Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 58 бабының 2 тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентінің № 2 қосымшаның 22 тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 54 Шешіміне ҚОСЫМША |
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға № 1 қосымшаға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. II бөлімнің мәтіні бойынша "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында" деген сөздер "Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Ресей Федерациясының аумағында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 461-позицияда 3-бағанда "6" деген ескерту белгісі "5"деген мілтеме белгісімен ауыстырылсын.
3. 4-бағандағы 68-позиция "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін ", Қырғыз Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 4 және 5-ескертпелердегі "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үшін" деген сөздер "Армения Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 6-ескерту алынып тасталсын.
6. 7-ескертпеде "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы үшін" деген сөздер "Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы үшін" деген сөздермен ауыстырылсын.