Қазақстанның бiрсыпыра кәсiпорындары республикадан сырт жерлерге өнiмдер бере отырып, өздерi тапқан Ресей валютасын Ресейдiң банкiлерiнiң өзiнде қалдырады. Мұның өзi Ресеймен саудада терiс сальдоның өсуiне, бұрынғы КСР Одағының басқа мемлекеттерiмен өзара есеп айырысуда iркiлiстер тууына және тоқтатылуына әкелiп соғады.
Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесiн қорғау мақсатында қаулы етемiн:
1. 1993 жылғы 5 шiлдеден бастап барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлер, меншiк нысандарына қарамастан жоғарыда аталған мемлекеттерден алған дайын өнiмдер, материалдық ресурстар үшiн ақы төлеудi, сондай-ақ тауар емес төлемдердi республиканың коммерциялық банктерi қызмет көрсететiн корреспонденттiк шоттардағы қаражаттар шегiнде жүзеге асырады.
2. Әкiмдер, кәсiпорындардың, ұйымдардың басшылары:
жiберiлген өнiмдер мен көрсетiлген қызметтер үшiн мерзiмi өткен төлемдердi өндiрiп алу жөнiнде қосымша шараларды екi апта мерзiмде қолдансын;
берiлген шикiзат, материалдар және дайын өнiм үшiн алдын ала төлем жасап есеп айырысуға көшсiн;
кәсiпорындардың аталған мемлекеттердiң банкiлерiндегi бүкiл шоттары он күн мерзiмде жабылсын және мұнан былай республикадан тыс жерлердегi есеп айырысулар Қазақстанның қызмет көрсетушi банкiлерiнiң корреспонденттiк шоттары арқылы жүргiзiлсiн.
3. Коммерциялық банктердiң басшыларына:
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң рұқсаты бойынша Ресейдiң, бұрынғы Одақтың басқа да мемлекеттерiнiң банктерiнде корреспонденттiк қатынас /шоттар/ белгiлеу;
кәсiпорындар мен ұйымдарға қарыздарын өндiрiп алу жөнiнде жәрдем көрсету;
бұрынғы КСР Одағы мемлекеттерiне өнiм экспортынан түскен түсiмнiң толықтығына қатаң бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
бергенi үшiн ақы төлеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң корреспонденттiк шотынан мемлекетаралық кредит есебiнен жүзеге асырылатын өнiмдерiнiң /дағдарыстағы импорттың/ номенклатурасын айқындасын. Республиканың экспорттық әлеуетiн өсiру, қажеттi шаруашылық байланыстарды қалпына келтiру жөнiнде нақты шаралар жасасын;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бiрлесiп республикада аталған мемлекеттердiң ақша мөлшерiн белгiлеудi енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi:
мемлекеттiк мұқтажға өнiм бергенi үшiн өзара есеп айырысудың тетiгiн жасау жөнiнде Ресейдiң Орталық банкiмен келiссөз жүргiзсiн;
облыс әкiмдерiмен,коммерциялық банктермен және қаржы органдарымен бiрлесiп аталған мемлекеттерге өнiм экспортын дербес немесе бiрлескен және еншiлес кәсiпорындар арқылы беретiн кәсiпорындардың есеп айырысуын тексерудi екi апта мерзiмде ұйымдастырсын және оның уақтылы төленуiне шаралар қолдансын.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы мемлекеттiк Қаржы бақылау комитетi екi ай мерзiмде коммерциялық банктердiң заңдылықты сақтау мен есеп айырысу тәртiбiн нығайту жөнiндегi жұмысын тексерсiн. Республикадағы ақша айналымы мен төлем балансын тұрақсыздандырғаны үшiн банктерге Заңмен белгiленген санкциялар қолданылсын.
Қазақстан Республикасының Президентi