1. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына сайлау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясы 2022 жылғы 28 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |