Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары мен инспекциясының құрамы осы өкімге 1-8 қосымшаларға сәйкес лауазымдар бойынша бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мына өкімдеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 120 өкіміне :
1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
6) "экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиялар құрылсын.";
2-тармақ алып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссияларының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 25 наурыздағы N 320 өкіміне :
2-тармақ алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
1 ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Сыртқы істер министрі (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
комиссия мүшелері:
Президент Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі
Сыртқы істер министрінің орынбасары
Қорғаныс министрінің орынбасары
Индустрия және сауда вице-министрі
Көлік және коммуникация вице-министрі
Қаржы вице-министрі
Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Барлау" қызметінің директоры
2 ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 06.05.2013 № 561 Жарлығымен.
Қорғаныс министрі (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
комиссия мүшелері:
Республикалық ұланның қолбасшысы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры
Сыртқы істер министрінің орынбасары
Индустрия және сауда вице-министрі
Төтенше жағдайлар вице-министрі
Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы
3 ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ішкі қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
комиссия мүшелері:
Бас Прокурордың орынбасары
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
Ішкі істер вице-министрі
Әділет вице-министрі
Білім және ғылым вице-министрі
Денсаулық сақтау вице-министрі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Төтенше жағдайлар вице-министрі
4 ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Премьер-Министрдің орынбасары (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
комиссия мүшелері:
Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
Ұлттық банк Төрағасының орынбасары
Бас Прокурордың орынбасары
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Индустрия және сауда вице-министрі
Көлік және коммуникация вице-министрі
Қаржы вице-министрі
Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі
5 ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Қоршаған ортаны қорғау министрі (комиссия төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
комиссия мүшелері:
Бас Прокурордың орынбасары
Қорғаныс министрінің орынбасары
Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Білім және ғылым вице-министрі
Денсаулық сақтау вице-министрі
Индустрия және сауда вице-министрі
Төтенше жағдайлар вице-министрі
Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі
Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары
6 ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасы)
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (комиссия төрағасының орынбасары)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (комиссия хатшысы)
комиссия мүшелері:
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары
Сыртқы істер министрінің орынбасары
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Барлау" қызметінің директоры
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары - барлау бас басқармасының бастығы
Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы
7 ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің дағдарысты ахуалдарда басқару жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Президент Әкімішілігінің Басшысы (комиссия төрағасы)
Президент көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (комиссия төрағасының орынбасары)
комиссия мүшелері:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Сыртқы істер министрі
Қорғаныс министрі
Ішкі істер министрі
Әділет министрі
Мәдениет және ақпарат министрі
Төтенше жағдайлар министрі
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі
Президент баспасөз хатшысы
8-ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 21 қаңтардағы N 292 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясының
ҚҰРАМЫ
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 06.05.2013 № 561 Жарлығымен.
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары (инспекция төрағасы)
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының қызметкері (инспекция хатшысы)
инспекция мүшелері:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (Қаржы полициясы) төрағасының орынбасары
Қорғаныс министрінің орынбасары
Ішкі істер вице-министрі
Әділет вице-министрі
Қаржы вице-министрі
Төтенше жағдайлар вице-министрі
Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасары
Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары
Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі
Бас әскери прокурордың орынбасары
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары - Бас штабтың бастығы
Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штабтың бастығы
Қорғаныс министрлігі бас инспекциясының бастығы.