Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанның алдындағы сiңiрген
айрықша еңбегiн тану белгiсi ретiнде және оның есiмiн мәңгi есте
қалдыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Д.А.Қонаевтың есiмi:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Тау-кен
институтына;
Шығыс Қазақстан облысы "Лениногор полиметалл комбинаты"
акционерлiк қоғамына берiлсiн.
2. Алматы қаласындағы Карл Маркс көшесi Д.А.Қонаев көшесi деп
аталсын.
3. Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға жыл сайын берiлетiн
академик Д.А.Қонаев атындағы сыйлықтар тағайындалсын.
4. Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражай үйi ұйымдастырылсын
және ол тұрған Төлебаев көшесiндегi 119 үйде мемориалды тақта
орнатылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi