ЗҚАИ ескертпесі!
Келісім Қазақстан Республикасы 12.10.2015 ж. № 356 "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заңының қабылдануына байланысты орналастырылды.
Мүшелер осымен төмендегі туралы келіседі:
I БӨЛІМ: ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-БАП
Субсидия анықтамасы
1.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін келесілер болғанда субсидия бар деп саналады:
(а)(1) үкіметпен немесе кез келген көпшілік органымен (бұдан әрі осы Келісімде – "үкімет") мүшенің аумағы шегінде қаржылық жәрдем көрсетілген жағдайда, яғни:
(i) үкімет ақшалай қаражатты тікелей аударуды қолданса (мысалы, демеу қаржылар, қарыздар немесе акциялар сатып алу түрінде) немесе мұндай қаражатты аудару бойнша міндеттемені (мысалы, қарыздар бойынша кепілдік) өзіне алса;
(ii) үкімет өзіне тиесілі кірістерді (мысалы, салықтық кредиттер сияқты салықтық жеңілдіктерді) өндіріп алудан бас тартса немесе алмаса1;
(iii) үкімет жалпы инфрақұрылымнан басқа тауарларды немесе қызметтерді ұсынса немесе тауарларды сатып алса;
(iv) үкімет қаржыландыру тетіктеріне төлемдерді жүзеге асырса, немесе үкіметтердің әдеттегі практикаларынан еш айырмашылығы жоқ шарттармен әдетте үкіметке жүктелетін, (i)-(iii) тармақшаларында көрсетілген функциялардың ішінен бір немесе бірнеше функцияны орындауды жеке тұлғаға тапсырса, не бұйырса;
немесе
(а)(2) 1994 ж. ГАТТ-тың ХVI бабының мағынасында кірістер мен бағаларды қолдаудың кез келген нысаны бар болған жағдайда;
және
(b) осылайша басымдық берілсе.
1.2 1-тармақтағы анықтамаға сәйкес субсидия 2-баптың ережелеріне сәйкес ерекше болып табылса ғана, мұндай субсидия ІІ бөлімнің ережелеріне немесе III не V бөлімдердің ережелеріне қатысты болады.
_______________________
1 1994 ж. ГАТТ-тың ХVI бабының ережелеріне (ХVI бапқа ескерту) және осы Келісімнің І-ІІІ қосымшаларының ережелеріне сәйкес, экспортталатын тауарды ішкі тұтынуға арналған ұқсас тауарға салынатын баждар мен салықтан босату, немесе мұндай баж бен салықтарды нақты есептелген сомадан аспайтын мөлшерде азайту субсидия ретінде қарастырылмайды.
2-БАП
Ерекшелік
2.1 1-баптың 1-тармағында айқындалғандай, субсидияның кәсіпорын не өнеркәсіп саласы немесе кәсіпорындар не салалар тобы (бұдан әрі осы Келісімде – "белгілі бір кәсіпорындар") үшін ерекше болып табылатынын анықтау үшін субсидиялайтын органның заң құзырлығы шегінде мынадай қағидаттар қолданылады:
(а) егер субсидиялайтын орган немесе субсидиялайтын орган оған сәйкес әрекет ететін заңнама субсидияға белгілі бір кәсіпорындардың ғана қол жетімділігін нақты шектейтін болса, мұндай субсидия ерекше болып қарастырылады;
(b) егер субсидиялаушы орган немесе субсидиялаушы орган оған сәйкес әрекет ететін заңнама субсидияларды алу құқығы мен олардың мөлшерін айқындайтын объективті өлшемдерді немесе талаптарды2 белгілейтін болса, онда алу құқығы автоматты болып табылған, және мұндай өлшемдер мен талаптар қатаң орындалатын жағдайда ерекшелік болмайды. Өлшемдер мен талаптар заңда, нұсқаулықта, актіде немесе өзге де ресми құжаттарда оларды тексеруге болатындай етіп анық көрсетілуі тиіс;
(с) егер (а) және (b) тармақтарында жазылған қағидаттарды қолданудан туындайтын ерекше емес екендігіне қарамастан, субсидия шын мәнінде ерекше бола алады деген негіздеме болса, назарға басқа да факторлар алынуы мүмкін. Мұндай факторларға мыналар жатады: субсидиялау бағдарламасын белгілі бір кәсіпорындардың шектелген санының пайдалануы, белгілі бір кәсіпорындарға субсидиялардың пропорционалды емес үлкен сомаларын беру, сондай-ақ субсидия беру туралы шешім қабылдау кезінде субсидиялайтын орган ие дискреттілікті пайдалану тәсілі3. Осы тармақшаны пайдаланғанда субсидиялайтын органның заң құзырлығы шегінде экономикалық қызметті әртараптандыру дәрежесін, сондай-ақ осындай субсидия бағдарламасының әрекет ету уақытының ұзақтығын ескеру қажет.
2.2 Субсидиялайтын органның заң құзырлығындағы белгіленген географиялық өңірде орналасқан белгілі бір кәсіпорындардың пайдалануы шектелген субсидия ерекше болып табылады. Барлық деңгейдегі өкілетті үкіметтік органдардың осы Келісім мақсаттары үшін әмбебап қолданылатын салықтық ставкаларды енгізуі немесе өзгертуі ерекше субсидия ретінде ретінде қаралмайды деп түсіну керек.
2.3 3-баптың ережесіне қатысты қолданылатын кез келген субсидия ерекше болып қаралады.
2.4 Осы баптың ережелеріне сәйкес субсидияның ерекшелік фактісін белгілеу сипаттағы кез келген анықтамасы оң дәлелдемелерге негізделуі тиіс.
___________________________
2 Осы мәнмәтінде объективті өлшемдер мен шарттар бейтарап болып келетін, кейбір кәсіпорындар үшін басқа кәсіпорындармен салыстырғанда басымдықтарды жасамайтын, сипаты жағынан экономикалық және пайдалану әдісі бойынша сатылас бағытты болып келетін өлшемдер жатады, мысалы, жұмыспен қамтылғандар саны немесе кәсіпорындардың мөлшері.
3 Осы қатынаста, негізінен, субсидиялауға келіп түскен сұранымдар бойынша рұқсат бермеу немесе мақұлдау жиілігі және тиісті шешімдердің уәжі туралы ақпарат назарға алынуы тиіс.
ІІ БӨЛІМ: ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН СУБСИДИЯЛАР
3-БАП
Тыйым салу
3.1 Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімде көзделген тыйым салуларды есепке ала отырып, 1-бап мәніндегі келесі субсидияларды ұсынуға тыйым салынады:
(а) жалғыз немесе бірнеше шарттардың бірі ретінде І қосымшада5 аталғандарды қоса алғанда, экспорт нәтижелерімен заң бойынша немесе нақты4 байланысқан субсидиялар;
(b) импорттық тауарлардың орнына отандық тауарларды пайдаланумен жалғыз немесе бірнеше шарттардың бірі ретінде заң бойынша немесе нақты байланысқан субсидиялар.
3.2 Мүше 1-тармақта аталған субсидияларды бермейді және сақтамайды.
_________________________
5 І қосымшада экспорттық субсидиялар болып табылмайды деп көрсетілген шараларға осы Келісімнің осы және басқа ережелерімен тыйым салынбайды.
4 Бұл норма субсидияларды беру экспорт нәтижелерімен заңды түрде шартталмай, шындығында нақты немесе күтілетін экспортпен немесе экспорттық түсіммен байланысты екендігі туралы куәландыратын фактілердің болуы кезінде орындалады. Субсидия экспортпен айналысатын кәсіпорынға беріледі деген фактінің өзі осы ереже мәнінде оны экспорттық субсидия деп санау үшін негіз бола алмайды.
4-БАП
Құқықтарды қорғау жөніндегі шаралар
4.1 Қандай да бір мүшенің тыйым салынған субсидияны басқа мүше береді немесе сақтайды деп санауға негізі бар болған барлық жағдайларда мұндай мүше консультация жүргізу туралы өтінішпен осындай басқа мүшеге жүгіне алады.
4.2 1-тармақта көзделген консультациялар туралы өтініште сөз болып отырған субсидияның бар болуы мен сипаты туралы бар дәлелдемелер көрсетіледі.
4.3 1-тармақта көзделген консультациялар туралы өтінішті алғаннан кейін көрсетілген субсидияны береді немесе сақтайды деп болжанатын мүше мұндай консультацияларды жүргізуге шұғыл түрде кіріседі. Консультациялардың мақсаты берілген жағдайдың ахуалын нақтылау және бірлесіп келісілген шешімге қол жеткізу болып табылады.
4.4 Егер консультациялар туралы өтініш алған сәттен бастап 30 күн ішінде6 ешқандай бірлесіп келісілген шешімге қол жеткізілмесе, мұндай консультациялардың тарабы болып табылатын кез келген мүше, егер Дауларды шешу жөніндегі орган (ДШО) консенсус арқылы мұндай топ құрмауды шешпесе, шұғыл түрде аралық топ құру үшін істі ДШО-ға беруі мүмкін.
4.5 Құрылғаннан кейін аралық топ Тұрақты сарапшылар тобынан7 (бұдан әрі Келісімде – "ТСТ") бұл шараның тыйым салынған субсидия болып табылатынын анықтауға жәрдемдесуді сұрауы мүмкін. ТСТ сұрауды алғаннан кейін осы шараның бар болуының және оның сипатының дәлелдемелерін шұғыл түрде қарайды және осы шараны қолданатын немесе сақтайтын мүшеге осы шараның тыйым салынған субсидия болып табылмайтындығының дәлелдемелерін ұсыну мүмкіндігін береді. ТСТ аралық топқа осы топ белгілеген мерзім ішінде өз қорытындысын ұсынады. ТСТ-ның берілген шараның тыйым салынған субсидия болып табылатыны немесе табылмайтыны туралы мәселе жөніндегі қорытындыларын аралық топ өзгеріссіз қабылдайды.
4.6 Аралық топ дау тараптарына соңғы баяндамасын ұсынады. Баяндама мұндай топ құрылған және оның өкілеттіктері айқындалған күннен бастап 90 күн ішінде барлық мүшелерге жіберіледі.
4.7 Егер қарастырылып отырған шара тыйым салынған субсидия болып табылатыны анықталса, аралық топ субсидиялайтын мүшеге кешіктірмей субсидия ұсынудан бас тартуды ұсынады. Аралық топ өз ұсынымында осы шара алынып тасталуы тиіс шекті мерзімді белгілейді.
4.8 Егер даудың қандай да бір тарабы апелляцияға жүгіну туралы өз шешімі туралы ДШО-ға ресми түрде хабарламаса немесе ДШО консенсуспен баяндаманы бекітпеу туралы шешім қабылдаса ғана, аралық топтың баяндамасын барлық мүшелерге жібергеннен кейін 30 күн ішінде ДШО баяндаманы мақұлдайды.
4.9 Аралық топтың баяндамаға шағым жасауы жағдайында Апелляциялық орган дау тарабы апелляция беретіні туралы ресми түрде өтініш білдірген күннен бастап 30 күн ішінде шешім қабылдайды. Егер Апелляциялық орган баяндаманы 30 күн ішінде ұсына алмайды деп санаса, ол ДШО-ға кешіктіру себептері туралы, сондай-ақ баяндама ұсынылатын шамаланған мерзім туралы жазбаша түрде хабарлайды. Ешбір жағдайда іс 60 күннен артық созылмауы тиіс. Егер ДШО консенсус арқылы Апелляциялық органның баяндамасын ол мүшелерге жіберілген күннен бастап 20 күн ішінде қабылдамау туралы шешім қабылдамаса, Апелляциялық органның баяндамасын ДШО мақұлдайды және оны даудың барлық тараптары қабылдайды8.
4.10 ДШО ұсынымы аралық топ белгілеген, аралық топтың баяндамасын немесе Апелляциялық органның баяндамасын қабылдау күнінен басталатын мерзімде орындалмаған жағдайда, ДШО консенсус арқылы өтініштен бас тарту туралы шешім қабылдамаса ғана, ДШО шағым берген мүшеге тиісті жауапты шараларды қабылдауға рұқсат береді9.
4.11 Егер дау тарабы Дауларды шешу жөніндегі Уағдаластықтың ("ДШУ") 22-бабының 6-тармағына сәйкес арбитражды талап етсе, арбитр жауапты шаралар тиісті болып табылатынын шешуі қажет10.
4.12 Осы баптың ережелеріне сәйкес дауларды шешу мақсатында, осы бапта арнайы жазылған мерзімдерді қоспағанда, барлық мерзімдер Дауларды шешу туралы Уағдаластықта жазылған мерзімдердің жартысын құрайды.
___________________________
6 Осы бапта көрсетілген кез келген мерзім өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін.
7 24-бапта белгіленгендей.
8 Егер ДШО отырысы осы мерзім ішінде жоспарланбаса, онда ол осы мақсат үшін шақырылуы тиіс.
9 Бұл осы ережелерде қарастырылатын субсидиялар тыйым салынған болып табылатыны туралы фактіге байланысты, өлшемдес емес жауап шараларды қабылдауға рұқсат беруді білдірмейді.
10 Бұл осы ережелерде қаралатын субсидиялар тыйым салынған болып табылатыны туралы фактіге байланысты, өлшемдес емес жауап шараларды қабылдауға рұқсат беруді білдірмейді.
ІІІ БӨЛІМ: ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУҒА НЕГІЗ БЕРЕТІН СУБСИДИЯЛАР
5-БАП
Қолайсыз салдарлар
Ешбір мүше І баптың 1 және 2-тармақтарында аталған кез келген субсидияны пайдалану арқылы басқа мүшенің мүдделері үшін қолайсыз салдарларды туғызбауы тиіс, атап айтқанда:
(а) басқа мүшенің отандық өнеркәсібіне зардабын тигізу11;
(b) 1994 ж. ГАТТ бойынша басқа мүшелер тікелей немесе жанама түрде алатын пайданы, атап айтқанда, 1994 ж. ГАТТ-тың ІІ бабына сәйкес бекітілген жеңілдіктерден түсетін пайданы жою немесе қысқарту12;
(с) басқа мүшенің мүдделеріне едәуір қысым келтіру13.
Осы бап Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 13-бабында көзделгендей, ауыл шаруашылығы тауарларына қатысты сақталатын субсидияларға қатысты қолданылмайды.
________________________
11 Бұл жерде "Отандық өнеркәсіп үшін шығын" деген сөз V бөлімде қолданылатын мағынасында қолданылады.
12 Осы Келісімде "жою немесе қысқарту" деген сөз тіркесі 1994 ж. ГАТТ-тың тиісті ережелеріндегі мағынасында қолданылады, ал "жою немесе қысқарту" деген фактінің өзі осы ережелерді қолдану практикасына сәйкес белгіленеді.
13 Осы Келісімде "басқа мүшенің мүдделеріне елеулі нұқсан келтіру" деген сөз тіркесі 1994 ж. ГАТТ-тың XVI І бабының І тармағындағы мағынада қолданылады және мүдделерге елеулі нұқсан келтіру қаупін қамтиды.
6-БАП
Мүдделерге едәуір қысым келтіру
6.1 5-баптың (с) тармағындағы мағынада мүдделерге едәуір қысым келтіру келесі жағдайда бар деп саналады:
(а) егер субсидиялаудың жалпы көлемі тауар құнының14 5%-ынан асса15;
(b) өнеркәсіп саласының эксплуатациялық шығындарын өтеуге арналған субсидиялар жағдайында;
(с) қайталанбайтын және осы кәсіпорын үшін қайталана алмайтын, және ұзақ мерзімді шешімдерді іске асыруға уақыт беру және жіті әлеуметтік проблемаларға жол бермеу үшін ғана ұсынылатын бір жолғы шараларды қоспағанда, кәсіпорынның эксплуатациялық шығындарын өтеуге арналған субсидиялар жағдайында;
(d) қарызды тікелей есептен шығару, мысалы, мемлекеттік қарызды есептен шығару және қарызды өтеуге арналған субсидиялар16 жағдайында.
6.2 Егер субсидиялайтын мүше осы субсидияның 3-тармақта аталған салдарлары болмағанын дәлелдесе, 1-тармақтың ережелеріне қарамастан, мүдделерге едәуір қысым келтіру орнатылмауы тиіс.
6.3 5-баптың (с) тармағы мағынасында мүдделерге едәуір қысым келтіру субсидияларды қолдану төмендегі салдарлардың біреуіне немесе бірнешеуіне әкелетін кез келген жағдайда туындауы мүмкін:
(а) субсидияның нәтижесі басқа мүшенің ұқсас тауарын субсидиялайтын мүшенің нарығынан шығару немесе оның импортын қиындату болып табылады;
(b) субсидияның нәтижесі басқа мүшенің ұқсас тауарын қандай да бір үшінші елдің нарығынан шығару немесе оған экспортын қиындату болып табылады;
(с) субсидияның нәтижесі: бір нарықта субсидияланған тауар бағасын басқа мүшенің ұқсас тауарының бағасымен салыстырғанда едәуір төмендету, немесе бір нарықта бағаның өсуін, бағаның төмендеуін немесе сатудың төмендеуін едәуір ұстап тұру болып табылады;
(d) субсидияның нәтижесі қандай да бір шикізат тауарының17 әлемдік нарығында субсидиялайтын мүшенің үлесін оның алдыңғы үш жыл кезеңіндегі орташа үлесімен салыстырғанда ұлғайту болып табылады, және бұл ұлғайту субсидиялау жүзеге асырылған кезең ішінде тұрақты қарқын болып табылады.
6.4 3(b) тармағының мақсаттары үшін, 7-тармақтың ережелерін сақтау кезінде субсидияланбайтын ұқсас тауар үшін нарықтың салыстырмалы үлестерінің қолайсыз өзгеруінің орын алғаны дәлелденген жағдайда, экспортты шығару немесе қиындату кез келген жағдайды қамтуы тиіс (әдеттегі жағдайларда кемінде бір жылды құрауы тиіс осы тауар нарығының дамуындағы нақты үрдістерді дәлелдеу үшін жеткілікті репрезентативті кезең ішінде). "Нарықтың салыстырмалы үлестеріндегі өзгеріс" келесі жағдайлардың кез келгенін қамтиды: (а) субсидияланған тауар нарығының үлесін ұлғайту; (b) субсидияланған тауар нарығының үлесі субсидия болмаған кезде ол төмендеуі тиіс болатын жағдайларда өзгеріссіз қалады; (с) субсидияланған тауар нарығының үлесі төмендейді, бірақ субсидиялау болмаған кездегіден анағұрлым баяу қарқынмен.
6.5 3(с) тармағының мақсаттары үшін бағаны төмендету мұндай бағаның төмендетілуі субсидияланған тауар бағаларын бір нарыққа жеткізілетін субсидияланбаған ұқсас тауарлардың бағаларымен салыстыру арқылы дәлелденген барлық жағдайларды қамтуы тиіс. Салыстыру сауда операциясының бір деңгейінде және салыстырылатын уақыт кезеңі үшін жүргізілуі тиіс, және осы ретте бағаларды салыстыруға әсер ететін кез келген басқа факторлар назарға алынуы тиіс. Алайда, мұндай тікелей салыстыру мүмкін болмаса, онда бағаны төмендетудің бар болуы орташа экспорттық бағалардың негізінде белгіленуі мүмкін.
6.6 V қосымшаның 3-тармағының ережелері сақталған жағдайда оған қатысты оның нарығында мүдделеріне едәуір қысым келтірілгені туралы пайымдау шығарылған әрбір мүше 7-баптың шеңберінде туындайтын дау тараптарына және 7-баптың 4-тармағына сәйкес құрылатын аралық топқа дау тараптарының нарығы үлестерінің, сондай-ақ тиісті тауарлар бағаларының өзгерістеріне қатысты алынуы мүмкін іске қатысты барлық ақпаратты ұсынуы тиіс.
6.7 Мүдделерге едәуір қысым келтіруге әкелетін шығару немесе қиындату тиісті уақыт кезеңі ішінде төмендегі жағдайлардың біреуі болған кезде18 3-тармаққа сәйкес туындамайды:
(а) шағым берген мүшеден ұқсас тауардың экспортына тыйым салу не шектеу, немесе шағым берген мүшеден мүдделі үшінші елдің нарығына импортқа тыйым салу не шектеу;
(b) сауда монополиясын немесе осы тауардың мемлекеттік саудасын практикалайтын импорттаушы үкіметтің коммерциялық емес себептер бойынша импортты шағым берген мүшеден басқа елге немесе елдерге қайта бейімдеуі туралы шешімі;
(с) табиғи апаттар, ереуілдер, көліктің істемеуі немесе шағым берген мүшеден экспорттау үшін бар тауардың өндірісіне, сапасына, санына немесе бағасына едәуір әсер ететін форс-мажорлық жағдайлар;
(d) шағым берген мүшеден экспортты шектейтін келісулердің болуы;
(е) шағым берген мүшеден берілген тауар экспортының мүмкіндігін ерікті түрде қысқарту (атап айтқанда, шағым берген мүшедегі фирмалар осы тауар экспортын жаңа нарықтарға автономды түрде қайта бейімдеген жағдайды қоса алғанда);
(f) импорттаушы елдегі стандарттарға және өзге де әкімшілік талаптарға сәйкес келмеу.
6.8 7-тармақта аталған жағдайлар болмаған кезде мүдделерге едәуір қысым келтірілуі V қосымшаның ережелеріне сәйкес ұсынылған ақпаратты қоса алғанда, аралық топқа ұсынылған немесе осы топ өз бетінше алған ақапараттың негізінде анықталады.
6.9 Осы бап Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 13-бабында көзделгендей, ауыл шаруашылығы тауарларына қатысты сақталатын субсидияларға қатысты қолданылмайды.
______________________________
14 Субсидиялаудың жалпы құны IV қосымшаның ережелеріне сәйкес есептелуі тиіс.
15 Азаматтық авиатехникаға қатысты арнайы көп жақты қағидалардың қабылдануы болжанатындықтан, осы тармақшада көрсетілген субсидиялау шегі азаматтық авиатехникаға қатысты қолданылмайды.
16 Мүшелер азаматтық авиатехника бағдарламаларын роялтиге негізделген қаржыландыру сатудың болжамды деңгейінен төмен түсуіне байланысты толық өтелмеген жағдайларда, осының өзі осы тармақшаның мақсатында мүдделерге елеулі нұқсан келтіруді білдірмейтінін растайды.
17 Егер осы шикізат тауарларының саудасына көп жақты негізде келісілген басқа ерекше қағидалар қолданылмаса.
18 Кейбір жағдайлардың осы тармақта аталуы мұндай жағдайларға 1994 ж. ГАТТ шеңберінде де, осы Келісім бойынша да ешбір заңды мәртебе бермейді. Мұндай жағдайлар жалғыз, кездейсоқ немесе мардымсыз болмауы тиіс.
7-БАП
Құқық қорғау шаралары
7.1 Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің 13-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүшенің 1-бапта айтылған, басқа мүше ұсынған немесе сақтайтын қандай да бір субсидия отандық өнеркәсіп үшін шығын келтіруге, кірісті жоюға немесе қысқартуға не оның мүдделеріне едәуір қысым келтіруге әкеледі деп санауға негізі болған барлық жағдайларда мұндай мүше консультация жүргізу туралы өтінішпен басқа мүшеге жүгіне алады.
7.2 1-тармақта көзделген консультациялар туралы өтініште (а)осы субсидияның болуы мен сипатына және (b) отандық өнеркәсіп үшін шығынға, пайданы жоюға не қысқартуға немесе консультациялар туралы өтінішпен жүгінген мүшенің мүдделеріне едәуір қысым келтіруге19 қатысты бар дәлелдемелер қамтылады.
7.3 1-тармаққа сәйкес консультациялар туралы өтініш алғаннан кейін мұндай субсидиялау практикасын береді немесе сақтайды деп болжанатын мүше мұндай консультацияларға шұғыл түрде кіріседі. Консультациялардың мақсаты – нақты тараптың жағайды түсіндіруі және өзара келісілген шешімге қол жеткізу.
7.4 Консультациялар 60 күн ішінде20 өзара келісілген шешімге қол жеткізуге әкелмеген жағдайда, егер Дауларды шешу жөніндегі орган (ДШО) консенсус арқылы мұндай топ құрмауды шешсе, мұндай консультацияларға қатысатын кез келген мүше аралық топ құру үшін істі ДШО-ға тапсыруы мүмкін.
7.5 Аралық топ істі қарайды және дау тараптарына өзінің соңғы баяндамасын ұсынады. Баяндама топтың құрамы мен өкілеттіктері анықталған күннен бастап 120 күн ішінде барлық мүшелерге жіберіледі.
7.6 Егер дау тараптарының біреуі ДШО-ға өзінің апелляцияға беру туралы шешімі жөнінде ресми түрде хабарламаса, немесе ДШО консенсус арқылы баяндаманы мақұлдамауды шешсе, аралық топтың баяндамасы барлық мүшелерге жіберілгеннен кейін 30 күн ішінде ДШО21 оны мақұлдайды.
7.7 Аралық топтың баяндамасына шағымдану жағдайында Апелляциялық орган дау тарабы апелляцияға беру туралы ресми түрде хабарлаған күннен бастап 60 күн ішінде шешім қабылдайды. Егер Апелляциялық орган баяндаманы 60 күн ішінде ұсына алмайды деп санаса, ол ДШО-ға кешіктіру себептері және баяндаманы ұсынудың шамалаған мерзімі туралы жазбаша түрде хабарлайды. Бірақ ешбір жағдайда іс 90 күннен артық созылмауы тиіс. ДШО Апелляциялық органның баяндамасы мүшелерге жіберілгеннен кейін 20 күн ішінде консенсус жолымен оны мақұлдамау туралы шешім қабылдамаса, Апелляциялық органның баяндамасын ДШО мақұлдайды және дау тараптары қабылдайды22 .
7.8 5-баптың мағынасында басқа мүшенің мүдделері үшін субсидияның қолайсыз салдарлары бар деп белгіленген аралық топ баяндамасы немесе Апелляциялық топ баяндамасы мақұлданған жағдайда мұндай субсидияны ұсынатын немесе сақтайтын мүше осы қолайсыз салдарларды жою үшін тиісті шаралар қабылдауы немесе субсидияны алып тастауы тиіс.
7.9 ДШО аралық топ баяндамасын немесе Апелляциялық орган баяндамасын мақұлдаған күннен бастап алты ай ішінде мүше субсидияның қолайсыз салдарларын жою немесе субсидияны алып тастау үшін тиісті шаралар қабылдамаған жағдайда, және өтемақы төлеу жөніндегі келісім болмаған кезде, ДШО консенсус жолымен өтініштен бас тарту туралы шешім қабылдамаса, шағым берген мүшеге белгіленген қолайсыз салдарлардың деңгейі мен сипатына өлшемдес жауап шараларды қабылдауға рұқсат етеді.
7.10 Дау тараптарының біреуі Дауларды шешу жөніндегі Уағдаластықтың 22-бабының 6-тармағына сәйкес арбитражды талап еткен жағдайда, арбитр жауап шаралардың белгіленген қолайсыз салдарларының деңгейі мен сипатына өлшемдес болып келетіндігін анықтайды.
_____________________________
19 Егер өтініш 6-баптың 1-тармағының ережелері мағынасында мүдделерге елеулі нұқсан келтіруге әкеледі деп болжанса, мүдделерге елеулі нұқсан келтірудің бар дәлелдемелері 6-баптың 1-тармағының талаптарына сәйкестік немесе сәйкессіздік дәлелдемелерімен ғана шектелуі мүмкін.
20 Осы бапта аталған кез келген уақыт аралықтары тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін.
21 Егер ДШО отырысы осы кезеңге жоспарланбаса, онда мұндай отырыс осы мақсат үшін шақырылады.
22 Егер ДШО отырысы осы кезеңге жоспарланбаса, онда мұндай отырыс осы мақсат үшін шақырылады.
IV БӨЛІМ: ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУҒА НЕГІЗ БЕРМЕЙТІН СУБСИДИЯЛАР
8-БАП
Шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялардың анықтамасы:
8.1 Келесі субсидиялар шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялар ретінде қарастырылады23:
(а) 2-бап мағынасында ерекше болып табылмайтын субсидиялар;
(b) 2-бап мағынасында ерекше болып табылатын, бірақ төмендегі 2(а), 2(b) немесе 2(с) тармақтарында көзделген барлық талаптарға сәйкес келетін субсидиялар.
8.2 III және V бөлімдердің ережелеріне қарамастан, келесідей субсидиялар шаралар қабылдау үшін негіз бермейтін субсидиялар болып саналады:
(а) фирмалар, сондай-ақ жоғарғы оқу орындары және ғылыми ұйымдар фирмалармен келісімшарттық негізде жүзеге асыратын жағдайларда24,25 ,26;
мұндай көмек27 өнеркәсіптік зерттеулер28 құнының 75%-ынан аспайтын немесе бәсекеге дейінгі сатыда29,30 әзірленімдер құнының 50%-ын жабады деген шартпен зерттеу қызметіне көмек;
және ол тек келесіні жабу үшін ғана берілген жағдайда:
(i) персоналға арналған шығыстар (зерттеушілер, техниктер және тек қана зерттеу қызметімен айналысатын басқа да көмекші персонал);
(ii) зерттеу қызметі үшін ғана және тұрақты түрде қолданылатын (коммерциялық негізде сатуды қоспағанда) құралдарға, жабдықтарға, жерге және құрылыстарға арналған шығыстар;
(iii) ғылыми зерттеулер нәтижелерін, техникалық білімді, патенттерді және басқаларын сатып алуды қоса алғанда, тек зерттеу қызметі үшін ғана қолданылатын консультациялық және баламалық қызметерге арналған шығыстар;
(iv) зерттеу қызметі нәтижесінде тікелей жұмсалған қосымша үстеме шығыстар;
(v) зерттеу қызметі нәтижесінде тікелей жұмсалған басқа да ағымдағы (материалдарға, қамтамасыз етуге және т.б. арналған) шығыстар;
(b) өңірлік дамудың жалпы шеңберінде берілетін31 мүшенің аумағындағы қолайсыз өңірлерге көмек ерекше емес (2-бабының мағынасында) болып табылады және мынадай жағдайларда тиісті өңірлер арасында бөлінеді:
(i) әрбір қолайсыз өңір нақты белгіленген ықшам әкімшілік және экономикалық аймақты көрсетуі тиіс;
(ii) мұндай өңір қиындықтары тек уақытша жағдайдан туындап отырмағанын көрсететін, бейтарап және объективті өлшемдер негізінде32 қолайсыз өңір ретінде қарастырылады; мұндай өлшемдер заңдарда, ережелерде немесе басқа да ресми құжаттарда оларды тексеруге болатындай нақты анықталуы тиіс;
(iii) өлшемдер кем дегенде мынадай көрсеткіштердің біріне негізделген экономикалық даму өлшемін қамтиды:
халықтың жан басына табысы немесе үй шаруашылығымен байланысты табысы не халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ мөлшері, осы аумақ үшін орташа 85% көрсеткіштен аспауы тиіс;
жұмыссыздық деңгейі, осы аумақ үшін орташа көрсеткіштің кем дегенде 110%-ын құрауы тиіс;
үш жыл кезеңге өлшенген; алайда мұндай өлшем кешенді болуы және басқа да факторларды ескеруі мүмкін;
(с) қолданыстағы өндірістік қуаттардың33 заңнамамен және/немесе нормативтік актілермен қойылатын қоршаған ортаны қорғауға қатысты жаңа талаптарға бейімделуіне ықпал ету, егер ол:
(i) бір жолғы, қайталанбайтын шара болып табылса; және
(ii) бейімделу бойынша шығыстардың көп дегенде 20% құраса; және
(iii) кәсіпорынға толығымен тиесілі, субсидияланған жабдықтарды айырбастау және пайдалану шығыстарын жаппаса; және
(iv) фирма жоспарлап отырған ластануды қысқартуға тікелей байланысты және пропорционалды болса және қол жеткізілуі мүмкін өндірістік шығыстар үнемін жаппаса; және
(v) жаңа жабдыққа және/немесе өндірістік процестерге ауысуы мүмкін барлық фирмалар үшін қол жетімді болған жағдайда.
8.3 Комитет 2-тармақ ережелері жататын субсидиялау бағдарламасы туралы VII бөлім ережелеріне сәйкес ол іске асырылғанға дейін хабарланады. Мұндай кез келген хабарлама басқа мүшелер бағдарламаның 2-тармақтың тиісті ережелерімен көзделген талаптар мен өлшемдеріне сәйкестігін жеткілікті бағалай алатындай нақты болуы тиіс. Сондай-ақ, мүшелер жыл сайын Комитетке әрбір бағдарлама бойынша шығыстардың жалпы сомасы мен ондағы өзгерістер туралы ақпаратты көрсете отырып, мұндай хабарламалардың жаңаруын ұсынып отырады. Басқа мүшелер ол туралы хабарлама жіберілген бағдарламаға34 кіретін жекелеген субсидиялар туралы ақпарат сұрауға құқылы.
8.4 Мүшеден сұрату алғаннан кейін Хатшылық 3-тармаққа сәйкес ұсынылған хабарламаны қарайды және қажет болған жағдайда субсидиялайтын мүшеден ол туралы хабарлама жіберілген қарастырылып отырған бағдарлама туралы қосымша ақпарат сұрайды. Хатшылық Комитетке өз тұжырымдары туралы баяндама ұсынады. Өтінішті алғаннан кейін Комитет 2-тармақта көрсетілген талаптар мен өлшемдердің шынында да сақталмағанын анықтау мақсатында Хатшылықтың тұжырымдарын (немесе Хатшылық қарауды сұратпаса, онда хабарламаның өзін) шұғыл қарайды. Осы тармақта көзделген рәсім, мұндай хабарлама мен Комитеттің кезекті отырысы арасында кемінде екі ай өткен жағдайда, ең кеш дегенде, субсидиялау бағдарламасы туралы хабарламадан кейін өткізілетін Комитеттің бірінші кезекті отырысында аяқталады. Сұрау алынғаннан кейін осы тармақта көрсетілген рәсім 3-тармақта көрсетілген мәліметтерді жыл сайын жаңарту барысында да бағдарламаның едәуір өзгерістерін қарау кезінде қолданылады.
8.5 Мүшенің өтініші бойынша 4-тармаққа сәйкес Комитет шығарған шешім немесе Комитеттің мұндай шешім шығаруға қабілетсіздігі, сондай-ақ жекелеген жағдайларда хабарлама жіберілген бағдарламада көрсетілген талаптардың бұзылуы шешімі міндетті болып табылатын арбитражға тапсырылады. Арбитражды орган істі осы арбитражды органға берген күннен бастап 120 күн ішінде өз қорытындыларын мүшелерге ұсынады. Осы тармақта көзделген басқа жағдайларды санамағанда, осы тармаққа сәйкес өткізілетін арбитражға Дауларды шешу туралы Келісімнің ережелері қолданылады.
____________________________
23 Мүшелер әр түрлі мақсаттардағы мемлекеттік көмекті кеңінен ұсынады, және мұндай көмек осы баптың ережелеріне сәйкес шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялардың анықтамасына қатысты бола алмайды деген фактінің өзі мүшелердің мұндай көмек ұсыну мүмкіндігін шектемейді деп танылады.
24 Азаматтық авиатехника арнайы көп жақты қағидалардың мәні болып табылады деп болжанатындықтан, осы тармақшаның ережелері осы тауарға қатысты қолданылмайды.
25 24-бапта көзделген Субсидиялар және өтемақы шаралары комитеті (бұдан әрі осы Келісімде – "Комитет") ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 18 айдан кешіктірмей, олардың әрекетін жақсартатын барлық қажетті өзгерістерді енгізу мақсатында 2(а) тармақшасы ережелерінің күшін қарастырады. Комитет болуы мүмкін өзгерістерді қарастыру кезінде мүшелердің зерттеу бағдарламаларын іске асырудағы тәжірибесін, сондай-ақ осы салада басқа тиісті халықаралық мекемелер жүргізетін жұмысты есепке ала отырып, осы тармақшада аталған санаттардың анықтамаларын мұқият қарауы тиіс.
26 Осы Келісімнің ережелері жоғарғы оқу немесе ғылыми мекемелер тәуелсіз жүргізген іргелі ғылыми зерттеулерге қатысты қолданылмайды. "Іргелі зерттеулер" термині өнеркәсіптік және коммерциялық мақсаттармен байланысты емес жалпы ғылыми және техникалық білімді кеңейтуді білдіреді.
27 Осы тармақшада аталған шараларды қабылдау үшін негіз бермейтін көмектің жол берілетін деңгейі нақты жобаны жүзеге асыру кезеңінде жұмсалған тиісті шығыстардың жалпы сомасына қатысты белгіленеді
28"Өнеркәсіптік зерттеулер" деген термин осындай білімнің жаңа тауарларды, процестерді немесе қызмет көрсетулерді әзірлегенде пайдалы болуы мүмкін жаңа білімдерді ашуға, сондай-ақ қазіргі тауарларды, процестерді немесе қызмет көрсетулерді елеулі түрде жақсартуға бағытталған жоспарланған зерттеулерді немесе аса маңызды зерттеулерді білдіреді..
29 "Бәсекеге дейінгі сатыдағы әзірлемелер" деген термин коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз бірінші прототипін жасауды қоса алғанда, сатуға немесе пайдалануға арналған өнеркәсіп зерттеулерінің жоспарға, сызбаға немесе жаңа түрлендірілген немесе жақсартылған тауарлардың, технологиялық процестердің немесе қызмет көрсетулердің нәтижелерін көшіруді білдіреді. Ол, сондай-ақ тұжырымдаманың тұжырымын және баламалы тауарлардың, тәсілдердің немесе қызметтердің дизайндарын, сондай-ақ олар өндірістік қолдану немесе коммерциялық пайдалану үшін бейімделмеген немесе пайдалануы мүмкін емес жағдайда, бастапқы көрсету жобаларын не пилоттық жобаларды қамтуы мүмкін. Ол қолданыстағы тауарларға, өндірістік желілерге, өңдеу процестеріне, қызмет көрсетулерге және басқа да жай операцияларға, тіпті осындай өзгерістер жақсартуға алып келсе де, ағымдағы және кезеңдік өзгерістерге қолданылмайды.
30 Өнеркәсіптік зерттеулер мен бәсекелестікке дейінгі әзірлемелерді біріктіретін бағдарламалар жағдайында шаралар қабылдау үшін негіз бермейтін көмектің жол берілетін деңгейі, осы екі санат үшін осы (i) және (v) тармақшасында көрсетілген барлық тиісті шығыстарды ескере отырып есептелген, жол берілетін жай орташа деңгейлерден жоғары болмауы тиіс.
31 "Өңірлік дамудың жалпы шеңбері" деген субсидиялаудың өңірлік бағдарламалары ішкі дәйекті және әмбебап қолданылатын өңірлік даму саясатының бөлігі болып табылады және өңірлік дамуға арналған субсидиялар өңірдің дамуына әсер етпейтін немесе іс жүзінде әсері жоқ жекелеген географиялық пункттер болып табылмайды дегенді білдіреді.
32 "Бейтарап және объективті өлшемдер" деген өңірлік даму саясаты шеңберінде өңірлер арасындағы айырмашылықтарды жою немесе қысқарту үшін қажетті белгілі бір өңірлер үшін одан артық жеңілдіктер берілмейтін өлшемдерді білдіреді. Осыған қатысты субсидиялаудың өңірлік бағдарламалары субсидияланатын әрбір жоба бойынша берілуі мүмкін барынша жоғары сомаларды қамтуы тиіс. Осындай барынша жоғары сомалар оларға көмек көрсетілетін өңірлердің даму деңгейіне байланысты саралануы және инвестицияларға арналған шығыстар немесе жұмыс орындарын құруға арналған шығыстар түрінде көрсетілуі тиіс. Осы сомалардың шегінде көмек осы заңның 3-бабында көзделгендей субсидияларды басымдықпен пайдалану немесе белгілі бір кәсіпорындарға барабар емес үлкен сомаларды берудің алдын алу үшін жеткілікті түрде кеңінен бөлінуі тиіс.
33 "Қолданыстағы өндірістік қуаттар" деген ең кемінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жаңа талаптар енгізілгенге дейін екі жыл бұрын пайдалануда болған өндірістік қуаттарды білдіреді
34 Хабарлама туралы осы ережеде құпия іскерлік ақпаратты қоса алғанда, құпия ақпаратты ұсыну талап етілмейді.
9-БАП
Консультациялар және құқықтарды қорғаудың рұқсат етілген құралдары
9.1 Егер бағдарламаның көрсетілген тармақта айтылған өлшемдерге сәйкестігіне қарамастан, 8-баптың 2-тармағында көрсетілген бағдарламаны іске асыру процесінде кез келген мүшенің бағдарлама оның отандық өнеркәсібі үшін қиын жойылатын зиян сияқты едәуір қолайсыз салдарларға әкеледі деп санауға негізі болса, онда мұндай мүше консультация өткізу туралы өтінішпен осы субсидияны ұсынатын немесе сақтайтын мүшеге жүгіне алады.
9.2 1-тармаққа сәйкес консультациялар туралы өтініш алғаннан кейін осы субсидиялау бағдарламасын ұсынатын немесе сақтайтын мүше ең қысқа мерзім ішінде мұндай консультацияларды бастайды. Консультациялардың мақсаты мәселеге ашықтық енгізу және өзара қолайлы шешімдерге қол жеткізу болып табылады.
9.3 2-тармақта көзделген өзара қолайлы шешімге консультациялар туралы өтініш алынған сәттен бастап 60 күн ішінде қол жеткізілмесе, мұндай өтінішпен жүгінген мүше істі Комитеттің қарауына бере алады.
9.4 Іс Комитетке тапсырылған жағдайда соңғысы іске қатысты, 1-тармақта көрсетілген салдарлардың бар болу фактісі мен дәлелдемелерін дереу қарайды. Егер Комитет мұндай салдарлардың бар екенін анықтаса, ол субсидиялаушы мүшеге осы бағдарламаны көрсетілген салдарлар жойылатындай етіп өзгертуді ұсына алады. Комитет 3-тармаққа сәйкес іс оның қарауына жіберілген күннен бастап 120 күн ішінде өз қорытындыларын ұсынады. Егер ұсынымдар 6 ай ішінде орындалмаса, онда Комитет консультациялар туралы өтінішпен жүгінген мүшеге белгіленген салдарлардың сипаты мен ауқымына өлшемдес тиісті жауап шараларды қабылдауға рұқсат береді.
V БӨЛІМ: ӨТЕМАҚЫ ШАРАЛАРЫ
10-БАП
1994 ж. ГАТТ-тың VI бабын қолдану35
Мүшелер кез келген мүше аумағынан басқа мүше аумағына әкелінген кез келген тауарға өтемақы бажын36 салу 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабының ережелеріне және осы Келісім талаптарына сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдайды. Өтемақы баждары осы Келісімнің және Ауыл шаруашылығы жөніндегі келісімнің ережелеріне сәйкес басталған37 және жүргізілген тексеруден кейін ғана енгізілуі мүмкін.
___________________________
35 ІІ және ІІІ бөлімдердің ережелері V бөлімнің ережелерімен қатар түрде қолданылуы мүмкін; алайда, импорттаушы мүшенің ішкі нарығындағы қандай да бір нақты субсидияның салдарларына қатысты қорғаудың бір ғана нысаны болуы мүмкін (егер V бөлім талаптары сақталса, өтемақы бажы немесе 4 немесе 7 баптар бойынша жауап шарасы). III және V бөлімдердің ережелері IV бөлім ережелеріне сәйкес шаралар қабылдау үшін негіз бермейтіндер ретінде қаралатын шараларға қатысты қолданылмайды. Алайда, 8-баптың 1(а) тармағында көрсетілген шаралар олардың 2-бап мағынасында ерекше болып табылатынын анықтау мақсатында тексеру объектісі болуы мүмкін. Бұдан басқа, 8-баптың 3-тармағына сәйкес ол туралы хабарлама ұсынылмаған бағдарлама шеңберінде берілетін 8-баптың 2-тармағында көрсетілген субсидия жағдайында, III немесе V бөлім ережелері қолданылуы мүмкін; алайда, мұндай субсидия 8-баптың 2-тармағында аталған стандарттарға сәйкес келген жағдайда ол шаралар қабылдау үшін негіз беретін деп қарастырылмауы тиіс.
36 "Өтемақы бажы" терминін 1994 ж. ГАТТ –тың VI бабының 3-тармағында көзделгендей кез келген тауарды өндіруге, өңдеуге немесе оның экспортына тікелей немесе жанама берілетін субсидияны бейтараптандыру мақсатында алынатын арнайы бажды білдіреді деп түсіну қажет.
37 Осы жерде және одан әрі "бастау" термині мүше 11-бапта көзделгендей тексеруді ресми түрде ашатын рәсімдік әрекеттерді білдіреді.
11-БАП
Рәсімнің басталуы және кейінгі тексеру
11.1 6-тармақтағыны қоспағанда, кез келген болжамды субсидияның бар болуын, деңгейін және ықпалын анықтау мақсатындағы тексеру отандық өнеркәсіптің жазбаша өтініші бойынша немесе оның атынан басталады.
11.2 1-тармақта аталған өтініште (a) субсидияның бар болуының және егер мүмкін болса, оның мөлшерінің, (b) осы Келісімде түсіндірілетіней, 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабының мағынасындағы шығынның, және (c) субсидияланған импорт пен болжамды шығын арасындағы себеп-салдарлық байланыстың жеткілікті дәлелдері қамтылады. Тиісті дәлелдермен бекітілмеген қарапайым пайымдау осы тармақ талаптарын орындау үшін жеткілікті болып қарастырыла алмайды. Өтініште өтініш беруші үшін қисынды қол жетімді мынадай ақпарат қамтылады:
(i) өтініш берушінің жеке тұлғасы және өтініш берушінің ұқсас тауарды отандық өндірудің көлемі мен құнының сипаттамасы. Егер жазбаша өтініш отандық өнеркәсіп атынан жазылса, ол ұқсас тауарды барлық белгілі отандық өндірушілерінің (немесе ұқсас тауарды отандық өндірушілерінің қауымдастықтарының) тізімін және мүмкін деңгейде осындай өндірушілерге келетін ұқсас тауарлардың отандық өндірісінің көлемі мен құнының сипаттамасын енгізу арқылы оның атынан өтініш берілген саланы анықтауы тиіс;
(ii) болжамды субсидияланған тауардың толық сипаттамасы, шығарылған немесе экспорт елінің немесе елдерінің атауы, әрбір белгілі экспорттаушының немесе шетелдік өндірушінің жеке тұлғасы және осы тауарды белгілі импорттаушыларының тізімі;
(iii) субсидияның бар болуының, көлемі мен сипатының дәлелдемелері;
(iv) отандық өнеркәсіптің болжамды зияны субсидияның ықпал етуіне байланысты субсидияланған импорттан туындағанының дәлелдемелері; бұл дәлелдемелер болжамды субсидияланған импорт көлемінің өзгеруі, осы импорттың ішкі нарықтағы ұқсас тауар бағасына әсері және кейіннен импорттың 15-баптың 2 және 4-тармақтарында аталғандай отандық өнеркәсіп жағдайын сипаттайтын тиісті көрсеткіштер мен индекстерге негізделген отандық өнеркәсіпке әсері туралы ақпаратты қамтиды.
11.3 Өкілетті органдар олардың тексеруді бастау үшін жеткіліктілігін анықтау мақсатында өтініште келтірілген дәлелдемелердің дәлдігі мен барабарлығын тексереді.
11.4 1-тармаққа сәйкес, өкілетті органдар ұқсас тауарды отандық өндірушілері білдірген38 өтінішті қолдау немесе онымен келіспеу дәрежесін тексеру негізінде өтініштің отандық өнеркәсіптен немесе оның атынан39 берілгеніне көз жеткізгенше дейін тексеру басталмайды. Егер өтінішті оның үлесін өтінішті қолдаған немесе оған қарсы болған отандық өнеркәсіп бөлігі өндірген ұқсас тауардың жалпы өндірісінің 50%-ынан артық құрайтын отандық өндірушілер қолдаса, ол "отандық өнеркәсіптен немесе оның атынан берілген" деп саналады. Алайда, егер өтінішті қолдаған отандық өндірушілер үлесі отандық өнеркәсіп өндірген ұқсас тауардың жалпы өндірісінің 25%-нан кем құраса, тексеру басталмайды.
11.5 Тексеруді бастау туралы шешім қабылданғанға дейін өкілетті органдар мұндай тексеруді бастау туралы өтініштің жариялануына жол бермейді.
11.6 Егер ерекше жағдайларда тиісті өкілетті органдар отандық өнеркәсіптен немесе оның атынан тексеруді бастау туралы жазбаша өтінішті алмай тексеруді бастау туралы шешім қабылдаса, олар тексеруді бастауын ақтау үшін 2-тармақта көрсетілгендей, субсидияның, шығынның, сондай-ақ олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болуының жеткілікті дәлелдемелері болған кезде ғана оған кіріседі.
11.7 Субсидияның да, және шығынның да дәлелдемелері (а) тексеруді бастау немесе бастамау туралы шешім қабылдау кезінде және (b) келешекте осы Келісімнің ережелеріне сәйкес уақытша шаралар енгізілуі мүмкін ең ерте күннен бастап кешіктірмей тексеру барысында бір мезгілде қаралуы тиіс.
11.8 Тауарлар тікелей шыққан елден импортталмай, аралық елден импорттаушы мүшеге экспортталған жағдайларда, осы Келісім ережелері толық қолданылады, және осы Келісім мақсаттары үшін келісім немесе келісімдер шыққан елі мен импорттаушы мүше арасында жасалған келісімдер ретінде қарастырылады.
11.9 Тиісті өкілетті органдар рәсімнің жалғасуын ақтау үшін субсидиялау немесе шығын дәлелдемелерінің жоқ екеніне көз жеткізгенде, 1-тармаққа сәйкес тексеру туралы өтініштен бас тартылады және тексеру дереу тоқтатылады. Субсидия мөлшері de minimis болып табылған, немесе нақты не ықтимал субсидияланған импорт көлемі немесе шығын аз болған жағдайда, тексеру дереу тоқтатылады. Егер субсидия тауар құнының 1%-ынан кем болса, осы тармақ мақсаттары үшін субсидия мөлшері ең төмен болып қарастырылуы тиіс.
11.10 Тексеру кедендік тазалау рәсіміне кедергі келтірмеуі тиіс.
11.11 Ерекше жағдайларды санамағанда, тексерулер бір жыл ішінде аяқталады және ешбір жағдайда олар басталған сәттен бастап 18 ай мерзімінен аспайды.
______________________________
38 Өндірушілердің көп саны есептелетін салалар жағдайында құзырлы органдар статистикалық негізделген таңдау әдістерін қолдана отырып, қолдау мен келіспеуді анықтай алады.
39 Мүшелерге кейбір мүшелердің аумағында ұқсас тауардың отандық өндірушілерінің жалдамалы жұмысшылары немесе олардың өкілдері 1-тармақта көрсетілген тексеру туралы өтініш бере алатыны белгілі.
12-БАП
Дәлелдемелер
12.1. Мүдделі мүшелерге және тексеруге мүдделі барлық тараптарға өкілетті органдарға қажетті ақпарат туралы хабарламалар жіберіледі, және олардың пікірі бойынша көрсетілген тексеруге қатысы бар барлық дәлелдемелерді жазбаша түрде жіберу мүмкіндігі беріледі.
12.1.1 Өтемдік тексеруде қолданылатын сауалнамаларды алатын экспорттаушыларға, шетелдік өндірушілерге немесе мүдделі мүшелерге жауап үшін кемінде 30 күн беріледі40. Көрсетілген 30 күндік мерзімді ұзарту туралы кез келген өтінішке тиісті көңіл бөлу қажет, және негіз бар болған кезде мұндай ұзарту мүмкін болған жағдайда берілуі тиіс.
12.1.2 Құпия ақпаратты қорғау туралы талаптарды есепке ала отырып, мүдделі мүше немесе мүдделі тарап жазбаша түрде ұсынған дәлелдемелер тексеруге қатысатын басқа мүдделі мүшелерге немесе мүдделі тараптарға дереу ұсынылады.
12.1.3 Өкілетті органдар тексеру басталғаннан кейін бірден белгілі экспорттаушыларға41 және экспорттаушы мүшенің биліктеріне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша басқа да тартылған мүдделі тараптарға ІІ баптың 1-тармағына сәйкес алынған жазбаша өтініштің толық мәтінін ұсынады. 4-тармақта көзделгендей, құпия ақпаратты қорғауға тиісті көңіл бөлінуі тиіс.
12.2 Мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптар сонымен қатар ақтайтын жағдайлар бар болған кезде ақпаратты ауызша түрде ұсынуға құқылы. Мұндай ақпарат ауызша ұсынылған жағдайларда осы мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптар өздерінің дәлелдемелерін жазбаша түрде қысқаша жазып көрсетулері тиіс. Тексеру органдарының кез келген шешімі жазбаша түрде осы органдардың құзіретінде болатын, және тексеруге қатысатын мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға қол жетімді болатын осындай ақпарат пен дәлелдемелерге ғана негізделуі мүмкін. Осы ретте құпия ақпаратты қорғауға тиісті көңіл бөлінуі тиіс.
12.3 Өкілетті органдар, мүмкін болған кезде, барлық мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға олардың жағдайына жататын, және 4-тармақта белгіленгендей құпия болмайтын, және өтемдік тексеру барысында өкілетті органдар пайдаланатын барлық ақпаратпен танысу және осы ақпараттың негізінде өз пікірлерін дайындау мүмкіндігін уақтылы береді.
12.4 Өзінің сипаты жағынан құпия болып табылатын (мысалы, оның ашылуы бәсекелеске едәуір бәсекелі басымдықтар беруді, немесе оның ашылуы ақпаратты ұсынған тұлға үшін немесе осы ақпаратты ұсынған тұлғаға берген тұлға үшін едәуір қолайсыз салдарлардың туғызуын білдіретін болса) немесе тексеру тараптары құпия негізде ұсынатын кез келген ақпаратты салмақты негіздер болған кезде өкілетті органдар құпия ретінде қарастырады. Мұндай ақпарат оны ұсынған тараптың арнайы рұқсатынсыз ашылуы тиіс емес42.
12.4.1 Өкілетті органдар құпия ақпаратты ұсынатын мүддеі мүшелерден немесе мүдделі тараптардан оның құпия емес түйіндемесін ұсынуды талап етеді. Бұл түйіндеме құпия түрде ұсынылған ақпараттың мәнінің дұрыс түсінілуін қамтамасыз ететіндей жеткілікті толық болуы тиіс. Ерекше жағдайларда мұндай мүшелер немесе тараптар мұндай ақпарат қысқаша жазылмайтынын көрсете алады. Мұндай ерекше жағдайларда түйіндемені ұсыну мүмкін емес екенінің себептері көрсетілуі тиіс.
12.4.2 Егер өкілетті органдар құпиялылық туралы өтініш ақталмаған деп санаса, және егер ақпарат көзі осы ақпаратты ашық еткісі келмесе, немесе оның жалпылама немесе қысқартылған нысанда ашылуына рұқсат бергісі келмесе, өкілетті органдарға тиісті көздерден ақпараттың нақты43 екені дәлелденбеген жағдайда, олар мұндай ақпаратты назарға алмауы мүмкін.
12.5 7-тармақта көзделген жағдайларды санамағанда, өкілетті органдар тексеру барысында олардың тұжырымдары негізделетін мүдделі мүшелер немесе мүдделі тараптар ұсынған ақпараттың дәлдігіне көз жеткізеді.
12.6 Тексеру жүргізетін органдар, олар басқа мүшеге уақтылы хабарлаған жағдайда және осы мүше тексеруге қарсылық білдірмесе, тексеруді басқа мүшенің аумағында жүргізуі мүмкін. Бұдан басқа, егер: (а) фирма оған келіскен жағдайда және (b) осы мүшеге хабарланса және ол оған қарсылық білдірмесе, тексеру жүргізетін органдар тексеруді фирманың үй-жайларында жүргізуі және фирманың құжаттарын зерттеуі мүмкін. VI қосымшада көзделген рәсімдер фирмалардың үй-жайларындағы тексерулерге қатысты қолданылады. Құпия ақпаратты қорғау туралы талаптармен салынатын шектеулерді есепке ала отырып, өкілетті органдар мұндай тексерулердің нәтижелерін оған қатысы бар фирмаларға ұсынады немесе 8-тармаққа сәйкес мұндай фирмалар үшін олардың ашылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мұндай нәтижелерді өтініш иелерінің өкіміне бере алады.
12.7 Кез келген мүдделі мүше немесе мүдделі тарап қажетті ақпаратты беруден бас тартса, немесе белгілі бір уақыт ішінде бермесе, немесе тексеруге едәуір қиындықтар туғызса, жағымды немесе теріс, алдын ала және соңғы ұйғарымдар қолда бар фактілердің негізінде шығарылуы мүмкін.
12.8 Соңғы ұйғарым шығарылғанға дейін өкілетті органдар барлық мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға соңғы шараларды енгізу туралы мәселені шешу үшін негіз болып табылатын, қарастырылатын неғұрлым маңызды фактілер туралы ақпарат береді. Ақпараттың мұндай ашылуы тараптар өздерінің мүдделерін қорғай алуы үшін жеткілікті алдын ала болуы тиіс.
12.9 Осы Келісім мақсаттары үшін "мүдделі тараптар":
(i) оған қатысты тексеру жүргізілетін тауарды экспорттаушыны немесе шетелдік өндірушіні немесе импорттаушыны, немесе мүшелерінің көбі осы тауарды өндірушілер, экспорттаушылар немесе импорттаушылар болып табылатын сауда немесе іскерлік қауымдастықты; және
(ii) импорттаушы мүшедегі ұқсас тауарды өндірушіні немесе мүшелерінің көбі импорттаушы мүше аумағында ұқсас тауарды өндіретін іскерлік қауымдастықты қамтиды.
Бұл тізбе мүшелерге "мүдделі тараптар" санына жоғарыда аталғаннан басқа отандық немесе шетелдік тараптарды қосуға рұқсат беруге кедергі жасамайды.
12.10 Өкілетті органдар оған қатысты тексеру жүргізілетін тауардың өнеркәсіптік тұтынушыларына және осы тауар бөлшек саудада кеңінен ұсынылған жағдайларда тұтынушылардың репрезентативты ұйымдарына тексеруге жататын және субсидиялауға, зиянға және олардың арасындағы себеп-салдарлық байланысқа қатысы бар ақпаратты ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
12.11 Өкілетті органдар мүдделі тараптар, әсіресе шағын кәсіпорындар бастан кешіретін, талап етілетін ақпаратты ұсынудағы қиындықтарды тиісті түрде ескереді және оларға кез келген қисынды көмек көрсетеді.
Жоғарыда айтылған рәсімдер басқа мүшелердің билігіне тексеруді бастауға, жағымды немесе теріс сипаттағы алдын ала немесе соңғы ұйғарымдар шығаруға, немесе осы Келісімнің тиісті ережелеріне сәйкес уақытша немесе соңғы шаралар қабылдауға қатысты шұғыл әрекет етуге кедергі келтіруді мақсат етпейді.
____________________________
40 Әдетте, экспорттаушылар үшін белгіленген мерзімдер осы мақсаттарда респондентке немесе экспорттаушы мүшенің тиісті дипломатиялық өкілдеріне немесе ДСҰ-ға мүшенің жеке кедендік аумағы жағдайында экспорттаушы аумақтың ресми өкіліне жіберілген күннен бастап бір апта ішінде алынған деп саналатын сауалнаманы алған күннен бастап есептеледі.
41 Осы ретте тартылған экспорттаушылардың саны ерекше көп болса, өтініштің толық мәтіні экспорттаушы мүшенің билігіне немесе тиісті сауда қауымдастықтарына ғана ұсынылады, олар кейіннен көшірмелерді мүдделі экспорттаушыларға жіберуі тиіс.
42 Мүшелерге кейбір мүшелердің аумағында ашу ақпаратты қорғау туралы қатаң шектелген өкімге сәйкес жүргізілуі мүмкін екені белгілі.
43 Мүшелер құпиялылық туралы өтініштерден ерікті түрде бас тартылмауы тиіс екенімен келіседі. Сондай-ақ, мүшелер тексеру органдары тексеру рәсіміне жататын ақпаратты ғана құпиялылық режимінен алып тастау туралы өтінішпен жүгіне алатынымен де келіседі.
13-БАП
Консультациялар
13.1 11-бапта қарастырылған өтінішті қабылдағаннан кейін барынша қысқа мерзімде, тергеу басталғанға дейінгі кез келген жағдайда, тауарлары осы тексерудің мәні болуы мүмкін мүшелерге 11-баптың 2-тармағында көрсетілген мәселелер бойынша ахуалды нақтылау және өзара келісілген шешімге қол жеткізу мақсатында консультациялар жүргізу ұсынысы жіберіледі.
13.2 Бұдан басқа, тексерудің бүкіл кезеңі ұзақтығында тауарлары тексеру мәні болып табылатын мүшелерге іс жүзінде мән-жайларды нақтылау және өзара келісілген шешімге қол жеткізу44 мақсатында консультацияны жалғастырудың ақылға қонымды мүмкіндігі ұсынылады.
13.3 Міндеттемелер үшін залалсыз консультацияларға ақылға қонымды мүмкіндіктер беру, консультацияға қатысты ережелер кез келген мүшенің өкілетті органдарына тексеруді бастауға, жағымды немесе теріс сипаттағы алдын ала немесе түпкілікті ұйғарымдарды қабылдауға, немесе осы Келісімнің ережелеріне сәйкес уақытша немесе түпкілікті шараларды қолдануға қатысты дереу әрекет етуге кедергі келтірмейді.
13.4 Тексеруді бастауға ниет білдірген немесе осындай тексеруді жүргізетін мүше тауарлары осыған ұқсас тексерудің мәні болып табылатын мүшенің немесе мүшелердің өтініші бойынша тексеруді бастау немесе жүргізу үшін пайдаланылатын құпия деректердің құпия емес түйіндерін қоса алғанда, құпия емес ақпаратқа қол жеткізуге рұқсатын береді.
____________________________
44 Осы тармақтың ережелеріне сәйкес ешқандай жағымды ұйғарымның консультациялар үшін ақылға қонымды мүмкіндіктерді ұсынбай, алдын ала немесе түпкілікті жасалмағаны айрықша маңызды. Мұндай консультациялар II, III немесе Х бөлімнің ережелеріне сәйкес рәсімдер үшін негіз болуы мүмкін.
14-БАП
Субсидиялардың мөлшерін оның алушысына берілетін жеңілдік ретінде есептеу
V бөлімнің мақсаттары үшін тексеру органы пайдаланатын кез келген әдіс 1-баптың 1-тармағына сәйкес субсидияларды алушыға берілетін жеңілдікті есептеу үшін ұлттық заңнамамен немесе осы мүшенің нормативтік актілерімен айқындалуы тиіс, ал оларды әрбір нақты жағдайда қолдану транспарентті және баламалы түсіндірілген болуы тиіс. Бұдан басқа, кез келген осындай әдіс мынадай қағидаттарға сәйкес келуі тиіс:
(а) үкіметтің компанияның капиталына қатысуы инвестициялар туралы шешім осы мүше-елдің аумағында жеке инвесторлардың (тәуекел капиталын ұсынуды қоса алғанда) жай инвестициялық практикасына жауап бермейтін ретінде бағаланбайтын болса, жеңілдікті беру ретінде қарастырылмайды;
(b) үкіметтік қарыз кредитті алушы-фирманың мемлекеттік кредит бойынша төлейтін сомасы мен фирма нарықта іс жүзінде алуы мүмкін салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлей алатын сома арасында айырмашылық болмаса, жеңілдік беру ретінде қарастырылмайды. Осыған ұқсас жағдайда жеңілдік осы екі сома арасындағы айырмашылық деп саналады;
(с) үкіметтің кредитке кепілдік беруі кепілдікті алушы-фирма үкімет кепілдік берген кредит үшін төлейтін сома және ол мемлекеттік кепілдіксіз салыстырмалы коммерциялық кредит үшін төлейтін сома арасында айырмашылық болмаса, жеңілдік беру ретінде қарастырылмайды. Осыған ұқсас жағдайда жеңілдік комиссиялыққа түзетуді ескеріп осы екі сома арасындағы айырмашылық деп саналады;
(d) үкіметтің тауарларды немесе қызметтерді жеткізу, не тауарларды үкіметтік сатып алу тауарлар немесе қызметтерді үкімет баламалы төлемнен аз мөлшерде жеткізбегенде, не сатып алуды баламалы төлемнен көп мөлшерде жүзеге асырмағанда ғана жеңілдік ретінде қарастырылмайды. Төлемнің баламалылығы елге осы тауарлар мен қызметтерді жеткізу немесе сатып алу үшін (сатып алу немесе сатудың бағасын, сапасын, қолжетімділігін, өтімділігін, тасымалдауды және өзге талаптарды қоса алғанда) қолданыстағы нарықтық жағдайлармен салыстырылып айқындалады.
15-БАП
Зиянды анықтау45
15.1 1994 ж. ГАТТ-тың VI бабының мақсаттары үшін зиянды анықтау жағымды дәлелдерге негізделуі және бір уақытта (а) субсидияланған импорттың көлемі мен ұқсас тауарларға46 ішкі нарықтың бағаларына субсидияланған импорттың әсер етуін, сонымен бірге (b) осындай тауарлардың отандық өндірушілеріне осы импорттың кейіннен әсер етуін дәйекті зерттеуді құрауы тиіс.
15.2 Тексеруді жүргізетін органдар субсидияланған импортының көлеміне қатысты субсидияланған импорттың едәуір ұлғаюы не абсолюттік мәнде, не импорттаушы мүшедегі өндіріске немесе тұтынуға қатынасы бойынша орын алатындығын анықтайды. Субсидияланған импорттың бағаға әсер етуіне қатысты тексеруді жүргізетін органдар импорттаушы мүшенің ұқсас тауарының бағасымен салыстырғанда субсидияланған импорт бағаларының айтарлықтай төмендеуі орын алғандығын, немесе осындай импорт кез келген басқаша түрдегі бағалардың елеулі дәрежеде төмендеуін тудыратындығын, не елеулі дәрежеде ол болмаған кезде бағалардың жоғарылауына кедергі келтіретіндігін қарастырады. Осы факторлардың не біреуі, не бірнешеуі шешім қабылдау үшін шешуші болуы мүмкін емес.
15.3 Егер өтемдік тексеру бірнеше елден импортқа қатысты бір мезгілде жүргізілсе, тексеруді жүргізетін органдар осындай импорттың әсерін, егер олар (а) әр елдің импортына қатысты анықталған субсидиялау мөлшері 11-баптың 9-тармағында белгіленген de minimis-тан асады деп белгілеген, ал әр елдің импорт көлемі азғантай болып табылмағанын (b) импортқа әсерін кумулятивті бағалау импортталған тауарлардың арасындағы бәсекелестік жағдайлары мен импортталған тауарлар мен ұқсас отандық тауарлар арасында бәсекелестіктің шарттары орынды болып табылатындығын анықтаған жағдайда кумулятивті есептей алады.
Отандық өнеркәсіпrе субсидияланған импорттың әсерін зерттеу нақты әрі әлеуетті төмендетуді қоса алғанда өндірістің, сатудың, нарықтық үлесінің, пайданың, өнімділігінің, инвестициялар бойынша кірістердің немесе өндірістік қуаттарды пайдаланудың төмендеуін; ішкі бағаларға әсер ететін факторларды; қолма-қол ақшаның қозғалысына, тауарлық қорларға, жұмыспен қамтуға, жалақыға, өсуге, капитал немесе инвестицияларды жұмылдыру мүмкіндігіне нақты және әлеуетті теріс әсер етуін, және ауыл шаруашылығы жағдайында, үкіметтік субсидиялау бағдарламалары бойынша шығыстардың ұлғаюы орын алғандығын қоса отырып, мәселені зерттеуге қатысы бар саланың жай-күйіне қатысты барлық экономикалық факторлар мен көрсеткіштерді бағалауды қамтиды. Осы тізім түбегейлі болып табылмайды. Осы факторлардың не біреуі, не бірнешеуі шешім қабылдау үшін шешуші болуы мүмкін емес.
15.5 Субсидиялардың47 әсер етуі салдарынан субсидияланған импорт осы Келісімнің мағынасында зиян келтіретіні дәлелденген болуы тиіс. Субсидияланған импорт пен отандық өнеркәсіптке келген зиян арасындағы себеп-салдарлық байланысты айқындау өкілетті органдарда бар іске қатысты дәлелдемелердің барлығын зерттеуге негізделеді. Өкілетті органдар сонымен қатар, субсидияланған импорттан басқа, бір мезгілде отандық өнеркәсіпке зиян келтіретін кез келген мәлім болған факторларды да қарастырады, және осындай басқа факторлар келтіретін зиян субсидияланған импорттың есебіне қосымша жазылмауы тиіс. Осыған ұқсас жағдайларда ескерілуі мүмкін факторлар inter alia осы тауардың субсидияланбаған импортының, көлемін және бағасын, тұтыну құрылымындағы сұраныстың азаюы немесе өзгеруі, шетелдік және отандық өндірушілер арасындағы шектеулі сауда практикасы мен бәсекелестікті, техникалық прогресті, экспорт көрсеткіштері мен отандық өнеркәсіптің өнімділігін қамтиды.
15.6 Субсидияланған импорттың әсері қолда бар деректер өндірістік процесс, өндірушілердің сатылымы мен пайдасы сияқты осындай өлшемдер негізінде осы өндірісті жеке бөліп алуға мүмкіндік беретін болса, ұқсас тауардың отандық өндірісіне қатысы бойынша бағаланады. Егер осы өндірісті осылай жеке бөліп алу мүмкін болмаса, онда субсидияланған импорттың әсері ол бойынша қажетті ақпарат алынуы мүмкін ұқсас тауарды қамтитын ең аз топ немесе тауарлар номенклатурасын өндірісін зерттеу негізінде бағаланады,
15.7 Материалдық зиян қаупінің болуын анықтау тек болжамдарға, гипотезаларға немесе қашықтатылған мүмкіндіктерге ғана емес, фактілерге негізделеді. Субсидияға зиян келтіруі мүмкін ахуалды жасауы мүмкін мән-жайлардың өзгеруі анық болжамды әрі шарасыз болуы тиіс. Материалдық зиян қаупінің болуын анықтай отырып, тексеру органдары басқа факторлардың арасында мынадайларды ескеруі тиіс:
(i) осы субсидияның немесе субсидиялардың сипаты және олардың саудаға ықтимал әсері;
(ii) импорттың елеулі ұлғаю ықтималдылығына көрсететін ішкі нарықта субсидияланған импорттың өсуінің елеулі қарқыны;
(iii) басқа экспорттық нарықтардың кез келген қосымша экспортты сіңіру мүмкіндігін ескере отырып, импорттаушы мүшенің нарығында субсидияланған экспорттың біршама ұлғаю ықтималдығына көрсететін экспорттаушыда еркін қуаттардың бар болуы немесе шарасыз елеулі ұлғаюы;
(iv) импорттың ішкі нарықтағы бағаларға едәуір төмендетуші немесе тежеуші әсер көрсететін, немесе және импортқа сұранысты одан әрі ұлғайту мүмкіндігі бар бағалармен келуі; және
(v) оған қатысты тексеру жүргізілетін тауардың қорлары.
Жеке алғанда, осы факторлардың бірде-біреуі шешім қабылдау үшін шешуші болуы мүмкін емес, алайда қаралып отырған факторлардың жиынтығы субсидияланатын экспортты жалғастыру шарасыз болып табылатыны, және тек қорғау шаралары қабылданбайтын болса, бұл материалдық зиян келтіреді деген тұжырымға алып келуі тиіс.
15.8 Субсидияланған импорттан келетін зиян қаупі болған жағдайларға қатысты өтемақы шараларын қолдану туралы мәселе ерекше назар қойылып қарастырылады және шешіледі.
____________________________
45 Осы Келісімде "зиян" термині егер өзгеше белгіленбесе, отандық өнеркәсіптің материалдық зияны, отандық өнеркәсіптің материалдық зиян қаупін немесе осындай өнеркәсіпті құруда материалдық тежеуді білдіретін ретінде қабылданады және осы баптың ережелеріне сәйкес түсіндірілуге тиіс.
46 Осы Келісімде "ұқсас тауар" термині ("осыған ұқсас тауар") термині бірдей болып табылатын тауар білдіретін ретінде, яғни қарастырылып отырған тауардың осыған ұқсас барлық қатынастарында, немесе осындай тауардың жоқтығы, барлық қатынастарға ұқсас болып табылмайтын басқа тауар, қарастырылып отырған тауарды иеленетін соларға жақын сипаттамалары бар ретінде түсіндіріледі.
47 2 және 4-тармақтарда баяндалғандай.
16-БАП
Отандық өнеркәсіпті айқындау
16.1 Осы Келісімнің мақсаттары үшін "отандық өнеркәсіп" термині 2-тармақта көзделгенді қоспағанда, ұқсас тауарлардың отандық өндірушілеріне, немесе өндірушілер экспорттаушылармен немесе импорттаушылармен байланысты48 немесе өздері болжамды түрде субсидияланған тауардың немесе ұқсас тауардың басқа елдерінің импорттаушылары болып табылған жағдайларды қоспағанда, осы тауарларының жиынтық өндірісі жалпы отандық өндірісінің негізгі бөлігін құрайтын барлық отандық өндірушілерге қатысты деп түсіндірілуі тиіс. Осыған ұқсас жағдайларда "отандық өнеркәсіп" термині өндірушілердің қалған бөлігіне қатысты деп түсіндірілуі мүмкін.
16.2 Ерекше жағдайларда кез келген мүшенің аумағы осы өндіріске қатысты екі немесе одан да көп бәсекелік нарыққа бөлінуі мүмкін, және әр нарықтың ішінде өндірушілер (а) осы нарық шеңберінде өндірушілер осы нарықта аталған тауардың барлық өндірісін немесе барлығына жуық сатса және (b) осы нарықта сұраныс аумақтың басқа жерлерінде тұратын осы тауардың өндірушілерімен біршама елеулі дәрежеде қанағаттандырылмаса, жеке өнеркәсіп ретінде қарастырылуы мүмкін. Осындай жағдайларда зиянның болуы тіпті отандық өнеркәсіптің негізгі бөлігі үшін зиян болмаған кезде, субсидияланған импорт осындай оқшауланған нарықта шоғырланған жағдайда , және содан басқа, осындай нарықта барлық немесе барлығына жуық ұқсас өнімнің өндірушілеріне зиян келтіруі мүмкін деген жағдайда белгіленуі мүмкін.
16.3 Егер отандық өнеркәсіп ретінде белгілі бір аймақта тұратын, яғни 2-тармақта айқындалғандай нарық шеңберінде тұратын өндірушілер түсіндірілсе, өтемдік баждар осы аймақта түпкілікті тұтынуға арналған тауарлардан ғана өндіріліп алынады. Егер импорттаушы мүшенің конституциялық заңы осындай негізде өтемдік баждарды өндіріп алуға рұқсат бермесе, импорттаушы мүше (а) экспорттаушыларға субсидияланатын бағалар бойынша тиісті аймаққа экспортты тоқтату немесе 18-бапқа сәйкес басқа да кепілдіктер беру мүмкіндігі ұсынылған және олардың тарапынан баламалы кепілдіктер дереу берілмеген, және (b) осындай баждар осы аймаққа жеткізуді жүзеге асыратын нақты өндірушілердің тауарларынан ғана өндіріліп алынбаған жағдайда ғана өтемдік баждарды шектеусіз өндіріп ала алады.
16.4 Егер екі немесе одан көп елдер 1994 ж. ГАТТ-тың ХХIV бабының 8(а) тармағына сәйкес ортақ жалпы нарыққа тән сипатқа ие болатын интеграцияның осындай деңгейіне қол жеткізсе, осы өнеркәсіп бүкіл ықпалдастыру аймағында 1 және 2-тармақтарда аталған отандық өнеркәсіп ретінде қарастырылады.
16.5 15-баптың 6-тармағының ережелері осы бапқа қолданылады.
___________________________
48 Осы тармақтың мақсаттары үшін өндірушілер осындай байланыстың әсерінен тиісті өндірушіні байланысты емес өндірушілерден өзгеше әрекет етуге мәжбүрлейді деп ойлау немесе күдіктену негізі бар болса, егер (а) олардың бірі тікелей немесе жанама түрде екіншісін бақылаған; не (b) олардың екеуі тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлғамен бақыланған; не (с) олар бірге тікелей немесе жанама түрде үшінші тұлғаны бақылаған жағдайда, экспорттаушылармен немесе импорттаушылармен байланысты ретінде қарастырылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін, егер біріншісі заң негізінде немесе іс жүзінде екіншісіне оның қызметін шектей немесе бағыттай отырып ықпал жасаса, біреуі екіншісін бақылайды деп саналады.
17-БАП
Уақытша шаралар
17.1 Уақытша шаралар мына жағдайларға ғана қолданылуы мүмкін, егер:
(а) тексеру 11-баптың ережелеріне сәйкес басталса, бұл туралы хабарлама жарияланса, және мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптарға ақпаратты ұсыну және өз ой-пікірін айту үшін баламалы мүмкіндіктер қамтамасыз етілген болса;
(b) жағымды сипаттағы алдын ала ұйғарымға сәйкес субсидия бар болса, және субсидияланған импорт отандық өнеркәсіпке зиян келтірсе; және
(с) тиісті өкілетті органдар мұндай шаралар тексеру кезеңінде зиянның алдын алу үшін қажет деп санаса.
17.2 Уақытша шаралар алдын ала есептелген субсидиялау мөлшеріне тең сомаға ақшалай депозиттер немесе борыштық міндеттемелермен кепілдік берілген уақытша өтемдік баждардың нысанын қабылдауы мүмкін.
17.3 Уақытша шаралар тексеру басталған күннен бастап 60 күн өткеннен ерте енгізілмейді.
17.4 Уақытша шараларды қолдану төрт айдан аспайтын қысқарақ кезеңмен шектелуі мүмкін. Уақытша шараларды қолдану кезінде 19-баптың тиісті ережелері сақталады.
18-БАП
Міндеттемелер
18.1 Рәсім мыналарды көздейтін қанағаттандырарлық ерікті міндеттемені алғаннан кейін уақытша шараларды немесе өтемдік баждарды енгізбей-ақ тоқтатылуы немесе аяқталуы мүмкін49:
(а) экспорттаушы мүшенің үкіметі субсидиялаудан бас тартуға немесе шектеуге, не субсидиялау салдарларына қатысты басқа шараларды қабылдауға келіседі; немесе
(b) экспорттаушы өз бағаларын тексеру органдары субсидиялаудың қолайсыз салдарларының жойылғандығына көздері жететіндей қайта қарауға келіседі. Осындай міндеттемелер бойынша бағаларды көтеру өтемақы үшін қажетті субсидия мөлшерін арттырмауы тиіс. Мүмкіндігінше, бағаларды арттыру осындай жоғарылату отандық өнеркәсіпке келтірілетін зиянды жою үшін жеткілікті болса, субсидия мөлшеріне қарағанда, мейлінше аз болғандығы қаланады.
18.2 Өкілетті органдар міндеттемелерді қабылдауға ұмтылмайды, және егер импорттаушы мүшенің өкілетті органдары субсидиялаудың және осындай субсидия келтірілетін зиянның алдын ала жағымды ұйғарымын шығарып, және экспорттаушылар тарапынан міндеттемелер жағдайында экспорттаушы мүшенің келісімін алмаған жағдайда, міндеттемелерді қабылданбайды.
18.3 Ұсынылған міндеттемелер егер импорттаушы мүшенің өкілетті органдары оларды қабылдау пайдасыз деп есептесе, мысалы, егер нақты немесе әлеуетті экспорттаушылардың саны тым үлкен болса, не жалпы саяси ой-пікірді қоса алғанда, басқа да себептер бойынша, қабылданбауы тиіс. Қажет болған жағдайда және бұл іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін болса, өкілетті органдар экспорттаушыға олардың себебінен міндеттемелер қабылдау қолайсыз деп саналған себептерін хабарлайды, және мүмкіншілігіне қарай экспорттаушыға өз ой-пікірін айту мүмкіндігін береді.
18.4. Алайда, егер міндеттеме қабылданса, субсидиялау мен зиян келтіру мәселелері бойынша тексеру экспорттаушы мүше қалаған жағдайда, немесе осындай шешімді импорттаушы мүше қабылдаса, аяғына дейін жеткізіледі. Субсидиялау немесе зиян келтірудің бар-жоғына қатысты теріс ұйғарым шығарылған жағдайда, мұндай ұйғарым айтарлықтай дәрежеде осындай міндеттеменің бар болуының нәтижесі болып табылған жағдайларды қоспағанда, міндеттеме автоматты түрде күшін жояды. Мұндай жағдайларда, мүдделі өкілетті органдар міндеттеменің осы Келісімнің ережелерімен сәйкес келетін ақылға қонымды уақыт ішінде қолданылуын жалғастыратындай етіп талап ете алады. Субсидиялау мен зиянның бар-жоғы расталған жағдайда, міндеттеме оның шарттары мен осы Келісімнің ережелеріне сәйкес қолданылуын жалғастырады.
18.5 Баға міндеттемелері импорттаушы мүшенің өкілетті органдарымен ұсынылуы мүмкін, алайда осындай міндеттемелерді қабылдау ешқандай экспорттаушыға мәжбүрленбеуі тиіс. Үкіметтің немесе экспорттаушылардың осыған ұқсас міндеттемелерді өзіне алуды ұсынбауы, немесе оны орындау жөнінде ұсынысқа келіспеуі ешқандай түрде істі қарауға әсерін тигізбейді. Алайда, өкілетті органдар субсидияланған импортты жалғастырған жағдайда зиян қаупі неғұрлым ықтимал деген тұжырымға келуге құқылы.
18.6 Импорттаушы мүшенің өкілетті органдары міндеттемені қабылдаған кез келген үкіметтен немесе экспорттаушыдан осындай міндеттемені орындауға қатысты ақпаратты мерзімді түрде беруін және тиісті деректерді тексеруге рұқсат беруін талап етуі мүмкін. Міндеттемені бұзған жағдайда, импорттаушы мүшенің өкілетті органдары осы Келісімнің ережелеріне сәйкес таңдаулы қолда бар ақпарат негізінде уақытша шараларды дереу қолдану түрінде шұғыл шараларды қабылдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда, түпкілікті баждар осы Келісімге сәйкес мұндай ретроактивті баждар міндеттемені бұзғанға дейін әкелінген импорттық тауарлардан өндіріле алмауын қоспағанда, осындай уақытша шараларды енгізгенге дейін 90 күннен аспайтын мерзімде айналымға шығарылған тауарлардан өндіріліп алынуы мүмкін.
____________________________
49 "Мүмкін" сөзі 4-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, рәсімнің бір мезгілде жалғастырылуына және міндеттеменің орындалуына жол беретін ретінде түсіндірілмеуі тиіс.
19-БАП
Өтемақы баждарын енгізу және өндіріп алу
19.1 Егер консультацияны аяқтау мақсатында қолданылған орынды күш-жігерден кейін кез келген мүше субсидияның бар-жоғы және көлемі туралы, және субсидияның әсерінен субсидиялаушы импорт зиян келтіретіні туралы қорытынды ұйғарым шығарса, ол осы субсидия немесе субсидиялар қайтарылып алмаса, осы баптың ережелеріне сәйкес өтемақы бажын енгізе алады.
19.2 Енгізу туралы барлық талаптар орындалған жағдайда өтемақы бажын енгізу немесе енгізбеу туралы шешім, сондай-ақ енгізілетін өтемақы бажының мөлшері субсидияның толық көлеміне тең келуі немесе одан аз болуы туралы шешім импорттаушы мүшенің өкілетті органдары қабылдайтын шешімдер болып табылады. Енгізу мөлшері азырақ баж отандық өнеркәсіпке зиянды жоюға жеткілікті болса, баж субсидия мөлшерінен кем болуы, оны енгізу барлық мүшелердің аумағында жай сипатта болуы, сонымен қатар мүдделі өкілетті органдарға өтемақы бажын енгізу арқылы мүдделеріне жағымсыз әсер келетін отандық мүдделі тараптардың50 ұсыныстарын тиісінше ескеруге мүмкіндік бере алатын рәсімдердің белгіленгені қаланады.
19.3 Өтемақы бажы кез келген тауарға қатысты енгізілгенде, мұндай өтемақы бажы әр жағдайда сәйкес мөлшерде, кез келген қарастырылатын субсидияларды пайдаланудан бас тартқан немесе міндеттемелері осы Келісімнің шарттарына сәйкес қабылданған көздерден импортты есепке алмағанда, субсидиялар мен зиян келтірудің бар-жоғы анықталған мұндай тауардың барлық көздерінен келген импорттан дискриминацияламайтын негізде өндіріліп алынады, Жеткізілімдерінен қорытынды өтемақы бажы өндіріліп алынған, бірақ ынтымақтастықтан бас тартудан басқа себетермен оған қатысты тексеру жүргізілмеген кез келген экспортер тексеру органдары осы экспортер үшін жеке өтемақы бажының шамасын белгілеу үшін жеделдетіп қайта қарауды талап етуге құқылы.
19.4 Импорттық тауардан субсидияланған және экспортталған тауардың бірлігіне субсидиялау мөлшерінде есептелген, субсидияның белгіленген мөлшерінен асатын мөлшерде ешбір өтемақы бажы өндіріп алынбайды51.
______________________________
50 Осы тармақтың мақсаттары үшін "жергілікті мүдделі тараптар" сөз тіркесі тергеу жүргізіліп жатқан импорттық тауарларды пайдаланатын тұтынушылар мен өнеркәсіп иелерінен тұрады.
51 Осы Келісімде "өндіріп алу" термині баж немесе салықты қорытынды заңды енгізу немесе өндіріп алу дегенді білдіреді.
20-БАП
Кері күш
20.1 Уақытша шаралар мен өтемақы баждары 17-баптың 1-тармағы және 19-баптың 1-тармағы негізінде қабылданған шешім күшіне енгеннен кейін тұтынуға енетін тауарларға ғана қатысты, осы бапта қарастырылған ерекшеліктерді ескерумен қолданылады.
20.2 Зиян келтірілгені (бірақ өнеркәсіп құруда зиян келтіру немесе материалдық тежеу қауіпі емес) туралы қорытынды ұйғарым шығарылған жағдайда, немесе субсидияланған импорттың ықпалы уақытша шаралардың болмауы кезінде зиянның бар-жоғы туралы қорытынды ұйғарымды шығаруға әкелсе, өтемақы баждары, кері күш туралы ережені ескере отырып, уақытша шаралар енгізілген жағдайда, олар қолданылған кезеңге енгізілуі мүмкін.
20.3 Егер қорытынды өтемақы баждың мөлшері ақшалай депозитпен немесе қарыз міндеттемесімен кепілдендірілген сомадан көп болса, олардың арасындағы айырмашылық өндірілмейді. Егер қорытынды баж шамасы ақшалай депозитпен немесе қарыз міндеттемесімен кепілдендірілген сомадан аз болса, артық сома қайтарылады немесе қарыз міндеттемесі ең қысқа мерзімде күшін жояды.
20.4 2-тармақта қарастырылғанды есепке алмағанда, өнеркәсіп құруда зиян келтіру немесе материалдық тежеу қаупінің болуы туралы ұйғарым шығарылған жағдайда (бірақ зиян әлі келтірілмегенде), қорытынды өтемақы бажы зиян келтіру немесе материалдық тежеу қаупінің болуы туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап қана енгізіле алады, және уақытша шараларды қолдану кезеңінде төленген кез келген ақшалай депозит қайтарылады, ал кез келген қарыз міндеттемесі ең қысқа мерзімде күшін жояды.
20.5 Егер шығарылған қорытынды ұйғарым теріс болса, уақытша шараларды қолдану кезінде төленген кез келген ақшалай депозит қайтарылуы тиіс, ал кез келген қарыз міндеттемесі ең қысқа мерзімде күшін жоюы керек.
20.6 Қиын жағдайларда, осы субсидияланған тауарға қатысты өкілетті органдар кейін жою қиынға соғатын зиян оған қатысты субсидиялар 1994 ж. ГАТТ-тың және осы Келісімнің шарттарын бұза отырып ұсынылған немесе төленген тауарды салыстырмалы қысқа уақыт мерзімінде көптеп импорттаудан болған деп анықтаса, және егер осындай залалдың қайталануын болдырмау үшін кері күш туралы ережені ескере отырып, мұндай импортқа өтемақы бажын салу қажет деп танылса, мұндай өтемақы баждары уақытша шара енгізілген күнге дейін 90 күнге дейін айналымға түскен импорттан өндіріліп алынады.
21-БАП
Өтемақы баждары мен міндеттемелердің әрекет ету мерзімі және қайта қарау
21.1 Өтемақы бажы зиян келтіретін субсидиялауды бейтараптандыру үшін қажетті уақыт мерімінде және көлемде ғана әрекет етеді.
21.2 Өкілетті органдар бажды өндіріп алуды жалғастыру қажеттілігін орынды болса, өз бастамасы бойынша, не болмаса қорытынды өтемақы бажын енгізген күннен ақылға қонымды уақыт кезеңі өткеннен кейін қайта қарау қажеттілігін растайтын оң ақпаратты берген кез келген мүдделі тараптың өтініші бойынша қайта қарайды. Мүдделі тараптар өкілетті органдардан субсидиялауды бейтараптандыру үшін бажды өндіріп алуды жалғастыру қажеттігін, егер баж алып тасталса немесе өзгертілсе, немесе екеуі де бірге орындалса зиян келтіруді жалғастыру немесе қайта бастаудың ықтималдығын қарастыруды сұрай алады. Егер қайта қарау нәтижесінде осы тармақ негізінде өкілетті органдар өтемақы бажын қолдану енді расталмаған деп таныса, ол бірден тоқтатылады.
21.3 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, кез келген қорытынды өтемақы бажының әрекеті енгізілген күннен бастап 5 жылдан кешіктірмей тоқтатылады (немесе 2-тармақ негізінде соңғы қайта қараған күннен бастап, егер ондай қайта қарау субсидиялау және зиян келтіру мәселелеріне біруақытта қатысты болса, немесе осы тармаққа негізделсе), егер өз бастамасы бойынша, немесе отандық өнеркәсіп жасаған, не оның атынан тиісінше негізделген сұрау негізінде осы күннен бұрын басталған күнге дейін ақылға қонымды уақыт кезеңінде қайта қарау барысында тексеру органдары баждың әрекетін тоқтату субсидиялау және зиян келтіруді жалғастыру немесе қайта жандандыруға әкелетінін анықтамаса52. Осындай қайта қарау нәтижелерін алғанға дейін бажды өндіріп алу күшінде қалуы мүмкін.
21.4 12-баптың дәлелдемелер мен рәсімге қатысты қағидалары осы бап негізінде жүргізілетін кез келген қайта қарауда қолданылады. Мұндай қайта қарау тез жүргізіледі және әдетте қайта қарау басталған күннен бастап 12 ай ішінде аяқталады.
21.5 Осы баптың ережелері 18-бапта қабылданған міндеттемелерге mutatis mutandis қолданылады.
_________________________________
52 Өтемақы бажының сомасы ретроспективті негізде өндіріп алынғанда, соңғы бағалау нәтижесінде бажды өндіріп алмау туралы шешім қабылданғаны туралы факт өкілетті органдардан қорытынды бажды өндіріп алуды тоқтату талабы дегенді білдірмейді.
22-БАП
Жариялы хабарлама және шығарылған ұйғарымдарды түсіндіру
22.1 Өкілетті органдар 11-бапқа сәйкес тексерудің басталуын растайтын жеткілікті дәлелдер бар екендігіне көзі жеткенде, осындай тексеру объектісі болып табылатын мүше немесе мүшелер, және тексеру органдарына белгілі басқа мүдделі тараптар ол туралы хабардар етіледі, ал тиісті хабарлама жарияланады.
22.2 Тексеруді бастау туралы жариялы хабарлама келесі туралы дұрыс ақпаратты құрайды, немесе жеке баяндама53 түрінде қол жетімді етеді:
(i) экспорттаушы ел немесе елдер және тиісті тауардың атауы;
(ii) тексеру басталатын күн;
(iii) субсидиялау практикасының немесе тексерілетін практиканың сипаттамасы;
(iv) зиян келтіру туралы айып негізделетін факторлардың қысқаша мазмұндамасы;
(v) мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптардың ұсыныстарын жіберуі тиіс мекенжай; және
(vi) мүдделі мүшелер мен мүдделі тараптар өз көзқарасын баяндай алатын мерзім.
22.3 Жариялы хабарламалар кез келген растайтын немесе теріске шығаратын, 18-бап бойынша міндеттеме қабылдауға қатысты кез келген шешім туралы, осындай міндеттеменің күшін жою туралы, қорытынды өтемақы бажының әрекетін тоқтату туралы алдын ала немесе соңғы ұйғарым шығару жөнінде жасалады. Әрбір осындай хабарлама тексеру органдары материалдық деп қарастыратын фактілер мен құқықтық нормалар негізінде жасалған қорытындылар мен тұжырымдамаларды жеткілікті егжей-тегжейлі нысанда көрсетеді, немесе жеке баяндама түрінде қол жетімді етіледі. Барлық мұндай хабарламалар мен баяндамалар тауарлары осындай ұйғарымдар мен міндеттемелердің тақырыбы болған мүшеге немесе мүшелерге, сондай-ақ осы іске қызығушылығы белгілі басқа мүдделі тараптарға жіберіледі.
22.4 Уақытша шара енгізу туралы жариялы хабарлама субсидияның және зиян келтірудің бор-жоғына қатысты алдын ала анықтамалардың жеткілікті егжей-тегжейлі түсініктемесін, дәйектер қабылданған немесе қабылдаудан бас тартылған барлық фактілер мен құқықтық нормаларға сілтемелер көрсетеді немесе жеке баяндама түрінде беріледі. Мұндай хабарлама немесе баяндама құпия ақпаратты қорғау туралы талапты тиісінше ескере отырып, мыналардан тұрады:
(i) жеткізушілердің атауы немесе бұл шын мәнінде жөн болмағанда тиісті жеткізуші-елдердің атауы;
(ii) кеден мақсаттары үшін жеткілікті тауардың сипаттамасы;
(iii) субсидияның белгіленген мөлшері мен субсидияның бар-жоғы туралы ұйғарым шығаруға әкелген негіздер;
(iv) 15-баппен қарастырылғандай зиянды анықтауға қатысты пікірлер;
(v) осы ұйғарымды шығаруға әкелген негізгі дәлелдер.
22.5 Қорытынды бажды енгізу немесе міндеттеме қабылдауды көздейтін жағымды ұйғарым шығарылған жағдайда тексерудің аяқталуы немесе тоқтатыла тұруы туралы жариялы хабарлама құпия ақпаратты қорғау туралы талапты тиісінше ескере отырып, қорытынды шараларды енгізу немесе міндеттеме қабылдауға әкелген фактілер және құқықтық нормалар мен негіздер туралы іске қатысы бар ақпаратты құрайды, немесе жеке баяндама түрінде беріледі. Атап айтқанда хабарлама немесе баяндама 4-тармақта сипатталған ақпараттан, мүдделі мүшелер немесе экспортерлер және импортерлер ұсынған тиісті дәйектер мен пайымдауларды қабылдау немесе бас тартудың негіздерінен тұрады.
22.6 18-бап бойынша міндеттемелерді қабылдауға байланысты тексеруді аяқтау немесе тоқтата тұру туралы жариялы хабарлама жеке баяндама түрінде міндеттемелердің құпия емес бөлігінен тұрады немесе басқаша түрде ұсынады.
22.7 Осы баптың ережелері mutatis mutandis 21-бапқа сәйкес жүзеге асырылатын қайта қарауды бастау мен аяқтауға, және бажды ретроактивті енгізу туралы 20-бап бойынша шешімдерге қолданылады.
________________________________
53 Егер өкілетті органдар осы баптың ережелеріне сәйкес ақпарат пен түсініктемені жеке баяндамада берсе, осы баяндаманың жұртшылыққа қол жетімдігін қамтамасыз етеді.
23-БАП
Сотта қайта қарау
Ұлттық заңнамасында өтем шаралары туралы қағидалары бар әрбір мүше 21-бап мағынасында қорытынды ұйғарымдар және ұйғарымдарды қайта қарауға қатысты әкімшілік әрекеттерді тез қарастыруға inter alia арналған сот, төрелік немесе әкімшілік органдар немесе рәсімдердің болуын қамтамасыз етеді. Мұндай органдар немесе рәсімдер осы ұйғарым немесе қайта қарауға жауапты өкілетті органдардан тәуелсіз болып табылады, және әкімшілік талқылауға қатысқан, және осы әкімшілік әрекеттер тура және жеке қатысы бар барлық мүдделі тараптарға оларды қайта қарауға қол жетуді қамтамасыз етеді.
VI БӨЛІМ: ОРГАНДАР
24-БАП
Субсидиялар және өтем шаралары жөніндегі комитет және қосалқы органдар
24.1 Осымен әр мүшенің өкілдерінен тұратын Субсидиялар және өтем шаралары жөніндегі комитет құрылады. Комитет өз төрағасын сайлайды және жылына екі реттен сирек емес отырыстар өткізеді, не болмаса осы Келісімнің тиісті ережелерімен қарастырылғандай кез келген мүшенің өтініші бойынша отырыс өткізеді. Комитет осы Келісіммен немесе мүшелермен жүктелген міндеттерді орындайды, және мүшелерге Келісімнің қызметіне немесе оның мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесуге қатысты кез келген мәселе бойынша консультация алу мүмкіндігін ұсынады. ДСҰ хатшылығы Комитет хатшылығының қызметтерін жүзеге асырады.
24.2 Комитет тиісті қосалқы органдарды құра алады.
24.3 Комитет субсидия және сауда қатынастары саласындағы бес тәуелсіз жоғары білікті мамандардан тұратын Сарапшылардың тұрақты тобын (СТТ) құрады. Сарапшыларды Комитет сайлайды, сонымен бірге олардың біреуі жыл сайын ауыстырылып отырады. Сұрау бойынша СТТ 4-баптың 5-тармағында қарастырылған аралық топқа көмек көрсете алады. Комитет кез келген субсидияның бар болуы, және сипатына қатысты консультативтік қорытындыны сұрай алады.
24.4 СТТ кез келген мүшеден консультация ала алады және енгізілуі көзделген немесе осы мүше қолданып жүрген кез келген субсидияның сипаты туралы консультативтік қорытынды бере алады. Мұндай консультативтік қорытындылар құпия болады, және 7-бапқа негізделген рәсімдерде пайдаланыла алмайды.
24.5 Өз қызметтерін орындай отыра Комитет, және кез келген қосалқы орган өздері орынды деп санайтын кез келген көзден ақпарат сұрата және консультация ала алады. Алайда Комитет немесе қосалқы орган кез келген мүшенің юрисдикциясындағы көзден ақпарат сұратар алдында тиісті мүшені ол туралы хабардар етеді.
VII БӨЛІМ: ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ
25-БАП
Хабарламалар
25.1 Мүшелер субсидиялар туралы хабарламалары 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармағының ережелеріне зардабын тигізбей, әр жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей берілетінімен, және 2-6-тармақтардың ережелеріне сәйкес келетінімен келіседі.
25.2 Мүшелер 1-баптың 1-тармағында белгіленгендей 2-бапта ерекше деп ұғынылатын және олардың аумағында берілген немесе әрекет ететін кез келген субсидия туралы хабардар етеді.
25.3 Хабарламаның мазмұны басқа мүшелер сауда салдарын бағалай алатындай және хабарлама берілген субсидиялау бағдарламалары қалай әрекет ететінін түсінетіндей толық болуы тиіс. Осыған байланысты және субсидиялар бойынша сауалнаманың54 мазмұны мен пішіні үшін зардабын тигізбей, мүшелер хабарламада келесі ақпараттың болуын қамтамасыз етеді:
(i) субсидия нысаны (яғни дотация, несие, салықтық жеңілдіктер және т.б.);
(ii) өнім бірлігіне есептелген субсидия, немесе ол мүмкін болмаған жағдайда осындай субсидияға қарастырылған қаржы бөлудің жалпы сомасы немесе жылдық сомасы (мүмкіндігінше, алдағы жылы өнім бірлігіне субсидияның орташа мөлшерін көрсете отырып);
(iii) саясаттың мақсаттары және/немесе субсидияның мақсаттары;
(iv) субсидияның әрекет ету мерзімі және/немесе онымен байланысты басқа мерзімдер;
(v) субсидияның саудаға әсерін бағалауға мүмкіндік беретін статистикалық деректер.
25.4 Егер 3-тармақтың белгілі бір тармақшалары бойынша хабарламада ақпарат болмаса, осының түсініктемесі хабарламаның өзінде ұсынылады.
25.5 Егер субсидиялар белгілі бір тауарлар немесе секторлар бойынша ұсынылса, хабарламада тауарлар мен секторлар бойынша бөлініп берілген ақпарат болуы тиіс.
25.6 Аумағында 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармақшасына және осы Келісімге сәйкес хабарлама жасауды талап ететін шаралар жоқ деп есептейтін мүшелер, ол туралы Хатшылықты жазбаша түрде хабардар етеді.
25.7 Мүшелер кез келген шара туралы хабарлама 1994 ж. ГАТТ және осы Келісім бойынша құқықтық мәртебесін, не осы Келісім бойынша салдарын, не шараның өзінің сипатын шешпейтінін мойындайды.
25.8 Кез келген мүше кез келген уақытта басқа мүше ұсынған немесе сақтаған кез келген субсидияның (оның ішінде IV бөлімде аталған кез келген субсидияның) сипаты мен мөлшері туралы ақпаратты, немесе шараның хабарлауды талап етпейтін ретінде қаралуының себебін түсіндіруді жазбаша түрде сұрай алады.
25.9 Мұндай сұрау алған мүшелер мүмкіндігінше тез уақытта және толыққанды түрде осынай ақпаратты береді, және сұрау бойынша сұратқан мүшеге қосымша ақпаратты беруге дайын болулары тиіс. Атап айтқанда, олар басқа мүшеге олардың осы Келісімнің шарттарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін толық ақпарат береді. Мұндай ақпарат берілмеді деп есептеген кез келген мүше Комитеттің назарын осыған аудара алады.
25.10 Басқа мүшенің субсиядия сияқты әсер ете алатын кез келген шарасы туралы хабарлама 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармағының және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес жіберілмеді деп есептеген кез келген мүше осы мүшенің назарын осыған аудара алады. Егер бұдан кейін болжамды субсидия туралы хабарлама бірден берілмесе, мұндай мүше Комитетті болжанып отырған субсидия туралы өзі хабардар ете алады.
25.11 Мүшелер Комитетке өтемақы баждарына байланысты барлық алдын ала немесе соңғы әрекеттер туралы баяндамаларын бірден ұсынады. Мұндай баяндамалар Хатшылықта басқа мүшелер тексеру үшін қол жетімді болуы тиіс. Мүшелер сондай-ақ жарты жылда бір рет алдыңғы алты айдағы өтемақы баждарына байланысты кез келген әрекеттер туралы баяндама ұсынады. Жартыжылдық баяндамалар келісілген стандартты нысанда ұсынылады.
25.12 Әрбір мүше Комитетті а) 11-бап бойынша тексеруді ашу және жүргізу өкілеттігіне қандай билік органдары ие екені туралы, және (b) осындай тексеруді ашу және жүргізудің ұлттық рәсімдері туралы хабардар етеді.
_______________________________
54 Комитет BISD 9S/193-194-те берілген сауалнаманың мазмұны мен нысанын қайта қарау үшін Жұмыс Тобын құрады.
26-БАП
Бақылау
26.1 Комитет 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабының 1-тармағы және осы Келісімнің 25-бабының 1-тармағы негізінде ұсынылатын жаңа және толық хабарламаларды үш жылда бір рет жүргізілетін арнайы отырыстарда қарастырады. Аралық жылдарда ұсынылатын ағымдағы ақпараты бар хабарламалар (нақтылайтын хабарламалар) Комитеттің әрбір кезекті отырысында қарастырылады.
26.2 Комитет 25-баптың 11-тармағына сәйкес ұсынылатын баяндамаларды Комитеттің әрбір кезекті отырысында қарастырады.
VIII БӨЛІМ: ДАМУШЫ МҮШЕ-ЕЛДЕР
27-БАП
Дамушы мүше-елдерге арналған арнайы және сараланған режим
27.1 Мүшелер субсидия дамушы мүше-елдердің экономикалық даму бағдарламаларында маңызды рөл атқара алатынын мойындайды.
27.2 3-баптың 1(а)-тармағында көрсетілген тыйым мыналарға қолданылмайды:
(а) VII қосымшада көрсетілген дамушы мүше-елдерге;
(b) 4-тармақтың қағидалары орындалған жағдайда ДСҰ Келісімі күшіне енген сәттен бастап сегіз жыл бойы басқа дамушы мүше-елдерге.
27.3 3-баптың 1(b)-тармағында көрсетілген тыйым дамушы мүше-елдерге ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 5 жыл ішінде қолданылмайды және неғұрлым аз дамыған мүше-елдерге қатысты сегіз жыл ішінде қолданылмайды.
27.4 2(b)-тармағында аталған кез келген дамушы мүше-ел сегіз жылдық кезеңде, мүмкіндігінше үдемелі түрде, өз экспорттық субсидияларын алып тастайды. Алайда дамушы мүше-ел өз экспорттық субсидияларының деңгейін арттырмайды55 және мұндай экспорттық субсидияларды пайдалану оның даму қажеттіліктеріне сәйкес келмеген кезде, оларды осы тармақта көзделген уақыттан қысқарақ кезеңде жояды. Егер дамушы мүше-ел 8 жылдық кезең аяқталғаннан кейін осындай субсидияны қолдану қажет деп есептесе, осы кезең аяқталғанға кемінде бір жыл қалғанда Комитетпен консультацияны бастайды, ол осы дамушы мүше-елдің экономика, қаржы және даму салаларындағы қажеттіліктерін зерттегеннен кейін бұл кезеңді ұзартудың орындылығына қатысты шешім қабылдауы керек. Егер Комитет ұзарту орынды деп тапса, мүдделі дамушы мүше-ел жыл сайын Комитетпен субсидияны сақтау қажеттілігі анықтау жөнінде кеңеседі. Егер Комитет мұндай шешім қабылдамаса, онда дамушы мүше-ел соңғы берілген кезең аяқталған сәттен бастап екі жыл ішінде қалған экспорттық субсидияларды алып тастайды.
27.5 Қандай да бір тауарды экспорттау бойынша бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізген дамушы мүше-ел екі жыл ішінде сол тауар/тауарлар бойынша экспорттық субсидияларды алып тастайды. Алайда VII қосымшада көрсетілген, бір немесе бірнеше тауарды экспорттау бойынша бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізген дамушы мүше-ел сегіз жыл ішінде біртіндеп осы тауарларға экспорттық субсидияларды алып тастайды.
27.6 Қандай да бір тауарды экспорттау егер осы тауардың дамушы мүше-елден экспорты бірінен кейін бірі келетін екі күнтізбелік жылда осы тауардың әлемдік саудасының кемінде 3,25%-на жетсе, бәсекеге қабілетті деп есептеледі. Экспорттың бәсекеге қабілеттілігі былайша анықталады: не (а) экспорттық бәсекеге қабілеттілікке жеткен дамушы елдің хабарламасы негізінде, не болмаса (b) кез келген мүшенің өтініші бойынша Хатшылық жасаған есеп негізінде. Осы тармақтың мақсаттары үшін тауар Тауарлардың үйлестірілген сипаттау және кодтау жүйесінің бөлімдерінің атаулары бойынша анықталады. Комитет осы ереженің күшін ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен кейін бес жылдан кейін қарастырады.
27.7 4-баптың ережелері экспорттық субсидиялар 2-5-тармақтардың ережелеріне сәйкес келген жағдайда дамушы мүше-елге қолданылмайды. Бұл жағдайда 7-баптың ережелері қолданылады.
27.8 Дамушы мүше-ел ұсынатын субсидия 6-баптың 1-тармағы мағынасында осы Келісімде белгіленгендей мүдделерге елеулі нұқсан келтіретін ретінде алдын ала қарастырылмайды. Осындай 9-тармақта белгіленген жағдайларда мүдделерге елеулі нұқсан келтірудің болуы 6-баптың 3-8-тармақтарының ережелеріне сәйкес оң дәлелдермен расталуы керек.
27.9 6-баптың 1-тармағында аталғандардан басқа, дамушы мүше-елде ұсынылған немесе сақталған шараларды қолдану үшін негіз беретін субсидияларға қатысты шаралар тек қана мұндай субсидия 1994 жылғы ГАТТ бойынша тарифтік шегінулерді немесе басқа міндеттемелерді жоятыны немесе қысқартатыны анықталмаған жағдайда, және осылайша ұқсас тауардың басқа мүше-елден субсидиялайтын дамушы мүше-ел нарығына импортты шеттетсе немесе қиындатса, немесе импорттаушы мүшенің отандық өнеркәсібіне зиян келтірілмесе ғана, 7-бап бойынша рұқсат етіле немесе қабылдана алмайды.
27.10 Дамушы мүше-елде шығатын тауарға қатысты кез келген өтемақы тексерулері тиісті өкілетті органдар мыналарды анықтаған сәттен бастап аяқталады:
(а) осы тауар бойынша берілген субсидиялардың жалпы деңгейі өнім бірлігіне есептелген құнның 2%-нан аспайтыны;
(b) егер дамушы мүше-елдерден импорт импорттың жалпы көлемінде жеке үлестері 4%-дан кемін, қосындысында импорттаушы мүшеге ұқсас тауардың импортының жалпы көлемінің 9%-нан аспаса субсидияланған импорт көлемі импорттаушы елге ұқсас тауардың жалпы импортының 4%-нан кемін құрайтыны,.
27.11 2(b)-тармағының мағынасы шеңберінде ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап сегіз жылдық кезең ақталғанға дейін экспорттық субсидияларын алып тастайтын дамушы мүше-елдер үшін және VII қосымшасында аталған дамып келе жатқан мүше-елдер үшін 10(а)-тармағында көрсетілген мән 2% емес, 3%-ды құрайды. Бұл ереже Комитетке экспорттық субсидияларды алып тастау туралы хабарлама берген күннен бастап және экспорттық субсидиялар хабарлама беруші ДСҰ-ның дамушы мүше-елі ұсынбағанға дейін қолданылады. Осы ереженің әрекет ету мерзімі ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап сегіз жылдан кейін аяқталады.
27.12 de minimis-ті анықтаған кезде 15-баптың 3-тармағына сәйкес 10 және 11-тармақтардың ережелері пайдаланылады.
27.13 ІІІ бөлімнің ережелері қарызды тура тізімнен шығаруға, үкіметтік кірістерден бас тартуды қоса алғанда кез-келген нысандағы әлеуметтік қажеттіліктерге шығыстарды өтеуге, сондай ақ, осы бағдарлама да, онымен қарастырылған субсидиялар да шектеулі уақыт кезеңінде берілетін жағдайда, Комитет олардың қолданылуы туралы хабардар болса және бағдарламаның қорытынды нәтижесі тиісті кәсіпорынды жекешелендіру болса, мұндай субсидиялар дамушы мүше-елдің жекешелендіру бағдарламасы аясында және тура соған байланысты берілетін жағдайда қарызды басқаша аударуды қосқан кезде берілетін субсидияларға қолданылмайды.
27.14 Мүдделі мүшенің өтініші бойынша Комитет осы практиканың оның даму қажеттіліктеріне сәйкестігін зерттеу мақсатында дамушы мүше-елдің нақты экспорттық субсидия практикасын қарастырады.
27.15 Мүдделі дамушы мүше-елдің өтініші бойынша Комитет 10 және 11-тармақтарының ережелеріне сәйкес осы дамушы мүше-елде қолданылатын дәрежеде зерттеу мақсатында нақты өтемақы шараларын қарастыруды жүзеге асырады.
________________________________
55 ДСҰ Келісімі күшіне енген күніне экспорттық субсидиялар ұсынбайтын дамушы мүше-елдер үшін осы тармақ 1986ж. берілген экспорттық субсидиялар деңгейінен шығып қолданылады.
IX БӨЛІМ: АУЫСПАЛЫ уағдаластықтар
28-БАП
Қолданыстағы бағдарламалар
28.1 ДСҰ Келісіміне қол қойған күнге дейін кез-келген мүшенің аумағында басталған және осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келмейтін субсидиялау бағдарламалары:
(а) олар туралы хабарламалар мұндай мүшеге қатысты ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 90 күннен кеш емес Комитетке жіберіледі; және
(b) мұндай мүше үшін ДСҰ Келісімі күшіне енгеннен бастап үш жылдың ішінде осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келтіріледі, және бұл уақытқа дейін олар II бөлім ережелерінің қолданылу аясына жатқызылады.
28.2 Ешқандай мүше мұндай бағдарламаның әрекет жасау өрісін кеңейтпейді және мұндай бағдарламаның ешқайсысы оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жаңарып отырмайды.
29-БАП
Нарықтық экономикаға көшу
29.1 Жоспарлы-орталықтандырылған экономикадан еркін кәсіпкерлікті нарықтық экономикаға көшү үрдісіндегі мүшелер, мұндай көшу талап ететін бағдарламалар мен шараларды қолданыла алады.
29.2 3-баптың аясына жататын және олар туралы 3-тармаққа сәйкес хабарламалар берілген мұндай мүшелердің субсидиялау бағдарламалары тоқтатылады, немесеДСҰ Келісімі күшіне енген күнінен бастап жеті жылдық мерзім ішінде 3-бапқа сәйкес келтіріледі. Бұл жағдайда 4-бап қолданылмайды. Сонымен қатар, сол мерзім ішінде:
(а) 6-баптың 1(d)-тармағының аясына жатқызылатын субсидиялау бағдарламалары 7-бапқа сәйкес шара қолдануға негіз беретіндер ретінде қарастырылмайды;
(b) шара қолдануға негіз беретін басқа субсидияларға қатысты 27-баптың 9-тармағының ережелері қолданылады.
29.3 3-баптың аясына жататын субсидиялау бағдарламалары туралы ДСҰ Келісімінің күшіне енген күннен кейін мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде Комитетке хабарлама беріледі. Мұндай субсидиялар бойынша кейінгі хабарламалар ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап екі жылдың ішінде жасалады.
29.4 Ерекше жағдайларда Комитет 1-тармақта көрсетілген мүшелерге хабарламалар жолданған бағдарламалар мен шаралардан, сонымен қатар олардың мерзімдерінен нарықтық экономикаға көшу үрдісінің мақсатында ондай шегінулер қажет деп саналатын жағдайда, шегінуге рұқсат бере алады.
Х БӨЛІМ: ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
30-бап
Дауларды шешу туралы Уағдаластықтың шеңберінде дамытылған және қолданылатын 1994 ж. ГАТТ-тың XXII және XXIII баптарының ережелері, осы Келісімнің шеңберінде арнайы алдын-ала айтылған жағдайларды қоспағанда, консультациялар мен дауларды шешу үшін қолданылады.
XI БӨЛІМ: ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
31-БАП
Уақытша қолдану
6-баптың 1-тармағының ережелері және 8 бен 9-баптардың ережелері ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен бастап 5-жылдық мерзім ішінде қолданылады. Бұл мерзімнің аяқталуына 180 күн қалған мерзімнен кешіктірмей, Комитет осы ережелердің күшін оның осы немесе өзгертілген күйінде кейінгі мерзімге ұзарту қажеттілігін анықтау мақсатында қарастырады.
32-БАП
Басқа қорытынды ережелер
32.1 Осы Келісімде56 түсіндірілгендей, 1994 ж. ГАТТ ережелеріне сәйкес келетін әрекеттерден басқа, басқа мүшенің субсидиларына қарсы ешқандай нақты әрекеттер қолданыла алмайды.
32.2 Басқа мүшелердің келісімінсіз осы Келісімдегі кез-келген ережеге қатысты ескертулер жасала алмайды.
32.3 4-тармақтың сақталу жағдайында, осы Келісім ережелері бұл мүшеге қатысты ДСҰ Келісімі күшіне енген күні немесе одан кейінгі күнге берілген өтініштер бойынша басталған, қолданыстағы шараларды тексеру мен қайта қарауға,қатысты қолданылады.
32.4 21-баптың 3-тармағының мақсаттары үшін қолданыстағы өтемақы шаралары осы мүше үшін ДСҰ Келісімі күшіне енген күнінен кешіктірмей, сол күнге қолданылатын кез-келген мүшенің ұлттық заңнамасы аталған тармақпен көзделген осындай ескертуді қамтитын жағдайларды қоспағанда, енгізілген болып есептеледі.
32.5 Әр мүше оған қатысты ДСҰ Келісімі күшіне енген күннен кешіктірмей олар өзіне қатысты қолданылатын дәрежеде, өз заңдарының, нормативтік актілері мен әкімшілік рәсімдердің осы Келісімнің ережелеріне сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін жалпы немесе жеке сипаттағы барлық қажетті шараларды, қолданады.
32.6 Әр мүше осы Келісімге қатысы бар, өзінің заңдары мен кормативтік актілеріндегі өзгерістер мен оларды қолданудағы өзгерістер туралы Комитетке хабарлайды.
32.7 Комитет жыл сайын осы Келісімнің мақсаттарын ескере отырып, оның орындалуы мен күшін қарастырады. Комитет жыл сайын есепті кезең ішіндегі өзгерістер жайында Тауарлармен сауда жөніндегі Кеңесті хабардар етеді.
32.8 Осы Келісімдегі Қосымшалар оның ажырамас бөлігін құрайды.
__________________________
56 Осы тармақ 1994 ж. ГАТТ-тың басқа тиісті ережелерінің негізінде қолданылатын орынды шараларға бөгет болуды мақсат етіп қоймайды.
I ҚОСЫМША
ЭКСПОРТТЫҚ СУБСИДИЯЛАРДЫҢ иллюстрациялық тізбесі
(а) Үкіметтердің экспорт нәтижелерімен шартталған фирмалар немесе өндіріске тікелей субсидияларды беруі.
(b) Валютаны ұстап қалуға жол беретін бағдарламалар, немесе экспорт кезінде сыйақыны төлеуді қарастыратын кез-келген ұқсас практика.
(с) Ішкі нарықтағы тасымалдаумен салыстырғанда қарағанда біршама жеңілдетілген шарттарда үкіметтер белгілейтін немесе өндіріп алатын экспорттық тиеп-жөнелтуге арналған ішкі көліктік және фрахт тарифтері.
(d) Әлем нарығында олардың экспортерлары үшін қолжетімді57 коммерциялық шарттарға қарағанда одан да қолайлы шарттар болған жағдайда, тауарларды ішкі тұтыну үшін ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарлар мен қызметтерді берудің шарттарына қарағанда анағұрлым қолайлы шарттармен экспорттық тауарларды өндіру мақсатында үкіметтермен немесе олардың ұйымдарымен үкіметтік бағдарламалар арқылы импортталған немесе отандық тауарлар немесе қызметтерді беруі.
(е) экспортқа байланысты өндірістік немесе сауда кәсіпорындары58 төлейтін немесе төлеуге тиіс тікелей салықтарды59, немесе әлеуметтік сақтандыруға кететін аударымдарды төлеуден толықтай немесе жартылай босату, азайту немесе мерзімін кейінге шегеру.
(f) Тікелей салық салу базасын есептеген кезде қолданылатын, ішкі тұтыну үшін өндіріске қатысты ұсынылған алымдардан асатын, экспортпен немесе экспорт нәтижелерісмен тікелей немесе жанама байланысқан арнайы алымдар.
(g) Ішкі тұтыну үшін сату кезінде ұқсас тауарларды өндіру мен таратудан алынатын салықтарға қарағанда, экспортқа шығатын тауарларды өндіру мен таратудан алынатын жанама салықтарды төлеуден босату немесе азайту.
(h) Экспорттық тауарларды өндіруде қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынатын алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын ішкі тұтыну үшін сатылатын ұқсас тауарларды өндіруде қолданылған тауарлар мен қызметтерге салынатын ұқсас алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеруге қарағанда жоғары деңгейде төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеру; бірақ Экспорттық тауарларды өндіруде қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынатын алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеру егер алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтары экспорттық тауарларды (қалдықтарға салынатын қалыпты жеңілдіктері бар) өндіру барысында қолданылған материалдардан алынатын болса60, ішкі тұтыну үшін сатылатын ұқсас тауарларды өндіруде қолданылған тауарлар мен қызметтерге салынатын ұқсас алғашқы кезеңнің кумулятивті жанама салықтарын төлеуден босату, азайту немесе кейінге шегеру қолданылмаған жағдайда да болатын шартпен. Осы бапты түсіндіру II Қосымшада берілген өндірістік процессте материалдарды тұтыну тәртібі бойынша нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
(i) Экспорттық (қалдықтарға салынатын қалыпты жеңілдіктері бар) өнімді өндіруге кеткен импорттық шикізат пен материалдарынан алынатын импорттық алымдардың үстінен алынатын алымдардың азаюы немесе қайтарылуы; бірақ импорт пен тиісті экспорт операциялары екі жылдан аспайтын қисынды уақыт мерзімінің ішінде қолданылса, нақты жағдайларда кәсіпорын импорттық шикізат пен материалдар сияқты ұқсас мөлшерде, ұқсас сапа мен қасиеттері бар отандық шикізат пен материалдарды алмастырушы ретінде қолдануы мүмкін. Осы бапты түсіндіру өндірістік процесте материалдарды тұтыну тәртібі бойынша нұсқаулыққа (II Қосымша) және экспорттық субсидиялар сияқты айырбастау кезінде импорттық алымдарды қайтару жүйесіне қатысты ұйғарым беру тәртібі бойынша нұсқаулыққа (III Қосымша) сәйкес жүзеге асырылады.
(j) Үкіметтердің (немесе үкіметтер бақылайтын арнайы институттардың) экспорттық кредиттерді кепілдендіру немесе сақтандыру бағдарламаларын, экспорттық тауардың бағасын көтеруден сақтандыру немесе кепілдендіру бағдарламаларын, немесе бұл бағдарламалар бойынша ұзақ мерзімді операциялық шығындар мен зияндарды төлеу үшін жеткіліксіз сыйақы ставкаларын қолданып валюталық тәуекелден сақтандыру немесе кепілдендіру бағдарламаларын беруі.
(k) Үкіметтердің (немесе үкіметтер бақылайтын және/немесе үкіметтін қарамағында істейтін арнайы институттардың) пайдаланылған қаражат үшін олар шындығында төлеуге тиіс (немесе халықаралық капитал нарығына жүгінген кезде ұқсас төлеу мерзімі мен басқа несиелік шарттары, және экспорттық несиеге ұқсас валютада төлеулері тиіс болатын болса) төлемдерден төмен экспорттық кредиттерді беруі, немесе экспорттық кредиттер берілетін шарттар саласындағы материалдық артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін қолданылаын деңгейде несие алуға байланысты экспорттаушылар немесе қаржы мекемелерінің көтерген шығыстарын толықтай немесе жартылай өтеуі. Алайда, мүше осы Келісімнің (немесе көрсетілген мүшелермен мақұлданған кейінгі уағдаластықтың) кем дегенде 12 құрылтайшы мүшесі 1979 жылғы 1 қаңтарынан бастап тараптары болып табылатын ресми экспорттық несиелеу бойынша халықаралық уағдаластықтың тарабы болып табылса, немесе мүше тиісті уағдаластықтың пайыздық ставкалары туралы ережелерін іс жүзінде қолданса, осы ережелерге сәйкес келетін экспорттық несиелеу тәжірибесі, осы Келісіммен тиым салынған экспорттық субсидия ретінде қарастырылмайтыны келісілді.
(l) 1994 ж. ГАТТ-тың XVI бабы мағынасында экспорттық субсидия болып саналатын, мемлекет есебінен кез-келген басқа шығыстар.
___________________________
57 "Қолжетімді коммерциялық шарттар" термині отандық немесе импорттық тауарлардың арасында таңдау шектелмейтіні, және тек коммерциялық түсініктермен анықталатынын білдіреді.
58 Мүшелер, мысалы, төленуі тиіс пайыздар алынатын жерде шегерім экспорттық субсидияға теңелуі міндетті емес екенін мойындайды. Мүшелер, солардың бақылауында немесе бір бақылаудың астында болатын экспорттаушы-кәсіпорын мен шетелдік сатып алушылар арасындағы мәмілелер бойынша тауарлардың бағасы ретінде, салық мақсатында тәуелсіз кәсіпорындар арасында белгіленген бағаны пайдаланған жөн деген қағидатты растайды. Кез келген мүше басқа мүшенің назарын осы қағидатқа қайшы келетін, және экспорттық мәмілелердегі тікелей салықтардың айтарлықтай үнемделуіне әкелетін әкімшіліктік және басқа тәжірибеге аударуы мүмкін. Мұндай жағдайда мүшелер әдетте, алдыңғы сөйлемнен шығатын консультацияларға құқықты қоса алғанда, 1994 ж. ГАТТ бойынша мүшелердің құқықтары мен міндеттемелеріне нұқсан келтірместен, қолданыстағы қосарланған салық салу туралы келісімдердің немесе өзге айырықша халықаралық тетіктердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, , келіспеушіліктерді шешуге ұмтылады. (е) тармағы кез келген мүшемен, оның кәсіпорындарымен немесе басқа мүшенің кәсіпорындарымен алынған шетелдік кіріс көзіне қосарланған салық салынуына жол бермеу мақсатында шара енгізуді шектеуге арналмаған.
59 Осы Келісімнің мақсаттарында "тікелей салықтар" жалақы, кіріс, пайыздар, ренттік түсімдер, роялти мен басқа кіріс нысандарына, сонымен қатар жылжымайтын мүлік үшін салынатын салықтарды білдіреді. "Импорт алымдары" термині кедендік баж салығын, импорттан алынатын осы нұсқауда көрсетілмеген басқа алымдар мен салықтарды білдіреді. "Жанама салықтар" термині тікелей салықтар мен импорттық алымдарды қоспағанда, сатуға салынатын салық, акциздер, айналымнан алынатын және қосылған құн салықтары, франшизалар, пошталық алым, меншікке беру, тауарлық қор мен құрал-жабдыққа салынатын салық, шекара алымдары мен басқа да салықтарды білдіреді. "Алғашқы кезең" салықтары деген тауарды өндіру кезінде тікелей немесе жанама қолданылатын тауарлар мен қызметтерден алынатын салықтарды білдіреді. "Кумулятивті" жанама салықтар деген өндірістің бір кезеңінде салық салынатын тауарлар мен қызметтер, өндірістің кейінгі сатыларында қолданылатын, кейін несиелеу механизмі жоқ кезде алынатын көпсатылы салықтарды білдіреді. Салықтардың "азаюы" салықтың қайтарылуы немесе одан алынған жеңілдікті білдіреді. "Азаю немесе қайтару" импорт алымдарын төлеуден толық немесе жартылай босату немесе кейінге шегеруді қамтиды.
60 (h) тармағы қосылма құн салығы жүйесіне және кедедік салық алымдарына қолданылмайды; қосылма құн салығының шамадан тыс азаюы тек қана (g) тармағымен реттеледі.
II ҚОСЫМША
ӨНДІРІСТІК ПРОЦЕСТЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ТҰТЫНУ ТӘРТІБІ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ61
I
1. Жанама салықтардан жеңілдіктер (қайтарымдар) жүйесі экспорттық тауарды (қалдықтарға қалыпты жеңілдіктермен) өндіру процесінде тұтынылатын материалдардан алынатын, алдын ала сатыдағы кумулятивті жанама салықтардан босатуды, азайтуды немесе кейінге қалдыруды рұқсат етуі мүмкін. Қайтарым жүйелері осыған ұқсас түрде экспорттық тауарды өндіру процесінде тұтынылатын материалдардан алынатын импорт алымдарын азайтуға немесе қайтаруға рұқсат етуі мүмкін (қалдықтарға қарапайым жеңілдіктермен).
2. Осы Келісімнің І Қосымшасында экспорттық субсидиялардың иллюстративті тізбесі (h) және (i) тармақтарында "экспорттық тауар өндірісінде тұтынылатын материалдар" терминіне сілтеме жасайды. (h) тармағына сәйкес жанама салықтардан жеңілдіктер жүйесі "экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдардан" нақты алынатын осындай салық сомасынан үстеме алдын ала сатыдағы кумулятивті жанама салықтардан босатуға, азайтуға немесе төлемді кейінге шегеруге әкеп соғатын экспорттық субсидияны білдіруі мүмкін. (i) тармақшасына сәйкес, қайтарым жүйесі экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдардан алынатын алымдардан үстеме импорттық алымдарды азайтуға немесе қайтаруға әкеп соғатын экспорттық субсидияны білдіруі мүмкін. Екі тармақ қалдықтарға қалыпты жеңілдіктер экспорттық тауар өндірісінде материалдарды тұтынуға қатысты қорытындыларда ескерілуі тиіс екендігін көздейді. (i) тармағы сондай-ақ қажет болғанда, алмастыруды көздейді.
II
Осы Келісімге сәйкес өтемдік тексерудің бөлігі ретінде экспорттық тауар өндірісінде материалдарды тұтыну туралы мәселені қарастыру кезінде тексеру органдары келесілерге сүйенуі тиіс:
1. Егер жанама салықтардан жеңілдіктер жүйесі немесе қайтарым жүйесі экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдарға жанама салықтарға немесе импорттық алымдарға шамадан тыс жеңілдіктерге немесе шамадан тыс қайтарымға орай субсидияға айналғаны болжанса, тексеру органдары алдымен экспорттаушы мүше-елдің үкіметі шынымен де экспорттық тауар өндірісінде қандай материалдар және қандай көлемде тұтынылатындығын тексеруге мүмкіндік беретін жүйесі немесе рәсімі бар болуын және оны қолдануын анықтауы тиіс. Егер мұндай жүйе немесе рәсім қолданылатындығы анықталса, онда тексеру органдары оның осы мақсат үшін орынды, тиімді болып табылатындығын және экспорт еліндегі жалпыға ортақ коммерциялық практикаға негізделгенін анықтау үшін мұндай жүйені немесе рәсімді зерттейді. Тексеру органдары 12 баптың 6 тармағына сәйкес ақпаратты тексеру және осы жүйенің немесе рәсімнің тиімді қолданылуын растау мақсатында белгілі бір практикалық тестілер жүргізуді қажет деп есептеуі мүмкін.
2. Егер мұндай жүйе немесе рәсім жоқ болса, егер ол орынды болмаса, немесе енгізілген болып орынды деп танылса, бірақ оның қолданылмайтындығы немесе тиімсіз қолданылатындығы анықталса, экспорттаушы мүше шамадан тыс төлемдердің жүзеге асырылатындығын анықтау мақсатында материалдардың нақты шығындары негізінде зерттеуді жалғастыру тиіс. Егер тексеру органдары оны қажет деп тапса, әрі қарай зерттеу 1 тармаққа сәйкес жүргізілуі тиіс.
3. Тексеру органдары мұндай материалдар өндірістік процесте пайдаланылса және экспорттық тауарда бар болса, материалдарды нақты енгізілген ретінде қарастыруы тиіс. Мүшелер материалдардың өндірістік процеске келіп түскен күйінде түпкілікті тауарда қатысу міндетті емес екенін атап көрсетеді.
4. Экспорттық тауар өндірісінде тұтынылған материалдардың нақты шығындарының сомасын анықтау кезінде "қалдықтарға қалыпты жеңілдікті" назарға алу және осындай қалдықтарды экспорттық тауарды өндіру процесінде тұтынылған қалдық ретінде қарастыру керек. "Қалдықтар" термині осы материалдардың экспорттық тауар өндірісінде жеке қызмет орындамайтын, экспорттық тауар өндірісі процесінде тұтынылмайтын (соның ішінде тиімсіздігі себебінен) және қалпына келтірілмейтін, пайдаға асырылмайтын немесе өндірушінің өзі сатпайтын бөлігіне қатысты болады.
5. Қалдықтар жеңілдігінің "қалыпты" екендігін анықтау кезінде, тексеру органдары өндірістік процесті, экспорт еліндегі орташа өнеркәсіп тәжірибесін және басқа да тиісті техникалық факторларды ескерулері тиіс. Тексеру органдары экспорттаушы мүшенің өкілетті органдарының сома салықтардың немесе баж салығының жеңілдіктеріне немесе қайтарымына енгізілген жағдайларда, қалдықтар құнын дұрыс есептеуі туралы мәселе маңызды мәселе болып табылатындығын ескеруі тиіс.
__________________________
61 Өндірістік процесте тұтынылатын материалдар соңғы өнімге нақты кіретін материалдар, өндірістік процесте пайдаланылатын энергия, отын және мұнай, сондай-ақ экспорттық тауарды жасау мақсатында оларды пайдалану процесінде тұтынылатын катализаторлар болып табылады.
III ҚОСЫМША
ЭКПОРТТЫҚ СУБСИДИЯ РЕТІНДЕ ИМПОРТТЫҚ АЛЫМДАРДЫ ҚАЙТАРУ ЖҮЙЕСІН ЖІКТЕУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
I
Импорттық алымдарды қайтару жүйесі басқа тауарды өндіру процесінде тұтынылған материалдарға және осы тауардың экспорты құрамында алмастырылған импорттық материалдар сияқты сапасы және сипаттамалары бар отандық тауарлар болған кезде, импорттық алымдардың орнын толтыруға немесе қайтаруға жол беруі мүмкін. I Қосымшадағы Экспорттық субсидиялардың иллюстративті тізбесінің (i) тармағына сәйкес, алмастыру кезінде импорттық алымдарды қайтару жүйелері қайтару сұратылған импортталған материалдардан бастапқыда алынған импорттық алымдарды шамадан тыс қайтаруға әкеп соғатын экспорттық субсидияны білдіруі мүмкін.
II
Осы Келісімге сәйкес өтемдік тексеру барысында импорттық алымдарды қайтару жүйесін қарастыру кезінде тексеру органдары келесілерді негізге алуы тиіс:
1. Иллюстративті тізбенің (i) тармағы экспортқа арналған тауар өндірісіндегі импорттық материалдарды мұндай материалдар саны бойынша тең, ал сапасы мен сипаттамалары алмастырылатын импорттық материалдар сияқты болатын жағдайда отандық тауарлар алмастыру мүмкін екендігін көрсетеді. Бақылау жүйесінің немесе рәсімінің болуы маңызды фактор болып табылады, өйткені бұл экспорттаушы мүшенің үкіметіне импорттық алымды қайтару сұратылған материалдардың саны осыған ұқсас экспортталған тауарлардың санынан қандай да болмасын нысанда аспайтындығын, және импорттық алымдарды қайтару бастапқыда осы импорттық материалдардан алынған алым сомасынан аспайтындығына кепілдік беруіне және дәлелдеуіне мүмкіндік береді.
2. Егер алмастыру кезінде импорттық алымдарды қайтару жүйесі субсидияны білдіретініне күмән туған кезде, тексеру органдары алдымен экспорттаушы мүшеде бақылау жүйесі немесе рәсімі бар екенін және қолданылатынын анықтауы тиіс. Егер мұндай жүйе немесе рәсім қолданылатындығы анықталса, онда тексеру органдары осы бақылау рәсімдерінің алға қойлыған мақсаттары тұрғысынан орынды, тиімді болып табылатындығына және экспорт еліндегі жалпыға ортақ сауда практикасына негізделетіндігіне көз жеткізуі үшін зерттеуі тиіс. Рәсімдер осындай өлшемдерге жауап береді және тиімді қолданылатындығы анықталғанның деңгейіне орай, бұл ешқандай субсидияның жоқтығын білдіруі тиіс. Тексеру органдары 12 баптың 6 тармағына сәйкес ақпаратты тексеру немесе бақылау рәсімдерінің тиімді қолданылуына көз жеткізу үшін белгілі бір практикалық тестілер жүргізуді қажет деп тануы мүмкін.
3. Егер бақылау рәсімдері болмаған жағдайда, егер олар орынды болмаса немесе егер осындай рәсімдер бар болса және орынды деп саналса, бірақ шындығында олардың қолданылмайтындығы немесе тиімсіз қолданылатындығы анықталса, субсидия орын алуы мүмкін. Бұл жағдайларда экспорттаушы мүшенің шамадан тыс төлемдердің болуын анықтау мақсатыда тиісті нақты мәмілеге негізделген зерттеуді жалғастыруы керек. Егер тексеру органдары мұны қажетті деп таныса, әрі қарай қарастыру 2 тармаққа сәйкес жүргізіледі.
4. Алмастыру кезінде импорттық алымдарды қайтару туралы ереженің болуы субсидияның қолданылуын растау ретінде қарастырмау керек, оған сәйкес экспорттаушыларға алымдарды қайтару сұранатын нақты импорттық жеткізілімдерді таңдауға рұқсат етіледі.
5. Үкіметтер импорттық алымдарды қайтару жүйелеріне сәйкес орны толтырылатын ақша қаражатына пайыздар төлеген жағдайларда (i) тармағының мағынасында импорттық алымдарды қайтару шамадан тыс болып есептелетін еді; бұл ретте нақты төленген немесе төлеуге тиесілі пайыздардың сомасы шамадан тыс болып есептелінеді.
IV ҚОСЫМША
ЖАЛПЫ СУБСИДИЯЛАУ ҚҰНЫН ЕСЕПТЕУ
(6)62 БАПТЫҢ 1(А) ТАРМАҒЫ
1. 6 баптың 1(а) тармағының мақсаттары үшін субсидия мөлшерін кез келген есептеу субсидиялауды жүзеге асыратын үкімет шығыстары негізінде жүргізіледі.
2. 3-5 тармақтарда көзделгендерді қоспағанда, субсидиялаудың жалпы деңгейі тауар құнының 5% артық болуын анықтау кезінде, тиісті тауардың құны субсидия берілген кезеңнің алдындағы сауда туралы деректер бар соңғы 12 айдағы субсидия алушы63 кәсіпорын саудасының жалпы құны ретінде есептеледі64.
3. Егер субсидия осы тауардың өндірісімен немесе саудасымен байланысты болса, тауардың құны алушы кәсіпорынның субсидия ұсынылған кезеңге дейін сауда туралы деректер бар соңғы 12 айдағы осы тауарды жалпы сату құны ретінде есептелінеді.
4. Егер алушы кәсіпорын бастапқы қалыптасу кезеңінде болса, онда егер субсидиялаудың жалпы деңгейі жалпы капитал салымы сомасының 15% асатын болса, мүдделеріне елеулі нұқсан келтірілді деп есептеледі. Осы тармақтың мақсаттары үшін бастапқы қалыптасу кезеңі өндірістің бірінші жыл шеңберінен шықпауы тиіс65.
5. Егер алушы кәсіпорын экономикасы инфляциялық елде орналасқан болса, тауардың құны алушы кәсіпорынның субсидия берілуі тиіс айдың алдындағы 12 айдағы инфляция қарқыны ескеріліп түзетілген, алдыңғы күнтізбелік жылдағы жалпы сауда сомасы ретінде (егер субсидия байланысты болып табылса, тиісті тауардың саудасы ретінде) есептелінеді.
6. Осы жылы жалпы субсидиялау деңгейін анықтау кезінде мүшенің аумағында түрлі бағдарламалар және түрлі билік органдары ұсынған субсидиялар жинақталады.
7. ДСҰ Келісімі күшіне енгізілгенге дейін ұсынылған, пайдасы болашақ өндіріске жатқызылған субсидиялар жалпы субсидия деңгейіне қосылады.
8. Осы Келісімнің ережелеріне сәйкес шаралар қабылдауға негіз бермейтін субсидиялар 6 баптың 1(а) тармағының мақсаттары үшін субсидия сомасын есептеуге кірмейді.
_______________________
62 Қажеттілігіне қарай мүшелер осы Қосымшада айтылмаған немесе 6 баптың 1(а) тармағының мақсаттары үшін нақтылауды талап ететін мәселелер бойынша келісім жасауы керек.
63 Алушы кәсіпорын – бұл субсидиялаушы мүшенің аумағында орналасқан кәсіпорын.
64 Салық сипатындағы субсидия жағдайында тауардың құны алушы кәсіпорынның осындай салық субсидиясы ұсынылған қаржы жылындағы жалпы саудасының құны ретінде есептеледі.
65 Бастапқы қалыптасту кезеңіне осы тауарды әзірлеу немесе субсидияны пайдаланатын тауарлар өндірісі үшін қуат жасау бойынша қаржылық міндтеттемелер қабылданған, бірақ өндіріс әлі басталмаған жағдайлар кіреді.
V ҚОСЫМША
МҮДДЕЛЕРГЕ ЕЛЕУЛІ НҰҚСАН КЕЛТІРУГЕ ҚАТЫСТЫ
АҚПАРАТ АЛУ РӘСІМДЕРІ
1. Әрбір мүше 7 баптың 4-6 тармақтарында көзделген рәсім негізінде аралық топ зерттейтін дәлелдемелерді жинақтауда ынтымақтастықпен қатысады. 7 баптың 4 тармағының ережелеріне сүйенгеннен кейін бірден дау тарабы мен кез келген үшінші мүдделі мүше-ел ДШО-ға олардың аумағында осы ережені орындауға жауапты ұйым туралы, сондай-ақ ақпарат ұсыну жөніндегі сұрауларды орындау үшін қарастырылған рәсімдер туралы хабарлайды.
2. 7 баптың 4 тармағына сәйкес дау ДШО-ға берілген жағдайда, ДШО сұрау алғаннан кейін субсидиялаушы мүшенің үкіметінен субсидиялаудың қолданылуын және мөлшерін, субсидия пайдаланатын кәсіпорын саудасының жалпы құнын анықтауға қажетті ақпаратты, сондай-ақ субсидияланған тауарлар туғызған қолайсыз салдарды талдауға қажетті ақпарат алу үшін рәсімді бастайды66. Қажет болған жағдайда бұл рәсімге ақпарат алу мақсатында, сондай-ақ VII67 бөлімде көзделген хабарландыру рәсімдерінің арқасында дау тараптарында бар ақпаратты нақтылау үшін субсидиялаушы мүшенің және арыз берген мүшенің үкіметіне сұрақтар жіберу кіруі мүмкін.
3. Үшінші елдердің нарығына ықпал ету жағдайларында, дау тарабы ақпарат жинауға құқылы, оның ішінде арыз берген мүшеден немесе субсидиялаушы мүшеден басқаша түрде алу мүмкін емес, қолайсыз салдарын талдауға қажетті сұрақтарды үшінші мүше елге жібере алады. Бұл талапты үшінші мүше-елге шамадан тыс қиындық туғызбайтын етіп орындау керек. Атап айтқанда, мұндай мүшеден арнайы осы мақсатта нарыққа немесе бағаларға талдау жүргізу талап етілмейді. Оның иелігінде бар немесе осы мүше оңай алуы мүмкін ақпарат ұсынылуы тиіс (мысалы, статистикалық қызмет дайындап қойған, бірақ әлі жарияланбаған соңғы статистика; кеденнің импорттың құны және осы тауарлардың жарияланған құны туралы деректері және т.с.с). Алайда, егер дау тараптарының бірі өз есебінен нарықты зерттеуді бастаған болса, мұндай зерттеуді жүзеге асыратын тұлғаның немесе кәсіпорынның міндетін үшінші мүше-елдің билігі жеңілдетуі тиіс, және осындай тұлғаға немесе кәсіпорынға әдетте үкімет құпия ретінде қарастырмайтын барлық ақпаратқа қол жеткізе алады.
4. ДШО ақпарат жинақтау процесін жеңілдетуге уәкілетті өкілді тағайындайды. Осы өкілдің бірден-бір мақсаты дау нысанын көпжақты деңгейде әрі қарай жылдам қарастыруды жеңілдетуге қажетті ақпараттың үнемі жаңартылып отыруын қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, өкіл қажетті ақпаратты сұратудың ең тиімді тәсілдерін ұсынуға, сондай-ақ тараптардың ынтымақтасуына ықпал етуге құқылы.
5. 2-4 тармақтарда сипатталған ақпаратты жинақтау процесі 7 баптың 4 тармағына сәйкес ДШО-ға дау тапсырылған күннен бастап 60 күн ішінде аяқталады. Осы процесс барысында алынған ақпарат Х бөлімнің ережелеріне сәйкес ДШО құрған аралық топқа ұсынылады. Бұл ақпаратқа, inter alia, осы субсидияның мөлшеріне қатысты деректерді (және орынды болған жағдайда, субсидия алатын кәсіпорындардың жалпы сауда құнын), субсидияланған тауардың бағасын, субсидияланбаған тауардың бағасын, осы нарықтағы басқа жеткізушелердің бағаларын, осы нарықтағы субсидияланған тауар ұсынысындағы өзгерістерді және нарықтық үлестегі өзгерістерді қосу керек. Сонымен қатар, оған теріске шығаратын дәлелдерді, сондай-ақ аралық топ қорытынды дайындау процесінде орынды деп таныған қосымша ақпаратты қосу керек.
6. Егер субсидиялаушы мүше және/немесе үшінші мүше-ел ақпаратты жинау процесінде ынтымақтастықпен қатыспаса, онда арыз берген мүше иелігіндегі дәлелдерге негізделген, мүдделеріне елеулі нұқсан келтірудің болуына өз негіздемелерін, сондай-ақ субсидиялаушы мүше және/немесе үшінші мүше елдің тарабынан ынтымақтастық жасаудан бас тартуына жататын фактілер мен жағдайларды ұсынады. Егер ақпарат субсидиялаушы мүшенің және/немесе үшінші мүше-елдің тарабынан ынтымақтасудан бас тартуға байланысты алынбаған болса, онда аралық топ қажеттілігіне орай қолдағы бар ақпаратқа сүйене отырып, құжатты жасауды аяқтауға құқылы.
7. Аралық топ ұйғарым шығару кезінде ақпарат жинақтау процесіне тартылған кез келген тараптың ынтымақтасудан бас тару фактілерінен қолайсыз қорытындылар жасауы керек.
8. Қолдағы бар ақпаратты немесе қолайсыз қорытындыларды пайдалану туралы шешім қабылдай отырып, аралық топ 4 тармаққа сәйкес тағайындалған ДШО өкілінің ақпарат туралы кез келген сұратудың негізділігіне, сондай-ақ тараптардың осы сұратуды ынтықмақтастықта және уақтылы қанағаттандыруға күш салуына қатысты пікірін ескереді.
9. Ақпарат жинақтау процесінде ештеңе аралық топтың дауды тиісті шешуге қажетті деп санайтын және процесс бойы жеткілікті сұратылмаған және пайдаланылмаған қосымша ақпаратты сұрату мүмкіндігін шектей алмайды. Алайда әдеттегі жағдайда ақпарат нақты тараптың позициясын қолдайтын болса және осындай ақпараттың істе болмауы осы тараптың ақпаратты жинау процесінде ынтымақтасудан негіздемесіз бас тарту нәтижесі болып табылса, аралық топқа істі аяқтау үшін қосымша ақпаратты сұрату керек емес.
______________________________
66 Мүдделерге елеулі нұқсан келтірудің дәлелденуі тиіс жағдайларда.
67 ДШО ақпаратты жинау процесін өзінің сипаты бойынша құпия болып табылатын немесе осы процеске тартылған кез келген мүше құпия түрде ұсынған ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырады.
VI ҚОСЫМША
12 БАПТЫҢ 6 ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС СОЛ ЖЕРДЕ ТЕКСЕРУ РӘСІМДЕРІ
1. Тексеру басталғанан кейін экспорттаушы мүшенің өкілетті органдарына және белгілі мүдделі кәсіпорындарға сол жерде тексеру жүргізу ниеті туралы хабарландырылуы тиіс.
2. Егер айрықша жағдайларда тексеру жүргізетін топқа үкіметтік емес сарапшыларды тарту көзделетін болса, онда бұл туралы экспорттаушы мүшенің кәсіпорындарына және құзыретті органдарына хабарлау керек. Құпиялылықты сақтау туралы талап бұзылған жағдайда, мұндай үкіметтік емес сарапшыларды тиімді жазалау керек.
3. Келу мерзімін түпкілікті келіскенге дейін экспорттаушы мүшедегі тиісті кәсіпорындардың анық келісімін алу қалыпты практика болуы тиіс.
4. Тиісті кәсіпорындардың келісімін алғаннан кейін тексеру органдары экспорттаушы мүшенің құзыретті органдарына баруға ниет білдірген кәсіпорындардың атауы мен мекенжайын, сондай-ақ келісілген күндерін дереу хабарлауы тиіс.
5. Осы кәсіпорындарға келу туралы алдын-ала хабарландырылуы тиіс.
6. Сауалнаманы нақтылау мақсатындағы сапарлар экспорттаушы кәсіпорындардың өтініші бойынша ғана қабылдануы тиіс. Мұндай өтініш жағдайдында тексеру органдары кәсіпорындардың қарамағында болады. Мұндай сапар егер (а) импорттаушы мүшенің өкілетті органдары осы мүше үкіметінің өкілдеріне хабарласа және (b) соңғылары бұған қарсы болмаса ғана өткізіледі.
7. Сол жерде тексеру жүргізудің басты мақсаты ұсынылған ақпаратты тексеру немесе толығырақ мәліметтер алу болғандықтан, егер мүдделі кәсіпорын кері тәртіпке келісім бермесе, ал экспорттаушы мүшенің үкіметіне тексеру органдары күтілетін сапар туралы хабарласа және ол қарсы болмаса, оны сауалнамаға жауаптар алынғаннан кейін жүргізу керек; оған қоса, келуге дейін осы кәсіпорынға тексеруге тиесілі ақпараттың, сондай-ақ ұсыну талап етілен кез келген басқа ақпараттың жалпы сипаты туралы хабарлау қалыпты практикаға айналуы тиіс, бірақ бұл сол жерде алынған ақпарат аясында әрі қарай толық ақпарат сұратуды жоққа шығармайды.
8. Сұратуға немесе сол жерде сәтті тексеру жүргізу үшін маңызы бар, өкілетті органдар немесе экспорттаушы мүшелердің кәсіпорындары қойған сұрақтың жауаптарын мүмкіндігінше келуде дейін жіберген жөн.
VII ҚОСЫМША
27 БАПТЫҢ 2(а) ТАРМАҒЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН ДАМУШЫ МҮШЕ-ЕЛДЕР
3 баптың 1(а) тармағының ережелеріне жатқызылмаған дамушы мүше-елдерге 27 баптың 2(а) тармағының шарттарына сәйкес, келесілер кіреді:
(а) БҰҰ анықтаған және ДСҰ мүшелері болып табылатын неғұрлым аз дамыған елдер;
(b) ДСҰ мүшелері болып табылатын, халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ жылына 1000 долл. жеткен кезде 27 баптың 2(b) тармағына сәйкес басқа дамушы мүше-елдерге қолданылатын ережелердің әрекеті таралуы тиіс, келесі дамушы елдердің әрқайсысы68: Боливия, Камерун, Конго, Кот-д'Ивуар, Доминикан Республикасы, Египет, Гана, Гватемала, Гайана, Үндістан, Индонезия, Кения, Марокко, Никарагуа, Нигерия, Пәкістан, Филиппин, Сенегал, Шри-Ланка және Зимбабве.
__________________________
68 (b) тармағындағы дамушы мүше-елдерді тізбеге енгізу Дүниежүзілік банктің жан басына шаққандағы ЖҰӨ мөлшері туралы соңғы деректеріне негізделген.