Қазақстан Республикасында жекешелендiрудi қолдауға бағытталатын қаражатты жұмсау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 20 наурыз N 1611. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiруден келiп түсетiн қаражатты тиiмдi пайдалану және Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған Ұлттық бағдарламасын қолдау мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Жекешелендiрудi қолдауға бағытталатын қаржы үлесi мемлекеттiк меншiктi /мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарынан басқаларын/ жекешелендiруден республикалық бюджетке келiп түсетiн қаражаттың проценттiк арақатынасына қарай мөлшерленедi деп белгiленсiн. 
      2. Инвестициялық жобалар осы аталған қаражат есебiнен экономикалық сараптан өткiзiлгеннен кейiн қаржыландырылады деп белгiленсiн. 
      Инвестициялық жобаларды сараптан өткiзу жөнiнде тапсырыс берушiлер - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестициялық қаржы алушы кәсiпорындар. 
      3. Осы қаулыны жүзеге асыру жөнiндегi жұмыс органы болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры техникалық-экономикалық негiздемелерге, жобалар мен бағдарламалар тиiмдiлiгiнiң есептерiне /бизнес-жоспарларға/ және инвестициялық қаражат алу үшiн қажеттi басқа да құжаттарға негiзгi талаптарды бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн. 
      5. Қазақстан Республикасында жекешелендiрудi қолдауға бағытталатын қаражатты жұмсаудың тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/. 
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң     
1994 жылғы 20 наурыз  
N 1611 қаулысымен  
Бекiтiлген     

Қазақстан Республикасында жекешелендiрудi қолдауға
бағытталатын қаражатты жұмсаудың тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасында жекешелендiрудi қолдауға бағытталатын қаражатты жұмсаудың тәртiбiн белгiлейдi. 
      1. Жекешелендiрудi қолдауға бағытталатын қаражат мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiне, түрлi салаларда бәсекелестiктiң дамытылуына, экономиканың құрылымдық жағынан қайта бағдарлауына және республиканың экспорттық әлеуетiнiң арттырылуына жәрдемдесуге тиiс. 
      2. Аталған қаражат қайтарымсыз негiзде: 
      Қазақстан Республикасында Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға /II кезең/ арналған ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi шығысқа /жарнамаға, әдiстемелiк әдебиет шығаруға жұмсалатын шығын, аукциондар мен тендерлер өткiзуге байланысты шығыс/; 
      жекешелендiруге жататын кәсiпорындарды санациялауға, сондай-ақ оны жүзеге асырудың орындылығын экономикалық сараптауға; 
      жекешелендiру бағдарламасы шегiнде жобаларды экономикалық сараптау жұмыстарын қаржыландыруға; 
      кәсiпорындарды жекешелендiруден кейiнгi кезеңде қолдауға бөлiнедi. 
      3. Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған қаражатты әр айдың 30-да Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң есепшотына аударады. 
      4. Жекешелендiрудi қолдауға бағытталатын қаражатты жұмсау туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қорының /бұдан әрi - Қор/ ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп қабылдайды. 
      5. Ұсынылатын жобаларды қабылдау мен қарауды, инвестиция объектiлерi мен бағытын таңдауды, тәуелсiз сарапшылар тартуды жүзеге асыратын жұмыс органы - Қор. 
      6. Министрлiктер, ведомстволар, кәсiпорындар және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер аталған қаражатты алу туралы ұсыныстарды Қорға мерзiмiнде және қабылданған нысандар бойынша жасап, мына материалдарды: белгiленген ретпен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелердi, жобалар мен бағдарламалар тиiмдiлiгiнiң есептерiн /бизнес-жоспарларды/, аудиторлық анықтаманы және басқа да негiздеушi материалдарды тапсырады. 
      Құжаттар берiлген кезiнен бастап 30 күннен аспайтын мерзiм iшiнде қаралады. 
      7. Экономикалық сарапты қаржыландыру тапсырысшы мен тәуелсiз сарапшы арасындағы шартты негiзде жүзеге асырылып, шығын инвестициялық жобалардың құнына, ал жеке жобалар бойынша жекешелендiрiлген жағдайда - объектiлердiң құнына жатқызылады. 
      8. Аталған қаражат есебiнен қаржыландырылатын инвестициялар жөнiндегi бухгалтерлiк есеп республикалық бюджет есебiнен бөлiнетiн күрделi қаржы үшiн белгiленген ретпен дайындалып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiледi.

 

О pасходовании сpедств, напpавляемых на поддеpжку пpиватизации в Республике Казахстан

Постановление Пpезидента Республики Казахстан от 20 маpта 1994 г. N 1611. Утратило силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)

      В целях эффективного использования средств, поступающих от приватизации государственной собственности, поддержки реализации Национальной программы разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап) постановляю: 
      1. Определить, что доля средств, направляемых на поддержку приватизации, устанавливается в процентном соотношении к средствам, поступающим в республиканский бюджет от приватизации государственной собственности (кроме государственных сельскохозяйственных предприятий). 
      2. Установить, что финансирование инвестиционных проектов за счет указанных средств осуществляется после проведения экономической экспертизы. 
      Заказчиками на экспертизу инвестиционных проектов являются Государственный комитет Республики Казахстан по государственному имуществу и предприятия - получатели инвестиционных средств. 
      3. Определить рабочим органом по реализации настоящего постановления Государственный приватизационный фонд Республики Казахстан. 
      4. Государственному приватизационному фонду Республики Казахстан в месячный срок разработать основные требования к технико-экономическим обоснованиям, расчетам эффективности проектов и программ (бизнес-планам) и другим документам, необходимым для получения инвестиционных средств. 
      5. Утвердить Положение о порядке расходования средств, направляемых на поддержку приватизации в Республике Казахстан (прилагается).
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Государственный комитет Республики Казахстан по государственному имуществу.

     Президент
Республики Казахстан

                                           УТВЕРЖДЕНО
                                    постановлением Президента
                                     Республики Казахстан от
                                     20 марта 1994 г. N 1611

                           ПОЛОЖЕНИЕ
        о порядке расходования средств, направляемых на
         поддержку приватизации в Республике Казахстан

 
      Настоящее Положение разработано в соответствии с Национальной Программой разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап) и определяет порядок расходования средств, направляемых на поддержку приватизации в Республике Казахстан. 
      1. Средства, направляемые на поддержку приватизации, призваны содействовать процессам разгосударствления и приватизации, развитию конкуренции в различных отраслях, структурной переориентации экономики и повышению экспортного потенциала республики. 
      2. Указанные средства выделяются на безвозвратной основе: 
      на расходы по реализации Национальной программы разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап) (расходы на рекламу, выпуск методической литературы, расходы, связанные с проведением аукционов и тендеров); 
      на санацию предприятий, подлежащих приватизации, а также на экономическую экспертизу целесообразности ее проведения; 
      на финансирование работ по экономической экспертизе проектов в рамках программы приватизации; 
      на поддержку предприятий в постприватизационный период. 
      3. Министерство финансов Республики Казахстан ежемесячно, 30 числа, перечисляет указанные средства на расчетный счет Государственного комитета Республики Казахстан по государственному имуществу. 
      4. Решения о расходовании средств, направляемых на поддержку приватизации, принимаются Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с Министерством финансов Республики Казахстан по представлению Государственного приватизационного фонда Республики Казахстан (далее - Фонд). 
      5. Рабочим органом, осуществляющим прием и рассмотрение предлагаемых проектов, выбор объектов и направление инвестиций, привлечение независимых экспертов, является Фонд. 
      6. Министерства, ведомства, предприятия и другие хозяйствующие субъекты представляют в Фонд в сроки и по принятым формам предложения о получении указанных средств с представлением следующим материалов: утвержденных в установленном порядке технико-экономических обоснований, расчетов эффективности проектов и программ (бизнес-планы), аудиторской справки и других обосновывающих материалов. 
      Документы рассматриваются в срок, не превышающий 30 дней с даты их представления. 
      7. Финансирование экономической экспертизы осуществляется на договорной основе между заказчиком и независимым экспертом с отнесением затрат на стоимость инвестиционных проектов, а в случае приватизации по индивидуальным проектам - на стоимость объектов. 
      8. Бухгалтерская отчетность по инвестициям, финансируемым за счет указанных средств, производится в порядке, установленном для капитоловложений, осуществляемых за счет республиканского бюджета, и представляется в Государственный комитет Республики Казахстан по государственному имуществу.