"Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 524 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрі,
Манкешов Шынтас Жалғасұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы;
аталған комиссия құрамынан О.И.Жұмабеков, Н.В.Белоруков шығарылсын;
"Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Мұхаметжанов - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Әлімұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
төраға";
өкімнің 2-тармағындағы "1 мамырға" деген сөздер "1 желтоқсанға" деген сөздермен алмастырылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті