Алматы шетел тiлдерi педагогикалық институтын Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетi етiп қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 23 маусым N 1283. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Алматы шетел тiлдерi педагогикалық институтының ғылыми-педагогикалық және интеллектуалдық әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану, оның материалдық-техникалық базасының, кадрлар әлеуетiнiң жеткiлiктiлiгiн ескере отырып, әлемдiк тiлдердiң кең ауқымы бойынша мамандар даярлаудағы үлесiн арттыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Алматы шетел тiлдерi педагогикалық институты Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бөлген бюджет қаражаты шегiнде Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетi болып қайта құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi халықаралық байланыстарды қаржыландыру, шетел әдебиетiн, осы заманғы оқу-ғылыми жабдықтарын алу үшiн Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiне жыл сайын валюталық қаражат бөлудi қарастырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiнiң құрылымын, мамандықтардың номенклатурасын айқындасын, материалдық-техникалық жарақтандырылу мен кадрлар әлеуетiн нығайту жөнiнде шаралар қолдансын. 
      4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiне баспа қызметiнiң хұқын берсiн және баспа кешенiн құруға қажеттi көмек көрсетсiн.     

       Қазақстан Республикасының
      Президентi 

 

О преобразовании Алматинского педагогического института иностранных языков в Казахский государственный университет мировых языков

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Президента Республики Казахстан от 23 июня 1993 г. N 1283. Утратило силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)

      В целях более эффективного использования научно-педагогического и интелектуального потенциала Алматинского педагогического института иностранных языков, увеличения его вклада в подготовку специалистов по широкому спектру мировых языков, с учетом достаточности материально-технической базы, кадрового потенциала ПОСТАНОВЛЯЮ: 
      1. Преобразовать Алматинский педагогический институт иностранных языков в Казахский государственный университет мировых языков в пределах бюджетных ассигнований, выделенных Министерству образования Республики Казахстан. 
      2. Кабинету Министров Республики Казахстан предусматривать ежегодное выделение Казахскому государственному университету мировых языков валютных ассигнований для финансирования международных связей, приобретения зарубежной литературы, современного учебно-научного оборудования. 
      3. Министерству образования Республики Казахстан определить структуру Казахского государственного университета мировых языков,  номенклатуру специальностей, принять меры по укреплению материально-технического оснащения и кадрового потенциала.
     4. Министерству печати и массовой информации, Министерству образования Республики Казахстан предоставить право издательской деятельности и оказать необходимую помощь в создании издательского комплекса Казахскому государственному университету мировых языков.

             Президент
        Республики Казахстан