Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын iске асыру мақсатында:
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн:
Қазақстан Республикасының заңдарын "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына
U952717_
сәйкес келтiру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
мемлекеттiк органдардың "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн өз нормативтiк актiлерiн қайта қарап, күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жер инспекциясын құру туралы ұсыныстар енгiзсiн;
2) мыналарды әзiрлеп,бекiтетiн болсын:
Мемлекеттiк жер кадастры және Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру туралы ереже;
Жердi қайта бөлу қорын құру тәртiбi туралы ереже;
Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары және бұларды басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы ереже;
Жердi алған кезде шығындарды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеудiң тәртiбi мен мөлшерi туралы ереже;
Қызмет бабында жер үлесiн алуға құқығы бар қызметкерлер санатының тiзбесi;
Ластанған және бүлiнген жерлердi алудың, қорғау мен пайдаланудың тәртiбi туралы ереже;
3) "Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары туралы" заң актiсiнiң жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлеп, ұсынатын болсын;
4) 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн: Жердi меншiкке, тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берудiң тәртiбi мен нормаларын; Жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттардың нысанын; Мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер үшiн ставкаларының мөлшерiн; Азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлетiн жер учаскелерiнiң шектi мөлшерiн; Жер учаскелерiн мемлекет мұқтажы үшiн алудың және сатып алудың тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi