Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы № 283-шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 1 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 7 және 44-тармақтарына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1-қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасы шешті:

      1. 2013 жылғы 2 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының № 283 "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі Консультативтік комитет құру, кедендік реттеу жөніндегі Консультативтік комитет туралы ережеге өзгеріс енгізу және Кеден одағы комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 3 – 5-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;

      б) көрсетілген шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеті туралы Ереженің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комитеттің құрамына осы органдардың немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен басшыларының орынбасарлары деңгейінде әрбір бақылаушы органнан 2 өкіл (бұдан әрі – Комитет мүшелері) кіреді.

      Комитеттің құрамын қалыптастыру үшін Комиссия алқасы мүше мемлекеттерден Комитет мүшелерінің кандидатуралары бойынша ұсыныстар сұратады.

      Мүше мемлекеттердің ұсыныстары бойынша Комитет құрамына бизнес-қоғамдастықтың (мүше мемлекеттен 2 өкілден артық емес), ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өзге де тәуелсіз сарапшылар енгізілуі мүмкін.

      Мүше мемлекеттер Комиссия алқасын Комитет мүшелерін ауыстыру қажеттігі туралы уақтылы хабардар етеді, сондай-ақ оның құрамына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар береді.

      Комитеттің құрамы Комиссия алқасының өкімімен бекітіледі";

      в) уәкілетті өкілдері көрсетілген шешіммен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі Консультативтік комитеттің құрамына енгізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесінде:

      III-бөлімнің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі";

      IV-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"IV. Қырғыз Республикасынан

      1. Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі.

      2. Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі.

      3. Қырғыз Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі.

      4. Қырғыз Республикасының Экономика және Коммерция министрлігі.

      5. Қырғыз Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі.

      6. Қырғыз Республикасы Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.

      7. Қырғыз Республикасының Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі жанындағы Ветеринариялық қызмет.".

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
алқасының төрағасы
М. Мясникович

О внесении изменений в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 2 декабря 2013 г. № 283

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 10 января 2024 года № 1.

      В соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Внести в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 2 декабря 2013 г. № 283 "О создании Консультативного комитета по взаимодействию контролирующих органов на таможенной границе Евразийского экономического союза, внесении изменения в Положение о Консультативном комитете по таможенному регулированию и признании утратившими силу некоторых решений Комиссии Таможенного союза" следующие изменения:

      а) пункты 35 признать утратившими силу;

      б) пункт 2 Положения о Консультативном комитете по взаимодействию контролирующих органов на таможенной границе Евразийского экономического союза, утвержденного указанным Решением, изложить в следующей редакции:

      "2. В состав Комитета входят по 2 представителя от каждого контролирующего органа на уровне руководителей и заместителей руководителей этих органов или их структурных подразделений (далее – члены Комитета).

      Для формирования состава Комитета Коллегия Комиссии запрашивает у государств-членов предложения по кандидатурам членов Комитета.

      По предложениям государств-членов в состав Комитета могут включаться представители бизнес-сообщества (не более 2 представителей от государства-члена), научных и общественных организаций, иные независимые эксперты.

      Государства-члены своевременно информируют Коллегию Комиссии о необходимости замены членов Комитета, а также представляют предложения по внесению изменений в его состав.

      Состав Комитета утверждается распоряжением Коллегии Комиссии.";

      в) в перечне органов исполнительной власти государств – членов Евразийского экономического союза, уполномоченные представители которых включаются в состав Консультативного комитета по взаимодействию контролирующих органов на таможенной границе Евразийского экономического союза, утвержденном указанным Решением:

      пункт 3 раздела III изложить в следующей редакции:

      "3. Министерство транспорта Республики Казахстан.";

      раздел IV изложить в следующей редакции:

"IV. От Кыргызской Республики

      1. Министерство здравоохранения Кыргызской Республики.

      2. Министерство водных ресурсов, сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности Кыргызской Республики.

      3. Министерство транспорта и коммуникаций Кыргызской Республики.

      4. Министерство экономики и коммерции Кыргызской Республики.

      5. Государственная таможенная служба при Министерстве финансов Кыргызской Республики.

      6. Пограничная служба Государственного комитета национальной безопасности Кыргызской Республики.

      7. Ветеринарная служба при Министерстве водных ресурсов, сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности Кыргызской Республики.".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической комиссии
М. Мясникович