.Петришенко | Қазақстан Республикасынан Құжаттар үшін С.Жұманғарин | Қырғыз Республикасынан Құжаттар үшін А.Қасымалиев | Ресей Федерациясынан Құжаттар үшін А.Оверчук |