Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 52, 507-құжат; 2001 ж., № 23, 283-құжат; 2006 ж., № 50, 530-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 30, 292-құжат; № 48, 543-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат, № 29, 249-құжат; 2010 ж., № 40, 355-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Клаус Дидрихс - «Джей Пи Морган» Инвестициялық
банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және
Африка бойынша директорлар
кеңесінің төрағасы
Лакшми Венкатачалам - Азия Даму Банкінің вице-президенті
Пьер Франческо - «Финмекканика Групп» компаниясының
Гуаргалини төрағасы және бас атқарушы
директоры
Серіков - Қазақстан Республикасы Индустрия
Асылхан Жұмағалиұлы және жаңа технологиялар министрлігі
Инвестиция комитетінің төрағасы
Фердинанде - «Дженерал Электрик» компаниясының
Беккалли-Фалко президенті және бас атқарушы
директоры
Франс Мюллер - «Метро Кэш энд Кэрри Интернэшнл»
компаниясының басқарма төрағасы;
көрсетілген Кеңестің құрамынан Т.М.Жақсылықов, Лорд Робин Ренвик, Шаою Жао шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев