Әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақысын көбейту және әскери қызметтен зейнеткерлiкке шыққан адамдардың зейнетақысын қайта есептеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 7 мамыр N 1690. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақы мен жасына байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы" 1994 жылғы 12 сәуiрдегi N 1651 Жарлығына сәйкес қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әскери қызметшiлерге, Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына ақшалай үлес төлеудi реттеу мен олардың әлеуметтiк қорғалуын күшейту туралы" 1994 жылғы 25 сәуiрдегi N 1682 қаулысына сәйкес белгiленген әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақысы /N 1 - 4 қосымшалар/ 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап 2,5 есе көбейтiлсiн. 
      2. Әскери қызметтен зейнеткерлiкке шыққан адамдардың зейнетақысы, қызмет өткерген жылдары үшiн, мүгедектiгi бойынша зейнетақы алатын әскери қызметшiлерге және асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы алатын қаза тапқан әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне берiлетiн зейнетақы қызметте тұратын әскери қызметшiлердiң осы қаулыға сәйкес өсiрiлген лауазымдық жалақысына сәйкес 1994 жылғы 1 сәуiрден бастап қайта есептелсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

      

      

Об увеличении должностных окладов военнослужащих и пеpесчете пенсий лицам, уволенным с военной службы

Постановление Пpезидента Республики Казахстан от 7 мая 1994 г. N 1690. Утратило силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 12 апреля 1994 г. N 1651  U941651_  "Об установлении нового размера минимальной заработной платы и пенсии по возрасту" ПОСТАНОВЛЯЮ: 
      1. Должностные оклады военнослужащих, установленные в соответствии с постановлением Президента Республики Казахстан от 25 апреля 1994 г. N 1682  K941682_  "Об упорядочении выплаты денежного довольствия военнослужащим, лицам рядового и начальствующего состава органов внутренних дел и усиления их социальной защиты" (приложения N 1-4), увеличить с 1 апреля 1994 г. в 2,5 раза. 
      2. Пересчитать с 1 апреля 1994 г. пенсии лицам, уволенным с военной службы, получающим пенсии за выслугу лет, по инвалидности, и членам семей погибших военнослужащих, получающим пенсии по случаю потери кормильца, исходя из увеличенных в соответствии с настоящим постановлением должностных окладов военнослужащих, состоящих на службе. 
     Президент Республики Казахстан