Үйлестiрiлген қаржы-кредит саясаты мен банк қызметiн белгiлеу мақсатында қаулы етемiн: 1. Консультациялық-кеңесшi орган - сарапшылық банк кеңесi мына құрамда құрылсын: Қажыгелдин Ә.М. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары, төраға Абложей Л.И. - "КРАМДС-банк" инновациялық коммерциялық банкi басқармасының төрағасы Атшыбаева Р.Р. - "Қазжолбанк" акционерлiк коммерциялық банкi басқармасының төрағасы Баймұратов Е.О. - "Тұранбанк" Қазақ акционерлiк банкiнiң басқармасы төрағасының орынбасары Жолдасбеков А.М. - Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасының биржалық кеңесi төрағасының орынбасары Кәкiмжанов З.Х. - Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасының бас директоры Мыңбаев С.М. - "Қазкоммерц-Банк" акционерлiк коммерциялық банкiнiң басқармасы төрағасының орынбасары Святов С.А. - Қазтұтынуодағы Игiлiк-Банкi басқармасы төрағасының орынбасары Ли В.С. - Акционерлiк Орталықбанк басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары Шәйкенов Н.А. - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi 2. Сарапшылық банк кеңесi:
- Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне қаржы-кредит және банк қызметiн жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар енгiзуге;
- Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар және Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының бөлiмдерi әзiрлейтiн қаржы-кредит саясаты мен банк қызметiне қатысты заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердiң жобаларына қорытындылар беруге құқылы болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер
кабинетi Аппаратының Экономикалық саясат және Қаржы, еңбек және халықты әлеуметтiк жағынан қорғау бөлiмдерi Сарапшылық банк кеңесiнiң жұмыс органы болып белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Алматы, 1994 жылғы 5 сәуiр N 1638