Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның кейбiр мүшелерiнiң кетуiне байланысты қаулы етемiн: 1. Азаматтық мәселелерi жөнiндегi Комиссия мына құрамда бекiтiлсiн: Комиссия төрағасы Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшiсi Комиссия төрағасының орынбасары Мұқашев Рақмет Желдiбайұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты, Құқықтық реформа,заңдылық және құқық тәртiбi жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Комиссия мүшелерi: Бабушкин Михаил Федорович - Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Азаматтық және кешiрiм жасау бөлiмiнiң меңгерушiсi Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты, Экономикалық реформа жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Шелипанов Александр Иванович - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты, Бақылау палатасы төрағасының орынбасары
Комиссия құрамына сондай-ақ лауазымы бойынша Қазақстан
Республикасының Iшкi iстер министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы, Сыртқы iстер министрi, Әдiлет министрi, олар болмаған жағдайда - аталған республикалық органдар басшыларының орынбасарлары кiредi. 2. Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы Президентiнiң "Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияны құру туралы" 1991 жылғы 14 ақпандағы N 261 қаулысы 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Президентi