Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын дамыту Тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы 1993 жылғы 7 желтоқсан N 1440. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының ұйымдық құрылымын одан әрi жетiлдiру, оны адамдармен және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

      1. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын дамыту Тұжырымдамасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:     Қазақстан Республикасының Республикалық ұланының қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi бұрын қабылданған шешiмдердiң мүлтiксiз орындалуын қамтамасыз етсiн;
      Қазақстан Республикасының Республика ұланын дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру үшiн керектi шаралар қолдансын. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

  Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының
Даму Тұжырымдамасы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 16 наурыздағы N 673 Жарлығымен құрылған Республикалық ұлан негiзiнен қалыптасып, Қазақстан Республикасының Конституциясы белгiлеген мiндеттердi орындауға кiрiстi. Оның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы" Заңымен бекiтiледi. 
      Республикадағы саяси ахуал, Республикалық ұланның iс-әрекет тәжiрибесi оның әрi қарай даму қажеттiгiн алға қойып отыр. Атап айтқанда: 

      1. Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгiн халықаралық қауымдастықтың тануы, оның халықаралық беделiнiң өсуi республикаға шетел мемлекеттерi басшыларының ресми сапарлары санының ұлғаюы және халықаралық деңгейдегi әртүрлi шаралардың өткiзiлуiмен байланысты. Мұндай жағдайларда халықаралық хаттамада көзделген рәсiмдiк жоралғылардың жүзеге асырылуы Республикалық ұланға жүктеледi, мұның өзi оның әрi қарай жетiлдiрiле түсуiн талап етедi. 

      2. Шет елдерге Президент, Вице-президент, Республика парламентi мен үкiметi басшыларының сапары кезiнде олардың көлiк құралдарын күзетудi ұйымдастыру қажет, бұл едәуiр валюта қаржысын бөлудi талап етедi. Егер осы мақсаттарға бұл үшiн арнайы әзiрленген Республикалық ұлан әскери қызметшiлерiнiң наряды тартылған жағдайда үлкен шығындарды болдырмау мүмкiндiгi бар. 

      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясы және мемлекеттiк маңызы бар басқа да объектiлер мұқият күзетiлуге тиiс. Бұл мiндеттi де Республикалық ұлан бөлiмшелерi атқара алады. 

      4. ТМД және алыс шет елдердегi белгiлi оқиғалардың даму барысы төтенше жағдайлар туған кезде қысқа мерзiмде маңызды мемлекеттiк объектiлердi (атом реакторлары, телерадио орталықтары, ұлттық банк, аэропорт, темiр жол вокзалы және басқалар) күзетке және қорғауға алу қажеттiгiн көрсетедi. Республикалық ұланның ұтқыр, арнайы әзiрленген бөлiмшелерi бұл мiндеттердi де шешуге даяр болуға тиiс. 

      5. Республикалық ұланның болуы және оның қызметi республикада тұрақты iшкi саяси ахуалды сақтауға және ұстап тұруға, сондай-ақ халықтың жекелеген экстремистiк пиғылдағы жiктерiнiң (топтарының) конституцияға қарсы ықтимал әрекеттерiн тыйып отыруға мүмкiндiк бередi. 

      6. Республикалық ұланды төтенше жағдайлар мен стихиялық апаттар кезiнде ықпалды көмек көрсетуге жұмылдыру мүмкiндiгi бар, бұл да оның құрамында арнайы әзiрленген бөлiмшелердiң болуын талап етедi. 

      7. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Қазақстан Республикасының Қорғанысы мен Қарулы Күштерi туралы" Заңына сәйкес Республикалық ұлан соғыс кезеңiнде Қарулы Күштердiң резервi болып саналады. Бұл оның тиiстi дәрежеде оқытылып-үйретiлуiн ғана емес, әскери мiндеттердi орындауын қамтамасыз ететiн ұйымдық құрылымының болуын қажет етедi. 
      Жоғарыда айтылғандарға орай Республикалық ұлан үшiн мынадай ұйымдық құрылымды белгiлеген орынды: Гвардия қолбасшысының басқармасы, күшейтiлген бригада, кiшi мамандарды даярлау мектебi, қамтамасыз ету және қызмет ету бөлiмшелерi. 
      Гвардия жеке құрамының жалпы саны 6000 адамнан тұрады деп белгiленсiн. 
      Республикалық ұлан астана және оның маңайында орналастырылсын. Бұл Республикалық ұлан бөлiмшелерi мен бөлiмдерiн республиканың әр түрлi аймақтарында бөлiп орналастырғанда туатын артық қауесеттердi болдырмауға жағдай туғызады. 
      Тиiстi жағдайларда бұл үшiн алдын ала жоспарланған Қорғаныс министрлiгiнiң көлiк құралдарын пайдалану, қажеттiлiкке орай, гвардия бөлiмшелерiн республиканың кез келген ауданына жылдам жеткiзуге мүмкiндiк бередi. 
      Әскер қатарына шақыру контингенттерi мен офицер кадрларының жеткiлiксiздiгiмен, сондай-ақ қаржылық, материалдық-техникалық ресурстарымен байланысты қиындықтарды ескере отырып, Республикалық ұланның жаңа бөлiмшелерiн құруды бес жыл iшiнде, яғни 1998 жылға дейiн бiртiндеп жүзеге асыру қажет. Гвардияны кеңейту графигi мүдделi министрлiктермен келiсiледi.

О Концепции pазвития Республиканской гваpдии Республики Казахстан

Постановление Пpезидента Республики Казахстан от 7 декабpя 1993 г. N 1440. Утратило силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)

      В целях дальнейшего совершенствования организационной структуры Республиканской гвардии Республики Казахстан, обеспечения ее людскими и материально-техническими ресурсами постановляю:
      1. Одобрить Концепцию развития Республиканской гвардии Республики Казахстан.
      2. Кабинету Министров Республики Казахстан:
      обеспечить безусловное выполнение ранее принятых решений по вопросам организации деятельности Республиканской гвардии Республики Казахстан;
      принять необходимые меры по реализации Концепции развития Республиканской гвардии Республики Казахстан.

     Президент
Республики Казахстан

                       КОНЦЕПЦИЯ РАЗВИТИЯ
          Республиканской гвардии Республики Казахстан

      Республиканская гвардия, созданная Указом Президента Республики Казахстан от 16 марта 1992 г. N 673, в основном сформирована и приступила к выполнению задач, определенных Конституцией Республики Казахстан. Ее правовой статус будет закреплен Законом Республики Казахстан "О Республиканской гвардии Республики Казахстан". 
      Политическая ситуация в республике, опыт деятельности Республиканской гвардии диктуют необходимость ее дальнейшего развития. А именно: 
      1. Признание суверенитета и независимости Республики Казахстан мировым сообществом, рост ее международного авторитета сопряжены с возрастанием количества официальных визитов в республику глав иностранных государств и проведением различных мероприятий международного уровня. Осуществление церемониальных ритуалов, предусмотренных международным протоколом в подобных случаях, возлагается на Республиканскую гвардию, что требует ее дальнейшего совершенствования. 
      2. При посещение зарубежных стран Президентом, Вице-Президентом, главами парламента и правительства республики необходимо организовать охрану их транспортных средств, что требует немалых валютных ассигнований. Больших расходов возможно избежать, если привлечь на эти цели наряд военнослужащих Республиканской гвардии, специально подготовленных для этого. 
      3. Резиденция Президента Республики Казахстан и другие объекты особой государственной важности должны быть под тщательной охраной. Эта задача под силу подразделениям Республиканской гвардии. 
      4. Развитие известных событий в странах СНГ и дальнего зарубежья подсказывает, что при возникновении экстремальных ситуаций необходимо в короткие сроки взять под охрану и защиту жизненно важные государственные объекты (атомные реакторы, телерадио центры, национальный банк, аэропорт, железнодорожный вокзал и другие). Мобильные, специально подготовленные подразделения Республиканской гвардии должны быть готовы решить и эти задачи. 
      5. Наличие и деятельность Республиканской гвардии способствуют сохранению и поддержанию стабильной внутриполитической обстановки в республике, а также пресечению возможных антиконституционных действий отдельных экстремистки настроенных слоев (группировок) населения. 
      6. Республиканскую гвардию возможно привлекать для оказания действенной помощи при чрезвычайных ситуациях и стихийных бедствиях, что также требует иметь в ее составе специально подготовленные подразделения. 
      7. В соответствие с Конституцией и Законом Республики Казахстан "Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан" Республиканская гвардия в военное время является резервом Вооруженных Сил. Это означает, что она должна быть не только соответственно обученной, но и иметь организационную структуру, способную обеспечить выполнение боевых задач. 
      Исходя из изложенных выше обстоятельств целесообразно для Республиканской гвардии определить следующую организационную структуру: Управление Командующего гвардией, усиленная бригада, школа подготовки младших специалистов, подразделения обеспечения и обслуживания. 
      Общую численность личного состава гвардии установить в 6000 человек. 
      Размещать Республиканскую гвардию в столице и ее пригородах. Это позволит избежать излишних толкований, которые неизбежны при рассредоточении частей и подразделений гвардии по различным регионам республики. 
      Использование в необходимых случаях транспортных средств Министерства обороны, спланированных для этого заранее, даст возможность, при необходимости, быстро перебросить подразделения гвардии в любой район республики. 
      Учитывая сложности, связанные с недостаточностью призывных контингентов и офицерских кадров, а также с финансовыми и материально-техническими ресурсами, развертывание новых подразделений Республиканской гвардии необходимо осуществлять постепенно в течение 5 лет, т.е. до 1998 года включительно. График развертывания гвардии согласовывается с заинтересованными министерствами.