Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 153 өкімі.

      1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

      Сәбит Ғалымұлы Малдыбаевқа – "Казахстанская правда" республикалық газетінің бас редакторы, отандық журналистикаға қосқан үлесі үшін;

      Бауыржан Бабажанұлы Өтеулиевке – "Turkistan" халықаралық газетінің бас редакторы, бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін;

      Елена Андреевна Преображенскаяға – "Интерфакс-Қазақстан" ақпараттық агенттігі" ЖШС бас редакторы, интернет кеңістігінде ақпарат таратуға қосқан үлесі үшін;

      Төлен Зәрубайұлы Тілеубайға - "Astana aqshamy" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шеф-редакторы, отандық журналистиканы мазмұндық және әдістемелік тұрғыдан жетілдіруге қосқан үлесі үшін берілсін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

      Ақерке Бағдабекқызы Бектасқа – "Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Ақорда" бағдарламасының авторы – продюсері, Мемлекет басшысының қызметі туралы ақпаратты жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;

      Динара Киікбайқызы Жанбатыроваға – "Хабар" агенттігі" АҚ арнайы тілшісі, Қазақстан телевизиялық журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін;

      Әнуар Әлиұлы Кәрібозовқа – "Jibek joly" телеарнасының тілшісі, Қазақстан телевизиялық журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін;

      Гүлсезім Ерболатқызы Бияшеваға – "Орал өңірі" газеті бас редакторының орынбасары, өңірлік баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан үлесі үшін тапсырылсын;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:

      "24KZ" телеарнасының шығармашылық ұжымына – мемлекеттік саясатты жан-жақты түсіндіргені үшін;

      "Литер" республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамаларды түсіндіруге қосқан 20 жылдық үлесі үшін;

      "Baq.kz" ақпараттық агенттігінің шығармашылық ұжымына – интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісіне қосқан үлесі үшін;

      "Ақтөбе" облыстық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына - еліміздің және өңірдің қоғамдық-саяси өмірін жариялап, көрсетуге қосқан ғасырлық үлесі үшін жариялансын.

      2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О присуждении премий, вручении грантов и объявлении Благодарности Президента Республики Казахстан в области средств массовой информации

Распоряжение Президента Республики Казахстан от 25 июня 2024 года № 153

      1. Учитывая значительную роль средств массовой информации в информационном обеспечении социально-экономического и общественно-политического развития страны, рассмотрев рекомендации Общественной комиссии по присуждению премий, вручению грантов и объявлению Благодарности Президента Республики Казахстан в области средств массовой информации:

      присудить премии Президента Республики Казахстан в области средств массовой информации:

      Малдыбаеву Сабиту Галымовичу – главному редактору республиканской газеты "Казахстанская правда" за вклад в развитие отечественной журналистики;

      Утеулиеву Бауыржану Бабажановичу – главному редактору международной газеты "Turkistan" за вклад в развитие средств массовой информации;

      Преображенской Елене Андреевне – главному редактору ТОО "Информационное агентство "Интерфакс-Казахстан" за вклад в распространение информации в интернет-пространстве;

      Тілеубай Төлен Зәрубайұлы – шеф-редактору республиканской общественно-политической газеты "Astana aqshamy" за вклад в совершенствование содержания и методики отечественной журналистики;

      вручить гранты Президента Республики Казахстан в области средств массовой информации:

      Бектас Ақерке Бағдабекқызы – автору – продюсеру программы "Акорда" национального телеканала "Qazaqstan" за всестороннее освещение информации о деятельности Главы государства;

      Жанбатыровой Динаре Кикпаевне – специальному корреспонденту АО "Агентство "Хабар" за вклад в развитие телевизионной журналистики Казахстана;

      Карбозову Ануару Алиевичу – корреспонденту телеканала "Jibek joly" за вклад в развитие телевизионной журналистики Казахстана;

      Бияшевой Гульсезим Ерболатовне – заместителю главного редактора газеты "Орал өңірі" за вклад в развитие региональных печатных средств массовой информации;

      объявить Благодарность Президента Республики Казахстан в области средств массовой информации:

      творческому коллективу телеканала "24kz" за всестороннее разъяснение государственной политики; творческому коллективу республиканской общественно-политической газеты "Литер" – за 20-летний вклад в разъяснение общественно-политических и социально-экономических инициатив;

      творческому коллективу информационного агентства "Baq.kz" – за вклад в распространение информации в интернет-пространстве;

      творческому коллективу областной общественно-политической газеты "Ақтөбе" – за вековой вклад в освещение общественно-политической жизни страны и региона.

      2. Настоящее распоряжение опубликовать в средствах массовой информации.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев