Мүше мемлекеттердің бір де бірімен жалпы шекарасы жоқ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтары арқылы өзге мүше мемлекеттің аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының кедергісіз жылжуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарына ("жол картасына") өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 2 өкімі

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №23 өкімімен бекітілген, Мүше мемлекеттердің бір де бірімен жалпы шекарасы жоқ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттердің аумақтары арқылы өзге мүше мемлекеттің аумағына Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларының кедергісіз жылжуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарының ("жол картасының") 1және 2-тармақтарында, төртінші бағандағы "2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздер "2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Өкім ол қабылданған күннен бастап, күшіне енеді.

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:

      Армения Беларусь Қазақстан Қырғыз Ресей
Республикасынан Республикасынан Республикасынан Республикасынан
Федерациясынан
М.Григорян И.Петришенко С.Жұманғарин А.Касымалиев А.Оверчук


О внесении изменения в план мероприятий ("дорожную карту") по созданию условий для обеспечения беспрепятственного перемещения товаров Евразийского экономического союза с территории государства – члена Евразийского экономического союза, не имеющего общей границы ни с одним из государств-членов, на территорию другого государства-члена через территории государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза

Распоряжение Совета Евразийской экономической комиссии от 25 января 2023 года № 2.

      1.В пунктах 1 и 2 плана мероприятий ("дорожной карты") по созданию условий для обеспечения беспрепятственного перемещения товаров Евразийского экономического союза с территории государства – члена Евразийского экономического союза, не имеющего общей границы ни с одним из государств-членов, на территорию другого государства-члена через территории государств, не являющихся членами Евразийского экономического союза, утвержденного распоряжением Совета Евразийской экономической комиссии от 2 декабря 2021 г. № 23, в графе четвертой слова "до 31 декабря 2022 г." заменить словами "до 31 декабря 2023 г.".

      2.Настоящее распоряжение вступает в силу с даты его принятия.

      Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики
Армения
От Республики
Беларусь
От Республики
Казахстан
От Кыргызской
Республики
От Российской
Федерации
М. Григорян И. Петришенко С. Жумангарин А. Касымалиев А. Оверчук