Халықты жұмыспен қамтудың 1994 жылға арналған республикалық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегі N 1800 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ұсынған Халықты жұмыспен қамтудың 1994 жылға арналған республикалық бағдарламасы бекiтiлсiн /қоса берiледi/.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдем жасау қорына 1994 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсат үшiн белгiленген қаражаттың келiп түсу мөлшерiнде Бағдарламаның қаржыландырылуын қамтамасыз ететiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
1994 жылғы 15 шiлдедегi
N 1800 қаулысымен 
бекiтiлген    

Халықты жұмыспен қамтудың 1994 жылға арналған
республикалық бағдарламасы
 

      Осы Бағдарлама жүргiзiлiп жатқан әлеуметтiк-экономикалық реформалардың тереңдетiлуiн және еңбек нарығындағы ахуалды ескере отырып жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шараларды белгiлейдi.

1. Еңбек нарығының 1994 жылға арналған болжамы

      Еңбек нарығындағы 1993 жылғы ахуал жұмыскерлердiң босап қалуы және жұмыссыздық деңгейi турасында болжамдық бағалауды жоққа шығарды. Жекешелендiру бағдарламасын жүзеге асыруға, экономикадағы құрылымдық өзгерiстерге байланысты еңбек нарығын 250-ден 450 мыңға дейiн жұмыстан босап қалғандар толықтырып, ал жұмыссыздар саны 200-500 мың адамға жетедi деп шамаланған болатын.
      Халық шаруашылығын жұмыскерлердiң босап қалуы шынтуайтында болжамданғаннан азырақ, өндiрiстiң құлдырау қарқынының одан әрi үдей түсуiне қарамастан 46,7 мың адам болып шықты.
      Бұл процесстер 1994 жылғы еңбек нарығын болжамдауда ескерiлдi. Республикада әзiрге жаппай жұмыссыздық байқалмайды. Алайда жасырын жұмыссыздықтың "шоғырлануы" орын алуда. Ықтиярсыз демалыста жүрген жұмыскерлер мен өндiрiстiң құлдырауына байланысты толық емес жұмыс уақыты режимiнде жұмыс iстейтiндердi ескергенде, жасырын жұмыссыздық экономикалық тұрғыда белсендi халық санының 2-3 процентi мөлшерiнде бағаланады.
      Физикалық көнеруге байланысты жойылатын жұмыс орындарының саны жаңадан ашылатындар санынан инвестициялық белсендiлiктiң төмендiгi салдарынан арта түседi.
      Еңбек нарығына 1994 жылы мынадай факторлар әсерiн тигiздi:
      өндiрiс көлемiнiң азаюы;
      тиiмдiлiгi төмен, зиян шегiп отырған кәсiпорындар мен ұйымдарды қайта құру және жою:
      құрылымдық өзгерiстер, жекешелендiру және мемлекет иелiгiнен алу;
      еңбек нарығында жұмыс күшiне кәсiби бiлiктiлiк және аумақтық аспектiлерiнде сұраныс пен ұсыныстың теңестiрiлмегендiгi.
      1994 жылы жұмыскерлердiң босап қалуы 133 мың адам құрайтын болады.
      Жұмыстан босап қалудың мұндай ауқымымен жұмыссыздық бұрынғыша кәсiпорындар мен ұйымдарда жасырын нысанда шоғырланып, 400-ден 600 мың адамға дейiн құрауы мүмкiн.
      Еңбек нарығында жұмыс күнiн ұсыну қолы бос халықтың барлық санаттарының есебiнен, жұмыстан босап қалатындары қоса алғанда, 1445 мың адамға жетедi.
      Жұмыс iстеп тұрған қорларды ауыстыруға және модерлендiруге бөлiнетiн болжалды инвестициялар мөлшерiне, сондай-ақ мемлекеттiк емес кәсiпорындар есебiнен жұмыс орындарының көбеюiне орай жұмыс күшiне сұраныс /кәсiпорындар мен ұйымдардан табиғи себептермен шығатындарды ауыстыруды ескере отырып/ 1047 мың адам деңгейiнде болжамдалып отыр.
      Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiне жұмыс iздестiрiп 327 мың адам келiп жүгiнедi, олардың iшiнен 157 мың адам жұмысқа орналастырылады, ал 170 мың адам жұмыссыздар болып танылады.
      Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi ресми тiркеген жұмыссыздық деңгейi 2,2 процент құрайды. Жасырын жұмыссыздықты ескергенде ықтимал жұмыссыздық деңгейi 7-10 процент құрауы мүмкiн.
      Еңбек нарығындағы жаппай жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуын, жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдауды талап етедi.

2. Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шаралар

      1994 жылы мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң негiзгi мiндетi жұмыстан босатылғандар мен жұмыс iстемейтiн азаматтарға жұмыс iздестiруге және жұмыс берушiлерге қажеттi кадрларды iрiктеп алуға жәрдем беру болып табылады.
      Ақпарат құралдары еңбек нарығындағы ахуалды, бос жұмыс орындары мен вакансиялар туралы мәлiметтердi, жұмысы жоқ азаматтарға өзiн-өзi жұмыспен қамтамасыз етудi дамыту мүмкiндiктерi туралы ұсыныстарды, жұмыс күшiнiң сапасын арттырудағы Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң рөлiн, оның кәсiптiк және аумақтық ұтқырлығы мен жұмысты жiтi iздестiруге ынталандыруын жариялап отыруы қажет.
      Еңбек нарығында халықты әлеуметтiк қолдау тұрғысынан маңызды рөлдi кәсiптiк бағдарлау, кәсiптiк оқыту және қайта даярлау атқаруға тиiс.

Кәсiптiк бағдарлау, кәсiптiк оқыту және
қайта даярлау

      1994 жылы жұмыстан босап қалғандар мен жұмыспен қамтылған халық iшiнен 25 мың адам оқытудан өтедi. Кәсiптiк оқыту көлемiн ұлғайтуға мұқтаждық кәсiптiк даярлаудың икемдi және тармақталған жүйесiн қалыптастыру, оны жүргiзу нысандары мен шарттарын кеңейту қажеттiгiн туғызады.
      Осы мақсатта Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi жұмыссыздарды және жұмыспен қамтылмаған халықты экономиканың жұмыс орындарына, соның iшiнде перспективаға арналған, мұқтаждығын ескере, жұмыс берушiлердiң талаптарына, еңбек нарығындағы сұранысқа ұдайы бейiмделе отырып кәсiптiк оқытуды ұйымдастырады.
      Босап қалған жұмыскерлер мен жұмыспен қамтылмаған халықты оқыту мемлекеттiк емес оқу орындары жүйелерiнде келiсiмдi негiзде даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн тiкелей өндiрiсте, соның iшiнде конверсияланатын кәсiпорындарда, сондай-ақ Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң оқу-методикалық орталықтарының базасында қосарластыра дамыта отырып жүзеге асырылады.
      Жұмыссыздарды кәсiптiк оқытуды ұйымдастыруда басым назар еңбек нарығындағы халықтың әлсiз бәсекелес санаттарына: жұмысты тұңғыш рет iздестiрушiлерге, мүгедектерге, ұзақ уақыт жұмыс iстемегендерге, көп балалы аналарға аударылатын болады. Оларды даярлау жаппай кәсiптер бойынша да, сондай-ақ оларға үй еңбегiмен, шағын бизнеспен, кәсiпкерлiкпен айналысуға мүмкiндiк беретiн кәсiптер бойынша жүзеге асырылады.
      Ауылшаруашылық аймақтарында халықтық кәсiптер мен қолөнершiлiкке оқыту ұйымдастырылады.
      Жергiлiктi ұлт адамдарын даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру үшiн еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған, сондай-ақ жеке еңбек қызметiнiң дамуына ықпал жасайтын кәсiптер бойынша қазақ тiлiнде 20 оқу бағдарламасын әзiрлеу көзделiп отыр: фермер - жалдаушы, хатшы-референт, сылақшы-әрлеушi, ұлттық тағамдар аспазы, домбыра, қобыз жасау шеберi, кiлем тоқу шеберi және басқалар.
      Кәсiптiк бағдарлауды жетiлдiру мақсатында курстық оқу желiсiнiң, жаңа және беделдi мамандықтардың, кәсiптердiң ақпараттық банкiн қалыптастыру, кәсiптiк графикалық материалды /бейнекәсiпжазбаларды жасауды қоса/ әзiрлеу, Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiнiң жұмыс практикасына адамды зерттеудiң психодиагностикалық кәсiптiк бағдарлау әдiстемелерiн енгiзу жөнiндегi жұмыс жалғастырылады.

Қоғамдық жұмысты ұйымдастыру

      1994 жылы ақы төленетiн қоғамдық жұмыстар одан әрi жалғасын табады, олармен 20,4 мың жұмыссызды қамту белгiленiп отыр.
      Қоғамдық жұмыстарға қалалық жерлерде:
      қалаларды экологиялық тазарту, жаяу жүргiншiлер жолдарын салу, мектептер мен ауруханаларды жөндеу, күндiзгi бала-бақшалардағы жұмыс, жас көшеттер, көкөнiс, жемiстер және басқаларды өсiру; ауылдық жерлерде: ұсақ жер суландыру жұмыстары, жолдар салу, тұрғын үй мен мектептер салу, жердi қорғау және ағаш отырғызу жатады. Бұдан басқа қалалық және ауылдық жерлерде қоғамдық жұмыспен айналысатындар кәрiлерге, мүгедектерге қызмет көрсетiп, аурулар мен балаларды күтуге көмек бередi.

Жұмыс орындарын квоталау

      Халықтың еңбек нарығында әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж санаттарын /кәмелетке жетпеген балалары бар әйелдер, 20-ға дейiнгi жастар, мүгедектер/ жұмыспен қамтуға жәрдем жасау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шара ретiнде жұмыс орындарын квоталауды ұйымдастыру, және бәрiнен де бұрын мемлекеттiк сектор кәсiпорындарында, ал аумақтық тұрғыда - кәсiпорындарындағы бос жұмыс орнының саны ең көп Қазақстанның орталық облыстарында /Қарағанды, Павлодар, Жезқазған/, көзделiп отыр.

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу

      1994 жылы жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны 96,2 мың жұмыссызға төлеудi жүзеге асыру белгiленедi.

3. Бағдарламаны қаржыландыру

      Жұмыссыздарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi шараларды  /даярлау және қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарға қатысу, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу/ iске асыруға 181832 мың теңге жұмсалады.
      Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметiн дамытуға оның мамандарының бiлiктiлiгiн арттыру мен оқытуды, жұмыспен қамту орталықтарын техникалық құралдар және ұйымдастыру техникасымен жабдықтауды, қызмет жайларын жалдауды, сондай-ақ баспа-жарнамалық жұмысы мен халықты жедел хабардар етудi қоса алғанда 34000 мың теңге жұмсау көзделiп отыр.
      Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдем жасау қорынан қоныс аудару шаралары /53,9 млн. теңге/ мен тұрғын үй саласын қаржыландыруға /47,6 млн. теңге/ арналған шығыстар ескерiле отырып, республикалық бюджетте 1994 жылға белгiленген жалпы шығындар 317,4 млн. теңгенi құрайды.

Жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi
1994 жылға арналған
ШАРАЛАР

_______________________________________________________________
N  |  Шаралардың мазмұны | Орындалу | Жауапты      | Шығындар,
п/п|                     | мерзiмi  |орындаушылар  | мың теңге
----------------------------------------------------------------
1.   Жұмыссыздарды          1994      Еңбекминi,     181832
     әлеуметтiк қолдау -    жыл       жергiлiктi
     141,6 мың адам,                  әкiмдер
     соның iшiнде:
 
    - кәсiптiк бағдарлау,     //          //           60590
      даярлау және қайта
      даярлау - 25 мың адам
 
    - қоғамдық жұмыстар -     //          //            8965
      20,4 мың адам
 
    - жұмыссыздық бойынша     //          //            114277
      жәрдемақы төлеу - 96,2
      мың адам
 
2.   Мемлекеттiк жұмыспен                                34000
     қамту қызметiн ұстау
     және дамыту
 
     Барлығы :                                          215832
 

О Республиканской пpогpамме занятости населения на 1994 год

Постановление Пpезидента Республики Казахстан от 15 июля 1994 года N 1800. Утратило силу Указом Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 829

       Сноска. Утратило силу Указом Президента РК от 18.06.2009 № 829 .

      В целях социальной поддержки безработных ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Утвердить представленную Кабинетом Министров Республики Казахстан Республиканскую программу занятости населения на 1994 год (прилагается).
      2. Кабинету Министров Республики Казахстан обеспечить финансирование Программы в пределах поступлений средств в Государственный фонд содействия занятости, определенных республиканским бюджетом на 1994 на эти цели.
Президент Республики Казахстан
Утверждена
постановлением Президента Республики Казахстан от 15 июля 1994 г. N 1800
 
 
             Республиканская программа занятости населения
                             на 1994 год
 
      Настоящая Программа определяет меры по социальной поддержке безработных с учетом углубления проводимых социально-экономических реформ и ситуации на рынке труда.
 
                 1. Прогноз рынка труда на 1994 год
 
      Ситуация на рынке труда в 1993 году не подтвердила прогнозных оценок в части высвобождения работников и уровня безработицы. Предполагалось, что в связи с реализацией программы приватизации, структурной перестройкой экономики на рынке труда окажутся от 250 до 450 тыс. высвобожденных, а число безработных достигнет 200-500 тыс. человек.
      Высвобождение работников из народного хозяйства оказалось в действительности меньше прогнозируемого - 46,7 тыс. человек, несмотря на продолжавшиеся темпы спада производства.
      Эти процессы учитывались при прогнозе рынка труда на 1994 год. В республике пока не наблюдается массовой безработицы. В то же время происходит "накопление" скрытой безработицы. С учетом работников, находящихся в вынужденных отпусках и работающих в режиме неполного рабочего времени в связи со спадом производства, скрытая безработица оценивается в размере 2-3 процентов от числа экономически активного населения.
      Число рабочих мест, выбывающих в связи с физическим износом, превысит число вновь вводимых из-за низкой инвестиционной активности.
      На рынок труда в 1994 году будут оказывать влияние следующие факторы:
      снижение объема производства;
      реорганизация и ликвидация малорентабельных, убыточных предприятий и организаций;
      структурные изменения, приватизация и разгосударствление;
      несбалансированность на рынке труда спроса и предложения рабочей силы в профессионально-квалификационном и территориальном аспектах.
      В 1994 году высвобождение работников составит 133 тыс.человек.
      При таких масштабах - высвобождения безработица будет по-прежнему концентрироваться на предприятиях и в организациях в ее скрытой форме и может составить от 400 до 600 тыс. человек.
      Предложение рабочей силы на рынке труда за счет всех категорий незанятого населения, включая высвобождаемых, достигнет 1445 тыс. человек.
      При предполагаемых объемах инвестиций на замену и модернизацию существующих фондов, а также увеличения рабочих мест за счет негосударственных предприятияй спрос на рабочую силу (с учетом замены выбывающих с предприятий и из организаций по естественным причинам) прогнозируется на уровне 1047 тыс. человек.
      В Государственную службу занятости обратятся в поисках работы 327 тыс.человек, из которых 157 тыс. человек будут трудоустроены, а 170 тыс. человек признаны безработными.
      Уровень официально зарегистрированной Государственной службой занятости безработицы составит 2,2 процента. С учетом скрытой безработицы уровень потенциальной безработицы может составить 7-10 процентов.
      Положение на рынке труда потребует реализации мер, ориентированных на упреждение массовой безработицы, социальную поддержку безработных.
 
             2. Меры по социальной поддержке безработных
 
      Основной задачей Государственной службы занятости в 1994 году будет оказание помощи высвобождаемым и незанятым гражданам в поиске работы и содействие работодателям в подборе необходимых кадров.
      Необходимо освещение средствами информации ситуации на рынке труда, сведений о свободных рабочих местах и вакансиях, рекомендаций незанятым гражданам о возможностях развития самозанятости, роли Государственной службы занятости в повышении качества рабочей силы, ее профессиональной и территориальной мобильности и стимулировании активных поисков работы.
      Важную роль в качестве социальной поддержки населения на рынке труда призваны сыграть профориентация, профессиональное обучение и переподготовка.
 
                 Профориентация, профессиональное обучение
                            и переподготовка
 
      В 1994 году пройдут обучение 25 тыс.человек из числа высвобождаемых и незанятого населения. Потребность в увеличении объемов профессионального обучения вызывает необходимость формирования гибкой и разветвленной системы профессиональной подготовки, расширения форм и условий ее проведения.
      В этих целях Государственная служба занятости организует профессиональное обучение безработных и незанятого населения с учетом потребности экономики в рабочих местах, в том числе и на перспективу, постоянно адаптируясь к требованиям работодателей, быстро меняющемуся спросу на рынке труда.
      Обучение высвобождаемых работников и незанятого населения осуществляется в государственной и негосударственной системах учебных заведений на договорной основе с параллельным развитием системы подготовки, переподготовки и повышения квалификации непосредственно на производстве, в том числе на конверсируемых предприятиях, а также на базе учебно-методических центров Государственной службы занятости.
      В организации профессионального обучения безработных приоритетное внимание будет уделяться слабо конкурентным на рынке труда категориям населения: впервые ищущим работу, инвалидам, длительно не работающим, многодетным матерям, подготовка и переподготовка которых будет осуществляться как по массовым профессиям, позволяющим им заниматься надомным трудом, малым бизнесом, предпринимательством. В сельскохозяйственных регионах будет организовано обучение народным промыслам и ремеслам.
      Для подготовки, переподготовки, повышения квалификации лиц коренной национальности предусматривается разработать на казахском языке 20 учебных программ по профессиям, пользующимся спросом на рынке труда, а также способствующим развитию индивидуальной трудовой деятельности: фермер-арендатор, секретарь-референт, штукатур-маляр, повар национальной кухни, мастер по изготовлению домбры, кобыза, мастер по ковроткачеству и другие.
      В целях совершенствования профориентации будет продолжена работа по формированию информационного банка учебно-курсовой сети, новых и престижных специальностей, профессий, разработке профессиографического материала (включая создание видеопрофессиограмм), внедрению психодиагностических профориентационных методик исследования личности в практику работы Государственной службы занятости.
 
                  Организация общественных работ
 
      В 1994 году дальнейшее развитие получат оплачиваемые общественные работы, которыми намечается охватить 20,4 тыс. безработных.
      Общественные работы включают в себя в городской местности: экологическую очистку городов, прокладку тротуаров, ремонт школ и больниц, работу в дневных детских садах, выращивание зеленых насаждений, овощей, фруктов и др.; в сельской местности: мелкие ирригационные работы, прокладку дорог, строительство жилья и школ, защиту земель и проведение лесопосадок. Кроме того, в городской и сельской местности занятые на общественных работах окажут услуги престарелым, инвалидам, помощь в обслуживании больных и уходе за детьми.
 
                      Квотирование рабочих мест
 
      В качестве первоочередных мер по содействию занятости особо нуждающимся в социальной защите на рынке труда категориям населения (женщины, имеющие несовершеннолетних детей, молодежь до 20 лет, инвалиды) предусматривается организация квотирования рабочих мест, и прежде всего, на предприятиях госсектора, а в территориальном разрезе - в центральных областях Казахстана (Карагандинская, Павлодарская, Жезказганская), предприятия которых располагают наибольшим числом свободных рабочих мест. Выплата пособий по безработице В 1994 году намечено осуществить выплату пособий по безработице 96,2 тыс.безработных. 3. Финансирование программы
      На реализацию мер по социальной поддержке безработных (подготовка и переподготовка, участие в общественных работах, выплата пособий по безработице) будет израсходовано 181832 тыс.тенге.
      В развитие Государственной службы занятости предполагается вложить 34000 тыс.тенге, включая повышение квалификации и обучение ее специалистов, оснащение центров занятости техническими средствами и оргтехникой, аренду служебных помещений, а также рекламно-издательскую работу и оперативную информацию населения.
      Общие затраты из Государственного фонда содействия занятости с учетом расходов на переселенческие мероприятия (53,9 млн.тенге) и финансирование жилищной сферы (47,6 млн.тенге), определенные республиканским бюджетом на 1994 год, составят 317,4 млн.тенге.
МЕРЫ
 
 
              по социальной поддержке безработных на 1994 год
___________________________________________________________________________ ! ! ! ! N ! Содержание ! Срок ! Ответственные ! Затраты, п/п ! мероприятий ! испол- ! исполнители ! тыс. ! ! нения ! ! тенге --------------------------------------------------------------------------- 1. Социальная поддержка 1994 год Минтруда, главы 181832 безработных - 141,6 тыс. местных человек, в том числе: администраций - профессиональная -"- -"- 60590 ориентация, подготовка и переподготовка - 25 тыс. человек - общественные работы - -"- -"- 8965 20,4 тыс.человек - выплата пособий по -"- -"- 114277 безработице - 96,2 тыс. человек 2. Содержание и развитие -"- -"- 34000 Государственной службы занятости Итого: 215832