«Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 16 қаңтардағы № 2775 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 16 қазандағы Конституциялық заң күші бар № 2529 Жарлығының» деген сөздер «1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы № 2529 Конституциялық заңының» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы ереже осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2013 жылғы
29 сәуірдегі № 201 өкіміне
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1996 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2775 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсету тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуді «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.
2. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, Парламент депутаттарына кезекші жеңіл автомобильдермен және автобустармен қызмет көрсетіледі.
3. Парламент Палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарларына, сондай-ақ тұрақты комитеттер төрағаларына дербес бекітілген автомашиналармен қызмет көрсетіледі.
4. Автомашиналар қызмет бабында жүріп-тұру үшін және Қазақстан Республикасы астанасының шегінде ғана беріледі.
5. Осы Ереженің 2-тармағында аталған Парламент депутаттарына айына 75 сағат мөлшерінде автокөлікті пайдалану лимиті белгіленеді.
6. Қызмет бабында жүріп-тұру үшін кезекші автомашиналар жұмыс күндері 8-ден 20 сағатқа дейін, ал 20 сағаттан кейін, оның ішінде демалыс күндері әуежайға (аэровокзалға), теміржол немесе автомобиль вокзалдарына (станцияларына) бару үшін ғана пайдаланылады.
7. Демалыс пен мереке күндері және қызмет бабынан тыс жүріп-тұру үшін автокөлік белгіленген тарифтер бойынша ақы төлеу арқылы бөлінеді.
8. Палаталар төрағаларын, олардың орынбасарлары мен тұрақты
комитеттер төрағаларын қоспағанда, Парламент депутаттарын жұмыс және
тұрғылықты орындарына жеткізу үшін жеңіл автомобильдер мен автобустар
бөлінеді.
9. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
автокөлік құралдарының санын, жеңіл автомобильдер мен автобустардың қозғалыс маршруттарын, автокөлікті пайдаланғаны үшін ақылы қызмет көрсету тарифтерін белгілейді және оның мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.